Материалды балансты жалпы процеске немесе оның жеке кезеңдеріне жасайды. Баланс жүйе үшін жалпы немесе оған кіретін компоненттердің біреуі бойынша жасалуы мүмкін. Сол сияқты 1 сағатқа, 1 тәулікке немесе периодты процесте бір операцияға жасалуы мүмкін

Энергетикалық теңгерім
Бұл баланс энергияның сақталу занының негізінде жасалады, бұл заң бойынша процеске енгізілген энергия мөлшері бөлінген энергия мөлшеріне тең, яғни келген энергия шығындалған энергияға тең.
Энергетикалық баланстың бөлігі болып жылу баланс келеді, ол төмендегі теңдеу бойынша есептеледі:
Енгізілген жылуды:
Qn= Q1 + Q2 + Q3
мұнда Q1 — бастапқы заттармен енгізілетін жылу; Q2 — сырттан кіретін жылу, мысалы аппаратты жылытатын жылу тасымалдауышпен; Q3 — физикалық немесе химиялық ауысулардың жылу эффектісі (егер жылу процесте жұтылса, бұл мән кері таңбамен болу керек).
Процестер мен аппараттардың қарқындылығы. Химиялық технологияның процестерін есептеу және анализдеу үшін материалды және энергетикалық баланс мәндерінен басқа процестер мен аппараттардың қарқындылығын білу қажет.

Негізгі процестердің барлығы (гидродинамикалық, жылу, масса алмасу және т.б.) кейбір қозғаушы күштердің әсер етуімен жүруі мүмкін, ол гидромеханикалық процестер үшін қысым айырмашылығымен, жылу алмасу процестер үшін – температура айырмашылығымен, масса алмасу процестерінде — заттардың концентрациясының айырмашылығымен анықталады.
Процесс нәтижесіретінде зат массасымен М немесе берілген жылу мөлшерімен сипатталатын шаманы алуға болады. Ол қозғаушы күшке (), уақытқа () және А шамасына пропорционал. Бұл шама ретінде масса және энергия алмасу өтетін жұмыстық беттік қабат, жұмыстық көлем де алынады. Осыған байланысты кез-келген процестің теңдігі келесі түрде болады:
М=KA ()() (1)
К – пропорционалдық коэффициент, процесс жылдамдығын сипаттайды. Сондықтан ол кинетикалық коэффициент.