Семинар Тақырыбы: «Меншіктеу операторы. С ызықтық алгоритмдерді программалау»



бет1/2
Дата28.06.2017
өлшемі123,42 Kb.
#20176
түріСеминар
  1   2
Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығы

«Жаңашыл мұғалім»тақырыбындағы

аудандық семинар


Тақырыбы:

«Меншіктеу операторы. Сызықтық алгоритмдерді программалау»

Сынып: 7

Информатика пәнінің мұғалімі:

Дарменова Айбөбек Қылышбекқызы

С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаты

Жыңғылды селосы

2016 – 2017 оқу жылы
Пәні: Информатика  Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: 

Меншіктеу операторы. Сызықты алгоритмдерді программалау

Сабақтың мақсаты: 




1. Білімділік –. 

Оқушыларды Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

2. Дамытушылық –

Оқушылардың меншіктеу операторы мен сандық функцияларды қолдану дағдысын қалыптастыру 

3. Тәрбиелік –

Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу. 

Сабақ түрі:

Аралас сабақ 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ 

Әдіс - тәсілдері:

түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ – жауап, практикалық, бағдарлама құру және оны қорғау 

Программалық-дидактикалық жабдықталуы:

дербес компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, Windows ОЖ, презентация, оқулықтар, Pascal ABC 
Пәнаралық байланыс: математика 

Ресурстар: 

АТК, үлестірмелі парақ(А4), пламастер, жапсырғыштар(түрлі түсті)

Дерек көздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, WWW.epm.kz; Информатика оқыту әдістемесі 7 сынып, С.Т.Мұхамбетжанова, А.Е.Сағымбаева. Алматы «Атамұра» 2015ж. 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі 



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Журналды толтыру. Сабақтың мақсатын қою. 

Оқушыларды жеребе арқылы топқа бөлу

І топ «Ту», ІІ топ «Әнұран», ІІІ топ «Елтаңба» 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Айнымалылардың нақты сан типі

  2. Айнымалылардың бүтін оң сан типі

  3. Айнымалылардың таңбалы бүтін сан типі

ІV. Топтық жұмыс 


Енгізу және шығару операторларын паскаль тілінде жазыңдар

1 топ Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені в см. Тік төртбұрыштың периметрін тап.

2 топ Шеңбердің радиусы 5 см . Шеңбердің ұзындығын тап

3 топ Квадраттың ауданын табу

ІІІ. Жаңа сабақ 

Меншіктеу операторы – берілген өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Ол кез келген бағдарламаның негізгі операторының бірі болып табылады 
Меншіктеу операторының жазылу форматы: 
:=; 
Меншіктеу операторының жазылу құрылымы: 
айнымалы := өрнек

Мұндағы ‹айнымалы› - айнымалы идентификаторы, := меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәнін қабылдайды; ‹өрнек› - арифметикалық өрнек немесе сан. 


Мысалы, 
А := 5; b := 2*x ;

Оператор 

Түсініктеме

Х:= 10;

Х айнымалысына 10 мәні меншіктеледі 

Х:=2*а+6;

Х айнымалысына 2*а+6 өрнегінің мәні меншіктеледі 

А:=‘Информатика’;

А мәтіндік айнымалыға ‘Информатика’ мәтіндік тұрақтысы меншіктеледі 

S:=S+1;

S айнымалысына S-тің алдыңғы мәні 1-ге арттырылып меншіктеледі 




Бекіту

1. У-ке х-тің квадратын меншікте
2. Анам 2кг қант пен 2кг ұн алды. Қантты С деп , Ұнды U деп , Сомасын S деп белгілеп , меншіктеу операторын жаз
3. Оқушы 2 дәптер, 6 түрлі бояуы бар қарындаш және 1 қалам сатып алды. Құралдарға идентификаторлар беріп, Меншіктеу операторын жаз


Жаңа сабақ:

Сызықтық бағдарламалар құрылымында бiр амалдан екiншi амалға өту тiзбектi түрде орындалады. Ешқандай шарт тексерiлмейдi, керi қайту немесе амалды қайталау болмайды.

Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау кезінде келесi негiзгi операторлар қолданылады:

read (readln)- берілгендерді енгізу,

write (writeln)-нәтижені шығару.

readln және writeln операторларынан кейін бірнеше мән жазылса олар жақшаға алынып, араларына үтір қойылады.

Сипаттау (var) бөлімінде барлық айнымалылардың типтері анықталады.



Program <программаның аты>

Сипаттау бөлімі

begin

Операторлар бөлімі

end.

Сипаттау бөлімінде:

  1. Программамен байланысатын кітапханалық модульдерінің атаулары (uses)

  2. Белгілерді сипаттау (label)

  3. Тұрақтыларды сипаттау (const)

  4. Мәліметтер типтерін анықтау (type)

  5. Айнымалыларды сипаттау (var)

  6. процедураларды сипаттау (procedure)

  7. функцияларды сипаттау (function)

Операторлар бөлімінде:

Енгізу операторы read (readln)

Меншіктеу операторы :=

Шығару операторы write (writeln)



Сызықтық алгоритмді схема түрінде сипаттау

Алгоритмдi бастау (begin)

Мәлiметтердi енгiзу (readln)

Математикалық өрнектердi есептеу (:=)

Нәтиженi шығару (writeln)

Алгоритмдi аяқтау (end)





Мысалы: Екі санды қосу

program qq;

var a,b,c: integer;



begin

read ( a, b );

c := a + b;

writeln ( c );

end.

«Түртіп алу» стратегиясы

Операторлардың қызметтерін дәптерге жазып шығыңдар:

Program-

Var-

Begin-

Read, Readln-

:=’ -



Write, Writeln-

End-

Сергіту сәті




Бекіту

Программалау

1-топ

2- топ

3- топ




VIІ. Оқушыларды бағалау.




Үйге тапсырма


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет