Профессинальный казахский язык рабочая программа



бет2/2
Дата21.04.2017
өлшемі431,8 Kb.
#14226
түріРабочая программа
1   2

Бакалавр деңгейіндегі студенттерді дайындауда «Қазақ тілі» пәні міндетті түрде оқылатын пәндердің бірі болып табылады. Қарастырылып отырған силлабус қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда деңгейлік, коммуникативті-бағдарлы оқыту әдістемесіне сәйкес, орташа (А1, А2, В1, В2) деңгей бойынша оқитын орыс бөлімі 5В080500 «Су ресурстары және суды пайдалану», 5В042000 «Сәулет өнері», 5В042100 «Дизайн», 5В042900 «Құрылыс» мамандықтары бакалаврларына арналған. Курстың мазмұны қазақ тілін мәдениаралық, болашақ кәсіптік қызметінде кәсіби-іскерлік қатынас құралы ретінде игеруді қамтамасыз етуге бағытталған.





    1. Оқылатын пәнге сипаттама

Қазақ тілі пәні жалпы білім беру пәндерінің ішінде міндетті түрде оқылатын пәндердің бірі. Курс көлемінде студенттер қазақ тілінің грамматикасын толық меңгеріп, тілдік дағдыларын байытады. Оқытуда студенттердің мамандыққа байланысты сөздік қорын дамыту, жетілдіру негізгі мақсат болып табылады.


1.2 Пәнді оқытудағы мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдылану; қоғамдық саяси, әлеуметтік, кәсіби-іскерлік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; кәсіби бағдарлы мәтіндерден қажетті ақпаратты тауып, оны сипаттауға, талдауға үйрену.

Қазақ тілін үйрену нәтижесiнде типтік бағдарламада қарастырылғандай, орташа ( А1, А2, В1, В2 ) деңгей көлемінде студенттер:

1. Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымының негізгі заңдылықтары мен лексикалық құрылымы ерекшеліктерін меңгерулері;

2. Типтік бағдарламада көрсетілген талаптарға сай кәсіби білім біліктілігіне, дағдысына қажетті минимумды меңгерулері: а) оқылымның барлық түрлерін игеруі; б) диалог, монолог, полилог түріндегі баяндалған мәтіннің мазмұның түсініп тыңдауы, сондай-ақ тыңдау арқылы сөйлеу біліктілігін жетілдіруі; в) қатысымдық міндеттерді орындауда типтік бағдарламада көрсетілгендей тіл дамытуға қажетті минимумды (сұхбат құра білуді, пікірталас жүргізе білуді, сипаттама, хабарлама жасай білуді) игеруі; г) фонетика, орфография, грамматика, лексика тұғысынан типтік бағдарламада көрсетілген минимум көлемінде сауатын жетілдіруі қажет.


1.3 Пәнді меңгеру нәтижелері
Білімі (мысалы):

Білім алушылар білуге тиіс:



  • грамматикалық білімдерін, жазбаша сауаттылықтарын арттыру;

  • терминдерді меңгерту;

  • студенттердің сөздік қорларын жетілдіру.

Дағдылары:

- қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

- қоғамдық саяси, әлеуметтік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;


  • теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;

  • қазақ тіліндегі әр түрлі мәліметтерді оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру.

Құзыреттері:

Түйінді құзыреттер болып табылады:



  • сөйлеу әрекеттерінің түрлерін жүзеге асыру;

  • студенттердің білімдерін практикалық жолмен меңгерту;

  • ақпараттарды саралауға, оларды орнымен қолдана алу;

  • орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау.


1.4 Пререквизиттар
Қазақ тілі пәнін оқу үшін студентке келесі пәндер бойынша білім қажет: қазақ тілінен орта мектеп бағдарламасы бойынша алынған білімі, орыс және шет тілінен, мамандықтану пәнінен.
1.5 Постреквизиттар
Қазақ тілі бойынша алған білімі өзге тілдерді үйренуде, мамандық бойынша пәндерді, «Кеңселік және құжаттамалық жұмыс негіздері», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәндерін оқытуда қажет болады.
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырып атауы, оның мазмұны

Көп еңбекті қажет ететін пән, сағат

Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Тәжірибелік сабақтар

1 семестр Негізгі деңгей

Тақырып 1







Тәуелсіз Қазақстан.

Л.Т.: Менің елім – егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының рәміздері.

Г.Т.: Фонетика.Үндестік заңы. Буын түрлері. Тасымал. Екпін. Дыбыстардың үндесуі.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтінмен жұмыс. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу. 3. Студенттердің білім деңгейін тексеру тесін өткізу


2 сағ.

1. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994.

2. Мұратбекова А, Әлмұрзина Г. Қазақ тілі. –Өскемен: ШҚМТУ, 2011.



Тақырып 2







Тәуелсіз Қазақстан.

Л.Т.: Қазақ тілі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.

Г.Т.: Зат есімнің жалғаулары. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру.

3. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау.


2 сағ.


1. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994.

2. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

3. Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі (оқулық) –Алматы: 2012.


Тақырып 3







Мен және қоршаған орта.

Л.Т.: Қазіргі жастардың қоғамға қосатын үлесі. Астананың – Бәйтерек монументі. Менің отбасым.

Г.Т.: Тәуелдік жалғау. Зат есім, грамматикалық категориялары. Көмекші есімдер.

1. Мамандыққа байланысты терминдер. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру.


2 сағ.

1.Бельгинова Ә.К., Оқасова Б.Қ. Қазақ тілі. - Өскемен, 2009.

2.БектұровШ., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994.

3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.


Тақырып 4







Мен және қоршаған орта.

Л.Т.: Қоғам және жастар.

Г.Т.: Септік жалғау. Жай және тәуелді септеу. Етістіктің осы шағы. Жай және күрделі түрлері.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру.

3.Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау.



2 сағ.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Байбатанова Ф. И. Қазақ тілі (студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау) Өскемен, 2012.



Тақырып 5







Мен және қоршаған орта.

Л.Т.: Техникалық білім ошағы. Біздің топ.

Г.Т.: Келер шақ. Келер шақ түрлері.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, мәтін құрастыру, сұхбат жасау.


2 сағ.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). – Алматы: Әділет, 1998.

2. Бельгинова Ә.К., Оқасова Б.Қ. Қазақ тілі. - Өскемен, 2009.




Тақырып 6







Қазақ халқының өнері мен мәдениеті.

Л.Т.: Қазақстанның мәдениеті және жаhандану. Тарихи-мәдени ескерткіштер. Көне түркі ескерткіштері. Берел ескерткіштері.

Г.Т.: Көмекші сөздер. Тұрақты сөз тіркестері, жасалуы. Болымсыз етістік. Сөздің көп мағыналылығы.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар. Мамандыққа байланысты терминдермен жұмыс.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру.

3.Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау.

4. Қорытынды бақылау.


2 сағ.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Зайсанбаева Г.Н. Қазақ тілі (негізгі деңгей) оқу құралы –Өскемен, 2009.

3. Советова З.С., Жанәбілова А.К. Қазақ тілі (Сәулет-Құрылыс факультетінің мамандықтарында оқитын студетттерге арналған мәтіндер жинағы). – Өскемен, 2008.


Тақырып 7







Қазақстанның көне қалалары.

Л.Т.: Қазақстанның көне қалалары. Отырар, Түркістан, Тараз, Сайрам, Самарқан қаласы.

Г.Т.: Рай категориясы. Ашық рай. Бұйрық рай. Синонимдер.

1. Тақырыпқа байланысты жаттығуларды орындау.

2. Берілген мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру, сұхбат құрастыру.

3. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс (аудару, мазмұндау), сұхбат жасау. Ағымдағы бақылау.



2 сағ.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі (оқулық) –Алматы: 2012

3. Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған Ө.Тұрманжанов. - Алматы, 1993.


Тақырып 8







Қазақ өнері.

Л.Т.: Сурет өнері. Зергерлік өнері. Қолөнер. Қазақ ұлттық театры. Кино өнері.

Г.Т.: Үстеу, мағыналық түрлері. Шылау сөздер туралы түсінік. Септеулік шылаулар. Жалғаулықтар. Демеулік шылаулар.

1. Мәтіннен үстеулерді тауып, мағыналық түрлеріне қарай топтау. 2. Мәтінді аудару, мазмұндау.



1 сағ.

1. Мұса А.О., Төленов І.М., Е.Қ.Құдайбергенов, Дәркенбаева Г.Қ. Қазақ тілі.- Алматы, 2003.

2. Мурзалина Б., Нуркеева С. Қазақ тілі учебное пособие для интенсивного обучения казахскому языку. Алматы, 1998.



Тақырып 7










СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ (СОӨЖ)

1 семестр Негізгі деңгей

Тақырып 1







Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан Республикасының тіл саясаты. ҚР Тілдер туралы заңы. Мемлекеттік тілдің қолдану аясы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Рәміз туралы ұғым. “Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор” мәтіні бойынша сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, әңгіме жүргізу. «Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасау.

1,2 апта 4сағ.

1. Бельгинова Ә.К., Оқасова Б.Қ. Қазақ тілі. - Өскемен, 2009.

2. Шаймерденов Е. Қазақ елінің рәміздері. – Алматы: Балауса, 1993.



Тақырып 2







Қазақ тілі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі мәтіндері бойынша мәтінге дейінгі және мәтіннен кейінгі тапсырмаларды орындау.

3,4 апта

4 сағ.


1. Оразбаева Ф., Жүнісбекова К. Қазақ тілі. – Алматы, 1998.

  1. 2. Мұратбекова А, Әлмұрзина Г Қазақ тілі. –Өскемен: 2011

Тақырып 3







Л.т.: Мен және қоршаған орта. «Қазіргі жастардың қоғамға қосатын үлесі», «Астананың – Бәйтерек монументі». «Менің отбасым» мәтіннен алдындағы және кейінгі тапсырмаларды орындау. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

5,6 апта

4 сағ.



1.Бельгинова Ә.К., Оқасова Б.Қ. Қазақ тілі. - Өскемен, 2009.

2.БектұровШ., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994.

Бектұрова А. Қазақ тілі


Тақырып 4







Мен және қоршаған орта. «Қоғам және жастар» Тақырып бойынша қатысымдық тапсырмалар негізінде қарым-қатынас жасауға жаттығу.

7,8 апта

4 сағ.


1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Зайсанбаева Г.Н. Қазақ тілі (негізгі деңгей) оқу құралы –Өскемен, 2009.



Тақырып 5







Л.Т.: Мен және қоршаған орта. «Университет тарихы», «Біздің топ»

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру. Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындау.



9,10 апта

4 сағ.


1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Зайсанбаева Г.Н. Қазақ тілі (негізгі деңгей) оқу құралы –Өскемен, 2009.



Тақырып 6







Салауатты өмір – денсаулық кепілі. Өзі туралы жеке ақпарат. Денсаулық – зор байлық. Ауруханада. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасау.

11,12апта

4 сағ.


1. Мұрзалина Б., Нұркеева С., Нұрғазина Г., Сағындықова М., Байтасова С. Қазақ тілі (Ересектрге арналған жеделдетіп оқыту құралы). – Алматы, 2003.


Тақырып 7







Мінез және келбет. «Менің досымның келбеті» тақырыбы бойынша қарым-қатынас жасауға жаттықтыру. «Жақсы дос – жарым ырыс» тақырыбында әңгімелесу. Лексика-грамматикалық және қатысымдық тренинг.

13 апта

2 сағ.


1. Мұрзалина Б., Нұркеева С., Нұрғазина Г., Сағындықова М., Байтасова С. Қазақ тілі (Ересектрге арналған жеделдетіп оқыту құралы). – Алматы, 2003.

2. Қазақ мақал-мәтелдері. Ө.Тұрманжанов. - Алматы, 1993.



Тақырып 8







Л.Т.: Қазақ халқының өнері мен мәдениеті. «Қазақстанның мәдениеті және жаhандану», «Тарихи-мәдени ескерткіштер», «Көне түркі ескерткіштері», «Берел ескерткіштері».

Мамандыққа байланысты терминдермен жұмыс. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру: мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау.



14, 15 апта

4 сағ.


1. Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі –Алматы: 2012.

2. Советова З.С., Жанәбілова А.К. Қазақ тілі (Сәулет-Құрылыс факультетінің мамандықтарында оқитын студетттерге арналған мәтіндер жинағы).

3. “За знание” газетінен материалдар.



2.2 Өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)



Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

Тәуелсіз Қазақстан. Менің елім – тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан Республикасының рәміздері


Мақсаты: Елін, жерін сүюге тәрбиелей отырып, грамматикалық тақырыпты меңгерту.

1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі – Алматы: Атамұра, 2004.

1,2 апта 4сағ.



Тест

1,2

аптаның соңғы сабағы





Қазақ тілі. Қазақстан Республикасының білім беру және саяси жүйесі.


Мақсаты: Тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Білім беру жүйесіндегі жаңалықтармен таныстыру, студенттердің тілдік дағдыларын дамыту. Қосымша мәліметтер жинақтау. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру.

1. Газет, журнал материалдары.


3,4 апта

4 сағ


Бақылау жұмысы


3,4 аптаның соң

ғы сабағы




Мен және қоршаған орта. Қазіргі жастардың қоғамға қосатын үлесі. Астананың сәулет өнері. Менің отбасым.



Мақсаты:Қоршаған ортамызды қорғай білуге тәрбиелеу. Студенттердің тілдік дағдыларын дамыту. Мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау. «Нұр Отан» жастар партиясы туралы мәлімет беру.


1.Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). –Алматы: Әділет, 1998.

5,6

апта


4 сағ.


реферат


5,6

аптаның соң

ғы сабағы



Мен және қоршаған орта. Қоғам және жастар. Университет тарихы.


Мақсаты: Студенттерді университет тарихымен таныстыру, қарым-қатынас жасауға, сұхбат құрастыруға бейімдеу. Конспект жасау. «Университет тарихы» мұражайға саяхат.


Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). –Алматы: Әділет, 1998.

2.Аяпова А. Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы: Білім, 2000. –174 б.




7,8

апта


4 сағ.

дөңге

лек үстел





7,8

аптаның соң

ғы сабағы



Мен және қоршаған орта. Құрылыс-Сәулет факультеті. Біздің топ.


Мақсаты: Студенттерді достыққа, бірлікке тәрбиелей отырып, тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру. Мәтінмен жұмыс, сұхбат жасау. Достық, бірлік туралы мақал-мәтелдер жаттау.

Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). –Алматы: Әділет, 1998.

2.Аяпова А. Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы: Білім, 2000. –174 б.





9,10апта

4 сағ.



Бақылау жұмысы



9,10аптаның соң

ғы сабағы




Салауатты өмір – денсаулық кепілі. Өзі туралы жеке ақпарат. Денсаулық – зор байлық. Ауруханада.

Мақсаты: Студент-

терді салауатты өмір сүруге шақыру. «Салауатты өмір салты» тақырыбында сұхбат жүргізу. «Мен – елдің ертеңімін» тақырыбына мәтін құрастыру.



1.Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). –Алматы: Әділет, 1998.

2.Аяпова А. Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы: Білім, 2000. –174 б.




11,12 апта

4 сағ.


Шығарама жұмысы

11,

12

аптаның соң



ғы сабағы

Мінез және келбет. Менің досымның келбеті.


Мақсаты: Студенттерді жолдастарының келбетін суреттей алуға үйрету және тілдік қорын байыту.

«Дос – адамның айнасы» пікірталас өткізу.




1.Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). –Алматы: Әділет, 1998.


13 апта,

2 сағ.


Шығарама жұмысы




13 аптаның соң

ғы



Қазақстанның мәдениеті және жаhандану. Тарихи-мәдени ескерткіштер. Көне түркі ескерткіштері. Берел ескерткіші.


Мақсаты: Қазақ халқының өнерімен, тарихымен таныстыра отырып, мәдениеттілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Қазақ сәулет өнерінің бүгіні мен ертеңі жайлы газет, журнал беттерінен мәлімет беру.


1.Құсманова К.А., Абилмажинова А.Б. Қазақ тілі. Өскемен, «Жастар-печать», 2010ж.


15 апта,

2 сағ.


Баянда

ма



15

аптаның соң



ғы сабағы






    1. Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі*




Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Дәріс конспектісі




























*













*

Ауызша сұрау

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Коллоквиум



















*

























Тестілеу













*













*













*

Баяндама










*










*






















Эссе


































*










Аралық тестілеу



















*






















*

Барлығы













































*Ескерту: тапсырма түрлері мен ағымдағы бақылаудың мезгілділігі берілетін пәннің өзгешелігіне байланысты дайындалады


3 РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ


  1. Қазіргі кездегі кірме сөздердің қазақ тіліне әсері.

  2. Жаргон сөздер.

  3. Шығыс говоры.

  4. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы.

  5. «Сан есім – зат есім»типті сөз тіркестері.

  6. Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері.

  7. Абайдың ақындық мектебі.

  8. Интернет басылымдарындағы тіл мәдениеті.

  9. Интернеттегі қазақ тілі.

  10. Лингвомәдениет – жаңа бағыт.

  11. Ахмет Байтұрсынұлы – тілші.

  12. Мемлекеттік тіл – татулық тірегі.

  13. Сөздік қорды байыту әдістері.

  14. Ана тілім – ардағым.

  15. Жер, су атауларының тарихи көрінісі.

  16. Сапалы білім – бәсеге қабілетті қоғамға негіз.

  17. ҚР тіл саясаты.

  18. Шығыс Қазақстан облысындағы танымал тұлғалар.

  19. Жастар және қоғам.

  20. Айналайын атажұртым.

  21. БАҚ және тіл мәдениеті.

  22. Еліміздің батыр қыздары.

  23. Қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктері.

  24. Тәуелсіздік – берік тұғырым.

  25. Қазақ тілі – Қазақстанның болашағы.

  26. Термин сөздерді қолданудың ғылыми негіздері.

  27. Қазақ әлемінің жеті кереметі.

  28. Қазақ елінің тұңғыш президенті.

  29. Кірме сөздердің қазіргі ауызекі сөйлеу стиліндегі қолданысы.

  30. Көпмағыналы сөздер және омонимдер.

  31. Жаргондық лексика және әдеби тіл.

  32. Қазақ тіліндегі терминжасау ерекшеліктері.

  33. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздердің түрлілігі.

  34. Техникалық терминдерді аудару мәселесі.

  35. Ұлт татулығы – мемлекеттің беріктігі.

  36. Мақал – сөз мәйегі.

  37. Қазақстандық ғарышкерлер.

  38. Абай Құнанбайұлының тәрбиелік көзқарасы.

  39. Оралхан Бөкей әңгімелеріндегі диалект сөздер.

4 ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4.1 Негізгі әдебиет
1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). – Алматы: Әділет, 1998.

2. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994.

3. Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. – Астана: Фолиант, 2003.

4. Бельгинова А.К., Оқасова Б.Қ. Қазақ тілі. Өскемен, 2009.

5. Байбатанова Ф. И. Қазақ тілі (студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау) Өскемен, 2012.

6. Әлмұрзина Г.М., Мұратбекова А.М. Қазақ тілі: аспиранттар мен магистранттарға арналған оқу құралы.- Өскемен, 2003.

7. Ерназарова З.Ш. және т.б. Қазақ тілі. Елтану. – Алматы, 2005.

8. Исаев С.М. Қазақ тілі. - Алматы, 1993. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Сәулет және құрылыс. – Алматы: Рауан, 2000, 366 бет.

9. Құпиялы өлкенің ғажайыптары: Энциклопедия. - Өскемен, 1999.

10. Құрманбаева Ш.Қ. Қазақша үйренеміз: Оқу құралы. - Өскемен, 2004.

11. Құсманова К.А., Абилмажинова А.Б. Қазақ тілі. Өскемен, «Жастар-печать», 2010.

12. Мешімбаева Б.Ш. Диалог арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2001.– 150 б.

13. Мұса А.О., Төленов І.М., Е.Қ.Құдайбергенов, Дәркенбаева Г.Қ. Қазақ тілі.-Алматы, 2003.

14. Мұрзалина Б., Нұркеева С., Нұрғазина Г., Сағындықова М., Байтасова С. Қазақ тілі (Ересектрге арналған жеделдетіп оқыту құралы). Алматы, 2003.

15. Маселова К, Байбатанова Ф. Ісқағаздарын жүргізу (мемлекттік тілі ісқағаздар пәнін таңдап оқитын студенттерге арналған әдістемелік құрал) – Өскемен: ШҚМТУ, 2011.

16. Зайсанбаева Г.Н. Қазақ тілі (негізгі деңгей) оқу құралы – Өскемен: ШҚМТУ, 2009.

17. Советова З.С., Жанәбілова А.К. Қазақ тілі (Сәулет-Құрылыс факультетінің мамандықтарында оқитын студетттерге арналған мәтіндер жинағы). – Өскемен: ШҚМТУ, 2008.
5 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ
5.1 Оқытушы талаптары
Оқытушы талаптары (мысалы):


  • Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.


5.2 Реферат талаптары


Рефератты жазып, қорғау әдісі: Студент өзі таңдаған тақырыбына байланысты кітапханадан қажетті әдебиет іздестіруі, табылған әдебиетпен жұмыс істеуі, реферат жоспарын құрастыруы және конспект дайындауы қажет. Қазіргі кезеңде электрондық почта арқылы жұмыс жасап, БАҚ материалдарын қолдану студент үшін өте қажет. Студент пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, еңбекпен өз бетінше жұмыс жасайды.
Рефератты көркемдеудің және қорғаудың шарты: көлемі 15-20 баспа бет, 1,5 интервал арқылы (14 шрифт) сыртқы беті үлгі бойынша. Титулдық бетінде реферат тақырыбының аты, орындалған жері көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ орындаған және тексерген адамдардың аты-жөні жазылатын орын қалдырылуы керек. 1-бетінде рефераттың жоспары тұруы керек. Соңғы бетінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілуі тиіс.

Студент жазба жұмысын СОӨЖ кезінде топтың және оқытушы алдында қорғайды. Оның мәнісі рефераттың мәтінін бастан-аяқ оқып шығу болмау керек. Студент жұмысының әрбір бөліміне тоқталып, рефератты жазу барысындағы ізденіс жұмыстарына, пайдаланылған әдебиеттерге ауызша 5-6 минут тоқталуы қажет. Бұл студенттің өзі жазған жұмысын толық түсінгендігін көрсетеді. Студент реферат тақырыбы аясында топ студенттері мен оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс.

5.3 Баға критериі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады*:


Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Қатысу

Конспекті дәрістер

Ауызша сұрау

Коллоквиум

тестілеу

баяндама

Эссе

Ағымдағы тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1

5

5

10

10

15

5

-

50

100

Рейтинг 2

5

5

10

-

15

5

10

50

100

*Ескерту: Ағымдағы бақылаудың меншікті салмағы және түрі оқылатын пәннің өзгешелігіне байланысты оқытушы зерттеп дайындайды.

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.



Қорытынды баға есебінің формуласы:

, (1)

мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.

Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:




Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған



Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет