Бақылау сұрақтары 1. Литерлік шамалармен қандай амалдарды орындауға болады?
2. Жолдық символ қандай айнымалымен сипаталады?
3. Жолдағы текст бөлігін көшіруге бола ма?
4. Pos функциясының қызметі қандай? Мысал келтір.
5. Жолдағы текстің ұзындығын қалай анықтайды? Мысал келтір.
Тапсырмалар 1. “Аласапыран” сөзінде қанша символ бар екенін анықтау.
2. “Келешек” сөзінен “кеше” сөзін шығару.
3. Жолдағы текстің бөлігін кері оқу.
4. Тексте қанша әріп және қанша “а” әрпі бар екендігін анықтау?
5. “Алауласын” сөзінен келесі жолдарды шығар: Лаула, алау, лаула,
Алауласын аула.
6. Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Тұра берші нұрланып. - деген жолдардан келесі өлең шумағын шығар: Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер, Тұра берші ырғалып, Тұра берші нұрланып. Бес адамның фамилиясы енгізілген. Осылардың ішінен ең ұзағын анықтаңыз.
«қазақстан» сөзін кіші әріптермен енгізіңіз. Программаның орындалу нәтижесінде ол сөздер бас әріптермен жазылсын.
«Мен» және «студентпін» сөздері берілген. Осы сөздерді бір сөйлем етіп шығарыңыз.