Емдеу – профилактикалық мекемелердегі науқаспен жұмыс жүргізу:
Емдеу – профилактикалық мекемелердегі науқаспен жұмыс жүргізу:
Инструментальі зерттеулер (антропометрия, қан қысымын өлшеу т.б.)
Қауіпті факторларды алдын – алу үшін анамнез жинау және тестілеуден өткізу керек.
Салауатты өмір салты жайлы кеңестер беру.
Профилактикалық мақсатта тексеруден өткізуді ұйымдастыру, прививкалар (акпелер ) профилактикасын жүргізу.
Денсаулықты нығайту және сақтау жайлы әртүрлі аймақтық топтардың арасында, мектептерде лекциялар семинарлар жүргізу керек
Әрбір медицина қызметкерлері мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық орталықтың бақылауымен, нұсқауымен санитарлық – гигиеналық жұмыстарды жүргізеді.
Әрбір медицина қызметкерлері мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық орталықтың бақылауымен, нұсқауымен санитарлық – гигиеналық жұмыстарды жүргізеді.
Медициналық қызметкерлер гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудің барлық әдістерін білу керек. Әдісінің өзі 3 негізден құралған:
Ауызша әдістің формасына: қазіргі талаптарға сай лекциялар, агитациялық – ақпараттық шығулар, жеке немесе топтық әңгімелесулер, сұрақ – жауап кештері ( сағаттар ), дискуссия ( пікір – талас ), викторина, конференция, үйірмелер.
Лекция – ауызша айтылатын, ең көп таралған материал, белгілі бір уақытта бір тақырыпқа монолог формасында сұрақ көтеру. Лекция 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі материал мазмұны және қорытынды.
Әңгімелесу – ауызша айтылатын ең тиімді тәсіл. Аудиторияда сұхбаттасу барысында көп адамдармен ( 25 – 30 адамға дейін) тығыз байланыс орнату. Талқылау барысында тыңдаушылардың көп бөлігі тақырыпқа назар аударады.
Сұрақ – жауап кеші – бұл да сұхбаттасу, бірақ мұнда аудитория сұрақ қояды, ал жүргізуші жауап береді. Кештің сәтті өтуі жүргізушінің дайындалу дәрежесіне байланысты. Сұрақтар алдын – ала дайындалады, немесе сол кеште қойылады.
Дискуссия – жеткілікті дайындалған топта тақырыпты активті түрде талқылау. Дискуссия аудиториямен жүргізілуі мүмкін. Ол материалды терең ұғымда ұсынылады. Гигиеналық оқулар және халықты тәрбиелеу орталық және жергілікті бағдарламалар, радиоларда, теледидарларда ( лекция, сұхбаттасу, сұрақ – жауап т.б. түрінде ) жүргізіледі. Бұндай бағдарлама әдетте, белгілі күндерде, сағаттарда болады.