Цикл-дейін операторы Шарт цикл соңында тексерілетіндіктен REPEAT (қайталау) операторы ең болмағанда бір рет орындалады. Циклдің орындалу шарты ақиқат болғанда оның жұмысы тоқтатылды. Жазылу түрі:
REPEAT <оператор> UNTІL <шарт>
{бір оператор қайталанады}
мұндағы UNTІL-түйінді сөз, “дейін” болып аударылады. Ал бірнеше оператор қайталанатын жағдайдағы жазылуы:
REPEAT <1-оператор>;
<2-оператор>;
?
;
UNTІL <шарт>;
Бұл жерде құрмалас оператор REPEAT және UNTІL сөздерінің арасында орналасып, басқа түйінді сөздер жазылмайтыны көрініп тұр. Бұл операторды да WHІLE операторын пайдаланған есептерде қолдануға болады. Мысалдар.