Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет129/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

Символдық өрнек.
Операндалары(тұрақтылар, айнымалылар, функциялар) жолдық жєне символдық типті өрнектер символдық өрнектер деп аталады. Символдық өрнектерде біріктіру(+) жєне қатынас амалдары(=,<=,>=,<,>,<>) қолданылады. Біріктіру амалы (+) бірнеше жолдарды біріктіріп, нәтижесінде тұтас бір жолды алуға пайдаланылады.
‘A’+’B’+’C’+’D’+’G’ ‘ABCDG’
‘1’+’-’+’топ’+’студенті’ ‘1-топ студенті’

Нәтижесі жол болғандықтан, 255 символдан аспау керек. Қатынас амалдары екі жолды салыстырады жєне біріктіру амалына қарағанда орындалу үстемділігі төмен, яғни алдымен барлық біріктіру амалдары сонан соң салыстыру амалдары қолданылады. Салыстыру солдан оңға қарай жүреді.


‘Cosm1’<=’Cosm2’ true


‘a’<’A’ false
‘Dos1.0’<’Dos1.0’ true
Жолдық айнымалыға символдық өрнектің нәтижесін беру үшін меншіктеу операторы қолданылады.
z1:=’3-курс’;
z2:=z1+’студенттері’;
Меншіктеу операторындағы өрнектің нәтижесінің ұзыпдығы мепшіктеу айнымалысының ұзындығы артып кетсе, артылған символ қолданылмайды.
Сипатталуы Меншіктеу Нәтиже
А String[6]; 3-курс студенті 3-курс
А String[5]; 2-топ студенті 2-топ
A String[2]; 1 топ студентi 1

Символдық айнымалыға мепшіктелетін жолдық типті тұрақты шаманың ұзындығы бір символдан аспауы қажет.Олай болған жағдайда қателік туады да, программаның орындалуы үзіледі. Мысал үшін келесі программа үзіндісін келтірейік:


Var ch:char;
Z1:string[12]: z2 : string[30];
Begin
Ch:=a
Z1:=’класы’;
Z2:=ch+Z1; (нәтижесі а класы)
Z1:=’*’;
ch:=Z1;
Соңғы меншіктеу операторы дұрыс емес, себебі Z1-дің кезекті мәніьір символдан тұрғанымен, string типті болғандықтан, ұзындығы 2 байт, ал char типті айнымалының ұзындығы 1 байт.
Жолдың символын оның реті (индексі) арқылы табуға болады.Индекс бүтін типті өрнек түрінде жолдың идентификаторынан соң тік жақшаға алынып жазылады.Мысалы, Z1[1+2], Z2[7] жазулары Z1 және Z2 жолдарындағы үшінші ‘a’ символын және жетінші ‘c’ символын көрсетеді.
String типті мәліметтерді өңдеуге келесі стандартты процедуралар мен функциялар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет