Проективті әдістер



бет3/9
Дата09.04.2022
өлшемі62,64 Kb.
#138609
1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Үй салыңыз» тесті
Бұл тест кең таралған тесттердің бірі.
Нұсқау: «Үй» деген сөзді естігенде, сіздің қиялыңызда қандай сурет пайда
болды, соны бірден салыңыз.
Қалалық үй.
Көп қабатты ғимарат. Бұл суретті көп адамдар сала бермейді. Себебі,
барлық адамдар «идеалды» үй салуға талпынады. Бұл сурет өз мәселелерін
ешкіммен бөліспейтін, өз-өзімен жүретін тұйық мінезді адамдарды көрсетеді.
Кішкентай аласа үй.
Шатырды аласа салған адам өзін шаршаған адам деп есептейді. Өткен
өмірінде еске алатындай жағымды сәттер болмаса да, өткенді еске түсіргенді
жақсы көретін адам.
Сарай (замок).
Мұндай сурет мінездегі жұмсақтықты, салмақсыздықты, жеңілтектікті
білдіреді. Адамның аса қиялдылығын көрсетеді. Өз міндеттерін орындап
үлгере алмайтындар.
Кең ауылдық үй.
Өз тұрғын үй орынын кеңейту қажеттілігін білдіреді. Егер осындай үй
салған адам жалғыз, баласыз болса, онда оның жанұясының құрып, бала
өсіру қажеттілігін көрсетеді. Егер үйді темір қорған қоршап тұрса, онда олтұйық мінезді білдіреді. Ал егер үй айналасында тоғай, гүлдер болса, ол
керісінше, басқаларға деген сенімділікті көрсетеді.
Терезелер.
Үлкен терезе – ашықтық, мейірбандықты білдіреді. Бір немесе бірнеше
кішкентай терезелер, торлы терезелер – тұйықтық, комплекстің барлығын,
сараңдықты, басқаларға ешнәрсе бермеу, олардан бір нәрсе алмау қасиетінің
белгісі.
Есіктер.
Егер есік үйдің ортаңғы бөлігінде орналасса, қонақжайлылық пен ашық
жарқындықты білдіреді. Шатырлы есік – кең пейілділік пен өзіне сенімділікті
білдіреді. Ашық есік – ашықтық.. Жабық есік – тұйықтық.. Егер есік
қабырғаға жақын болса, қарым – қатынастың жетіспеушілігін білдіреді.
Мұндай адамдар контактіге тез түсе алмайды. Егер есік тым үлкен болса,
жеңілтектікті, сонымен қатар аса кең пейілділікті білдіреді.
Мұржалар.
Мұржаның жоқ болуы – сенімсіздіктің белгісі. Түтінсіз мұржа - өмірге разы
болмау, өмірден көңіліқалғандықты білдіреді. Түтінді мұржа –
кеңпейілділіктің белгісі. Мұржада ұсақ бөлшектер, кірпіш салынса - өмірлік
оптимизмді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет