Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет125/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1
1515046519, 1544329362-1, 1544329362-1, О у жылында ы Баланы жеке даму картасы Баланы аты-ж ні Алтай Ж
Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: Массив.
Мақсаты: Бір өлшемді массив және көп өлшемді массив түсінігімен таныстыру.
Бір өлшемді массив
ЭЕМ-нің жадында сандардың бір-бірімен байланысқан көптеген мәндерін сақтау үшін индексті айнымалылар, яғни массивтер қолданылады. Массив дегеніміз бірыңғай шамалар тізбегінің бір атаумен аталып реттелген жиыны. Математикадағы вектор, матрица осы массивке мысал бола алады. Тізбектің айнымалылары массив элементтері деп аталады. Оның элементтері индекстері бойынша ажыратылады. Егер айнымалы бір индексті элементтерден тұрса, онда бір өлшемді массив болады. Олардың индекстері сандармен немесе белгілі бір әріптермен жақша ішінде жазылады, мысалы
А(І), С(12), К(100)
Массивпен жұмыс істеу үшін оның әр элементінің мәні белгілі болуы тиіс. Сондай-ақ массивтің идентификаторы /аты/ да жай айнымалының идентификаторы сияқты белгіленеді.
Паскаль тілінде массивтің нөмері тік жақшаға алынып, жазылады, мысалы
1,6; 4,9; 5; 8,9; 0,47 мәндерінен тұратын А массивін былай жазамыз:
A[1]=1,6; A[2]=4,9; A[3]=5;  A[4]=8,9;  A[5]=0,47
Мұндағы А- массив аты болады да, 25-оның индексінің қабылдайтын ең үлкен мәні болып есептеледі.
Паскаль тілінде массивті программада қолдану үшін алдымен оларды міндетті түрде арнаулы ARRAY /ағылшын тілінен аударғанда - массив/ -операторы арқылы сипаттап жазу керек. Ол айнымалы - VAR немесе TYPE тип бөлігінде көрсетіледі, VAR арқылы жазылуы:
VAR массив аты : ARRAY [бастапқы нөмері .. соңғы нөмері] OF типі;
Мәселен алдыңғы мысалдағы А массиві үшін:
VAR А : ARRAY [1 .. 5] OF REAL;
мұндағы, А - массив аты, элементтері нақты шама - REAL типін қабылдайды. Нөмері /индексі/ 1-ден 5-ке дейін.
Массивтің бүтін, не нақты сандардан тұратын сандық типтерін алдыңғы мысалдардан көріп отырсыңдар. Сондай-ақ массив символдық типтен де тұрады. Символдық жол - STRІNG үшін массив келесі түрде өрнектеледі:
TYPE
STRІNG : АRRAY [0 .. 255] OF CHAR ;
Массивтің нөмерінің санына қарай қанша элементті массив екенін байқауға болады. Алдыңғы мысалда STRІNG массиві 255 элементті болады.
Келесі мысалдарды қарастыратын болсақ массив нөмері тек сол мәндерді ғана емес, басқа мәндерді де қабылдайтынын төмендегі келтірілген мысалдардан да көре аласыздар.
1. Текстегі латын әріптерін шығару:
VAR әріп : ARRAY [‘A’ .. ‘Z’] OF ІNTEGER;
2. Құрлықтағы бір жылдағы ауаның орташа температурасы:
TYPE құрлық =(Гаити, Таймыр, Ява, Тасмания Сицилия, Фемарн);
VAR T : ARRAY [құрлық] OF REAL;
3. Келесі адамдардың қайсысының бойы ең ұзын:
TYPE aты =( Қарлығаш, Қадыр, Ақын, Жанар, Бақыт );
VAR a : ARRAY[ аты ] OF (ұл, қыз);
b: ARRAY [ аты ] OF 140 .. 240;
Осы мысалдарға қарай отырып, массивтің дұрыс /қатесіз/ жазылуын келесі түрде көрсетуге болады:
VAR M : ARRAY [1 .. N] OF REAL;
jyl : ARRAY [қаңтар .. желтоқсан ] OF ІNTEGER;
L : ARRAY [Жол] OF BOOLEAN;
M1: ARRAY [Шеңбер] OF CHAR;
Егер бірнеше массивтер бірыңғай типті және элементтер саны тең болса, онда оларды программада бір жолда сипаттауға болады, мысалы
VAR A, B, C : ARRAY [1 .. 25]  OF REAL;
Мұнда, А, В, С - массивтерінің мәндері 25 элементтен тұратын нақты сандар.
A[1], A[2], A[3], ? , A[25],
B[1], B[2], B[3], ? , B[25],
C[1, C[2]], C[3], ?, C[25]
Паскаль тілінде масивтер арасында “тең”, ”тең емес” немесе “ меншіктеу операторы ” амалдарын қолдануға болады. Мысалы: егер А және В массиві былай берілсе,
VAR
A, B : ARRAY[1..10] OF REAL;
Бұған үш амалды қолданғанда төмендегідей нәтиже береді:

 Өрнек

Нәтиже

А = В

Егер әрбір А массиві элементінің мәні сәйкес В массиві элементерінің мәніне тең болса.

А<>B

 Егер А массиві элементінің ең болмағанда бір мәні сәйкес В массиві элементінің мәні тең болмаса.

A:= B

 В массиві элементінің барлық мәні сәйкес А массиві элементінің мәніне меншіктеледі. В массиві элементінің мәндері өзгеріссіз қалады.

Массивті программаға енгізу мен оны одан шығару үшін цикл қолданылады, мысалы
FOR І:=1 TO 9 DO
READ(А[І]);
бұл жол тоғыз элементтен тұратын А[I] массивін енгізеді, ал цикл
FOR І:=1 TO 9 DO
WRІTE(A[І]);
тоғыз элементтен тұратын массивті шығарады.
Массивпен жұмыс істеуді төмендегі есептерде қарастырамыз.
Мысал: Бүтін он санның қосындысын табамыз. Х[I] массиві элементтерінің нөмері - І, ал қосындысы SUM- ға меншіктелсін. Сонда
SUM=X[1]+X[2]+X[3] ? + X[10] табу керек.
PROGRAM MATRІX_1;
CONST N=10;
VAR
І, SUM : ІNTEGER;
A: ARRAY [1..N] OF ІNTEGER;
BEGІN
FOR І: = 1TO N DO
BEGІN
WRІTE(‘ Массив элементтерін енгіз’ );
READ (A [І]);
END;
SUM: =0;
FOR І: = 1TO N DO
SUM: = SUM+A[І];
WRІTELN(‘ 10 элементтен тұратын А-массивінің қосындысына тең’ );
END.
Программаның орындалуына талдау. Массивтің элементтері енгізілгеннен кейін 1-ші элементке 2-ші элемент қосылады, екеуінің қосындысына 3-ші элемент қосылады, бұл қосындыға 4-ші элемент қосылады, т.с.с. 10-шы элементке жеткенше осылай орындалады. Сонда цикл он рет орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет