Программа денесі(операторлар тізбегі)


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет103/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Алгоритм түсінігі
Мақсаты: Алгоритм түсінігімен танысу, оның түрлерімен, қасиеттерімен танысу
Алгоритм. Ұсыну әдістері

ЭЕМ машиналық команда түрінде жазылған тек бір қарапайым арифметикалық не бір логикалық амалды ғана орындай алатын етіп құрылған. ЭЕМ арқылы информацияны өңдеу нәтижесін табу үшін біртіндеп орындалатын амалдар, нұсқаулар тізбегін алдын ала дайындап алу керек. Нәтиже алу үшін арнайы ереже бойынша жинақты түрде дайындалған нұсқаулар тізбегі– алгоритм деп аталады.


Алгоритмді әр түрлі тәсілдерді пайдаланып дайындау мүмкін.
Берілгендер – информатикадағы негізгі ұғымдардың бірі ЭЕМ-ге ендірілетін, шығарылатын және ішкі кодталған түрде өңделетін информация - берілгендер деп аталады.
Алгоритмнің қарапайым операцияны орындауы үшін машинаға берілген әр нұсқауы машиналық команда деп, ал командада көрсетілген сан және символ -аргумент деп аталады.
Машинаға түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған есептің алгоритмі осы есептің программасы деп, программа құру процесі – программалау деп аталады.
Информацияны өңдеудің алгоритмін 3 түрлі жолмен құруға болады.
1) ауызша алгоритм
2) блок-схема түрінде
3) алгоритмдік тілде
Ауызша алгоритм – күнделікті пайдаланылатын сөздер мен математикалық символдарды қолданып жазылған жеке-жеке нұсаулар жиынтығынан тұрады.
Блок-схема – түрлі арнайы фигуралар, нұсқаулар арқылы программада орындалатын әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схема. Мұнда алгоритмде орындалатын әрекеттер геометриялық фигуралар арқылы сызылып, олардың байланыс жолдары нұсқама арқылы көрсетіледі.
а )
алгоритмнің басы мен соңы





б) - берілгендерді ендіру және нәтижені шығару


в )


- шартты тексеру
г )
- информацияны өңдеу

д) - байланыс бағыттары


Мысал. n! мәнін есептеу алгоритмі
Ауызша алгоритм
алг факториал
1. оқу n
2. k:=1; r:=1
3. r=r*k
4. k:=k+1
5. егер k n өту 3
6. жазу “n!=”, r
7. соңы
Блок-схемасы

иә жоқ
Алгоритмдік тіл – құрылымы нақтыланған бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен ережелер жүйесінен тұрады. Пайдаланылатын символдар – тілдің алфавитін, ережелер жүйесі-оның синтаксисін құрайды.


Алгоритмдік тілдің алфавитінде, мағынасы мен қолдану тәсіліне алдын-ала түсініктеме беріліп қойылған, қызметші сөздер деп аталатын символдар бар.
1. Алгоритм тақырыбы : алг , арг, нәт, берілг, керек;
2. Алгоритмнің басталуы мен соңы: басы, соңы;
3. Тармақталу командасы: егер, онда, әйтпесе, біті;
4. Таңдау командасы: таңдау, жағдай,...,жағдай, әйтпесе, бітті
5. Қайталану командасы:
а) Цикл “әзірше”: цб, әзір, цс;
б) Цикл “үшін” : цб, үшін, дан(дан, тан, тен) , бастап, дейін, қадам, келесі, цс;
6. Құрама шарттар : және, немесе, емес;
7. Функция: мән
Информацияны өңдеудің ауызша алгоритмі негізінен көмірленген жолдар бойынша құрылатындықтан, мұндай алгоритмді жолдық алгоритм деп атайды.
Әр түрлі мәндерді қабалдай алатын объектілерді – шамалар деп атайды. Әр шаманың аты, мәні, типі бар. Аты-айнымалы шаманың белгіленуі, тип-алгоритмнің орындалу кезінде осы шаманың әр кезеңде қабылдайтын мәндерінің сипаттамасы. Тип бүтін, нақты, литерлік болуы мүмкін.
Литерлік мән деп мәні текст болатын шаманы айтамыз. Жалпы түрде жазылуы
алг алгоритмнің аты
арг арг-р аттары
нәт нәтижелер аттары
басы
алгоритм денесі
соңы
Алгоритмнің басы қызметші сөзіне дейінгі бастапқы бөлігі алгоритм тақырыбы деп, басы ... соңы қызметші сөздерінің аралығында орналасатын командалар тізбегін алгоритм денесі деп атайды.
Өңелетін информацияда берілген бастапқы шамаларды аргументтер деп, ал өңдеу қорытындысында табылатын шамаларды нәтижелер деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет