Стандарттау



Дата06.07.2018
өлшемі32,55 Kb.

Стандарттау

  • А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ
  • Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы
  • Авторы: Еріш Н.А.,
  • аға оқытушы
  • Мақсаты: Студенттерді стандарттаудың даму тарихымен, мақсатымен, міндеттерімен, принциптерімен, функцияларымен, әдістерімен және объектілерімен таныстыру.
  • Тақырып 1
  • Стандарттаудың
  • жалпы сипаттамасы

Жоспар:

  • Стандарттаудың негізгі түсінігі
  • Стандарттаудың мақсаттары мен міндеттері

«Стандарт» сөзін ағылшын тілінен аударғанда норма және үлгі деген мағынаны білдіреді. Стандарттау саласының қарқынды дамуы үшін нақты және ғылыми негізделген терминдер қажет. «Стандарттау» терминін анықтауға ұзақ уақыт кетті. Стандарттаудың дамуы ғылым мен техниканың даму үрдісімен және өңдіріс әдістерін жетілдірумен тығыз байланысты.

  • «Стандарт» сөзін ағылшын тілінен аударғанда норма және үлгі деген мағынаны білдіреді. Стандарттау саласының қарқынды дамуы үшін нақты және ғылыми негізделген терминдер қажет. «Стандарттау» терминін анықтауға ұзақ уақыт кетті. Стандарттаудың дамуы ғылым мен техниканың даму үрдісімен және өңдіріс әдістерін жетілдірумен тығыз байланысты.
  • Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңында және Мемлекеттік стандарттау жүйесінде «Стандарттау» термині анықтамасы келесілей: Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет.
  • «Стандарт»
  • Стандарттау
  • Халықаралық стандарттау – кез келген мемлекеттің сәйкес органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау бойынша жұмыстар. Халықаралық стандарттау бойынша жұмыстардың нәтижесі болып, қатысушы мемлкеттер қолданатын халықаралық стандарттар есептелінеді.
  • Ұлттық стандарттау – белгілі бір мемлекеттегі стандарттау. Сонымен қатар ұлттық стандарттау әртүрлі деңгейде жүргізілуі мүмкін: мемлекеттік деңгейде, салалық деңгейде, ассоциациялар деңгейінде, өңдірістік фирмалар және кәсіпорындар деңгейінде.
  • Өңірлік стандарттау - әлемнің белгілі бір географиялық. саяси және экономикалық аймақтарының мемлекеттерінің сәйкес органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау бойынша жұмыстар.
  • Мемлекетаралық стандартау - мемлекетаралық мүддемен сипатталатын объектілерді стандарттау бойынша іс-әрекет.

Стандарттаудың негізгі мақсаты

  • Іс-әрекеттегі, жоспарланған және болашақ міндеттерді шешу үшін орнатылған ережелерді, талаптарды кең және көпмәрте қолдану арқылы бір немесе бірнеше салада тәртіптіліктін қолайлы деңгейіне қол жеткізу.

Стандарттаудың негізгі міндеттері:

  • - дайындаушы, сатушы және тұтынушы арасындағы түсінушілікті қамтамасыз ету;
  • - мемлекет пен тұтынушылардың мүдделеріне қатысты өнім, үрдіс және қызмет түрлеріне қолайлы талаптарды орнату;
  • - өнімнің өзараалмасуы және салыстыруы бойынша талаптарды орнату;
  • - өнімнің сипаттамалары мен көрсеткіштерінің келісілуі,
  • - метрологиялық ережелер мен талаптар орнату;
  • - өнімді, үрдісті және қызметті сертификаттаудың және сапаны бақылау мен бағалаудың нормативтік-техникалық қамтамасыз етілуі;
  • - материалдың, энергияның және жұмыстың жұмсалуын төмендету үшін технологиялық үрдістерге талаптар орнату,
  • - технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды жіктеу мен кодтаудың жүйесін құру және енгізу;
  • - мемлекеттік және мемлекетаралық әлеуметті-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламалардың нормативтік қамтамасыз етілуі;
  • - өнімнің негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттармен тұтынушыларды қамтамасыз ету үшін каталогтау жүйесін құру;
  • - стандарттаудың әдістерімен құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамаларының орныдалуына көмектесу.
  • Мақсаты: Студенттерді ҚР мемлкеттік стандарттаудық объектілерімен, талаптарымен, жасау кезеңдерімен, тексеру, қайта және тоқтату тәртіптерімен таныстыру.
  • Тақырып 2
  • Қазақстан Республикасының
  • мемлекеттік стандарттары

Жоспар:

Мемлекеттік стандарттау объектілеріне жатады:

  • - ұйымдастырулық-әдістемелік және жалпытехникалық объектілер (стандарттау және сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, ортақ техникалық тіл, ақпараттық технологиялардың техникалық құралдары және бірлескен бағдарламалар, метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, материалдар мен заттардың қасиеттері туралы анықтамалық мәліметтер, технико-экономикалыұ ақпараттарды жіктеу мен кодтау);
  • - үлкен халықшаруашылығы кешендерінің (транспорт, энергожүйе, байланыс, қоршаған ортаны қорғау және т,б.) құрамдас элементтері;
  • - мемлекеттік ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар мен жобалар объектілері;
  • - кеңінен қолданылатын өнімдер;
  • - ҚР өзінің өнімдері мен технологияларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ғылым мен техниканың жетістіктері;
  • - ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін ҚР өңдірілетін өнімдер және екіжақты міндеттер бойынша басқа мемлекеттерге жеткізілетін өнімдер және көрсілетін қызметтер;
  • Стандарттау объектілері
  • Стандартта орнатылған міндетті талаптарға - өнімнің, үрдістің және қызметтің қоршаған ортаны қорғау және адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету талаптары, техникалық және ақпараттық үйлесімділікті қамтамасыз ету талаптары, өнімнің өзараалмасуының, бірдей бақылау әдістерінің және таңбалаудың талаптары жатады.
  • Стандартта өнімге, үрдіске және қызметке қойылатын ұсынысты талапта өнімді дайындаушының, үрдісті және қызметті орындаушының техникалық құжаттарымен немесе тапсырыс берушінің келісімшартында көрсетілген болса, онда олар жеке және заңды тұлғалармен міндетті орындалуға жатады.

Стандарттарды жасауды ұйымдастыру мен жоспарлау кезінде ұйымдастыру-әдістемелік бірдейлілікке жету мақсатында және стандарттарды жасау бойынша жұмыстарды орындауды бақылау мен талдау үшін келесі стандарттарды жасаудың алты кезеңге бөледі:

  • Стандарттарды жасауды ұйымдастыру мен жоспарлау кезінде ұйымдастыру-әдістемелік бірдейлілікке жету мақсатында және стандарттарды жасау бойынша жұмыстарды орындауды бақылау мен талдау үшін келесі стандарттарды жасаудың алты кезеңге бөледі:
  • 1 кезең – стандартты жасауды ұйымдастыру және техникалық тапсырманы құру;
  • 2 кезең – стандарт жобасын жасау және оны сын-пікірге тарату;
  • 3 кезең – сын-пікірді өңдеу, стандарт жобасының соңғы редакциясын жасау;
  • 4 кезең – стандарт жобасын дайындау, келісу және бееітуге жіберу;
  • 5 кезең – стандарт жобасын қарау, оны бекіту және тіркеу;
  • 6 кезең – стандартты басып шығару.

Бекітуге жіберілген стандарт жобасына келесі құжаттар бір данада қосылуы керек:

  • - сын-пікір мен келісуге таратылған және бекітуге жіберілген стандарт жобасының түсіндірме жазбалары;
  • - сын-пікір мәліметтері;
  • - стандартты жасауға арналған техникалық тапсырманың көшірмесі;
  • - сын-пікір мен келісуге таратылған стандарт жобаларының қосымша хаттармен көшірмесі;
  • - сын пікір және жобаға келісуін растайтын түпнұсқалық даналары;
  • - стандарт жобасы сын-пікірге таратылған ұйымдар тізімі;
  • - стандарт жобасы келісуге таратылған ұйымдар тізімі.
  • Мақсаты: Студенттер стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жалпы сипаттамасымен және нормативтік құжаттар түрлерімен таныстыру.
  • Тақырып 3

Жоспар:

  • Ұйым стандарттары
  • Техникалық регламент және
  • стандарттау бойынша ұсыныстар
  • Мелекетаралық стандарттар
  • Халықаралық стандарттар

Ұйым стандарттары өңдірісті басқару мен

  • Ұйым стандарттары өңдірісті басқару мен
  • ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында ҚР
  • территориясында орналасқан жеке және заңды
  • тұлғалармен жасалады және бекіледі.
  • Ұйым стандарттары аталған ұйымдағы өнімге
  • үрдіске және қызметке жасадлады және
  • қолданылады, соның ішінде:
  • - өнімнің құрамдас бөліктеріне, технологиялық
  • жабдықтарға, технологиялық үрдістерге,
  • сонымен қатар олардың қорашаған орта қорағу
  • және адам өмірі мен денсаулығына
  • қауіпсіздіне технологиялық талаптарға;
  • - ұйымның ішінде көрсетілетін қызметтерге;
  • өңдірісті басқару және ұйымдастыру
  • үрдістері, яғни экологиялық басқару жүйелері,
  • өнімнің сапасын басқару, жіктеу, кодтау және
  • терминология.

Технникалық регламент

  • Технникалық регламент - өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн, ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын нормативтiк құқықтық акт.
  • Техникалық регламенттредің талаптарын орындау ҚРтерриториясында орналасқан барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып саналады.
  • Техникалық регламенттерді келесі мақсаттарда қолданады:
  • - азаматтардың өмірі мен денсаулығын, мемлекет пен жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін қорғау;
  • - қоршаған ортаны қорғау;
  • - техникалық қауіпсіздікті сақтау;
  • - тұтынушыларды қателесуге алып келетін әрекеттердің алдын алу.

Мемлекетаралық стандарттар

  • Мемлекетаралық стандарттар ТМД елдерінің стандарттау жөніндегі
  • мемлекетаралық техникалық комитеттерімен (МТК) жасалады. Олар
  • міндетті және ұсынысты талаптардан тұрады.
  • Мемлекетаралық стандарттар стандарттау жөніндегі мемлекетаралық
  • Кеңеспен (МАК) қабылданады. Мемлкетаралық стандарттар
  • қабылданғаннан кейін Минск қаласында орналасқан стандарттар
  • жөніндегі бюроға тіркеледі.
  • ҚР территориясына мемлкетаралық стандарттар техникалық реттеу
  • және метрология жөніндегі комитетің бұйрығымен енгізіледі. Бұйрықта
  • әрбір стандарт үшін ҚР территориясына мемлекеттік стандарт ретінде
  • енгізілген күні орнатылады және біруақытта оған қайшы келетін ҚР
  • мемлекеттік стандартты немесе халықаралық стандарт тоқтатылады.
  • Мемлекетаралық стандарттың әрекет ету күнін стандарттар жөніндегі
  • Бюроға тіркелген күнінен екі жылдан кеш емес уақытта орнатады.

Мемлекетаралық стандарттар

  • Мемлекетаралық стандарттар ТМД елдерінің стандарттау жөніндегі
  • мемлекетаралық техникалық комитеттерімен (МТК) жасалады. Олар
  • міндетті және ұсынысты талаптардан тұрады.
  • Мемлекетаралық стандарттар стандарттау жөніндегі мемлекетаралық
  • Кеңеспен (МАК) қабылданады. Мемлкетаралық стандарттар
  • қабылданғаннан кейін Минск қаласында орналасқан стандарттар
  • жөніндегі бюроға тіркеледі.
  • ҚР территориясына мемлкетаралық стандарттар техникалық реттеу
  • және метрология жөніндегі комитетің бұйрығымен енгізіледі. Бұйрықта
  • әрбір стандарт үшін ҚР территориясына мемлекеттік стандарт ретінде
  • енгізілген күні орнатылады және біруақытта оған қайшы келетін ҚР
  • мемлекеттік стандартты немесе халықаралық стандарт тоқтатылады.
  • Мемлекетаралық стандарттың әрекет ету күнін стандарттар жөніндегі
  • Бюроға тіркелген күнінен екі жылдан кеш емес уақытта орнатады.

Халықаралық стандарттар

  • Халықаралық стандарттар мұқиат өңделген өнімге арналған
  • техникалық талаптарт нұсқасы. Бұл стандарт әлемнің барлық елдерінің
  • арларында тауар және қызмет алмасуды жеңілдетеді.
  • Халықаралқы стандарттар мазмұны бойынша ұлттық стандарттардан
  • 20% нақты өнімге талаптармен ерекшелінеді. Халықаралық
  • стандарттардың негізгі бөлігі қауіпсіздік, өзараалмасу, техникалық
  • үйлесудің талаптарынан және өнімді сынау әдістерінен тұрады.
  • Халықаралық стандарттартты қоданған жағдайда аталған мемлекеттін
  • ұлттық стандарттау жұйесіне енгізіледі. Сонымен қатар халықаралық
  • стандарт екіжақты немесе көпжақты сауда қарым-қатынастары кезінде
  • қолданылуы мүмкін.
  • Халықарлық стандарттар қатысушы елдер үшін міндетті мәртебеге ие
  • және әрбір ел оларды тұтас, жек бөлімдерімен немесе мүлдем
  • қабылдамауға болады.
  • Мақсаты: Студенттерді негіз қалаушы стандарттарымен, өнім және қызмет стандарттарымен, бақылау әдістері стандарттарымен, үрдістерге стандарттарымен таныстыру.
  • Тақырып 4
  • Әртүрлі стандарттардың
  • сипаттамасы

Жоспар:

  • Негіз қалаушы стандарттар
  • Өнім және қызмет стандарттары
  • Бақылау әдістерінің стандарттары
  • Үрдіс стандарттары

Негіз қалаушы стандарттар

  • Негіз қалаушы стандарттар белгілі бір қызмет саласы үшін жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерді, өзара түсінушілікті, техникалық бірдейлікті, өнімді, үрдісті және қызметті құру мен қолдану үрдісінде әртүрлі ғылым, техника және өңдіріс салаларының байланыстылығын қамтамасыз ететін жалпытехникалық талаптар мен ережелерді және басқа да талаптарды орнатады.
  • Негіз қалаушы
  • стандарттар
  • а) ұйымдастыру-әдістемелік, белгілі бір салада жұмыстарды жүргізу бойынша ұйымдастыру-техникалық ережелерді орнатады (мысалы, ҚР СТ 1.2-2002 «ҚРМСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі»; ҚР СТ 1081-2002 «Тағам өнімдеріне технологиялық нұсқаулар және рецептер жасау тәртібі. Негізгі ержелер»);
  • б) жалпытехникалық, орнатады:
  • - ғылымда, техникада және өңдірісте бірнеше рет қолданылатын ғылыми-техникалық терминдер (мысалы, МЕМСТ 16263-70 «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Метрология. Терминдер мен анықтамалар»);
  • - стандарттау объектілерінің әртүрлі белгілену шарттары – кодтар, таңбалар, белгілер, маркалар (мысалы, МЕМСТ 14192-96 «Жүктерді таңбалау»);

Өнім және қызмет стандарттары

  • Біртекті өнім - өнімнің негізгі көрсеткіштерінің құрылымды-технологиялық мәселелерін шешуді, қолдану саласын және жалпы мақсатын сипаттайтын өнімдер жиынтығы.

Өнім және қызметке келесі стандарт түрлерін жасайды:

  • Өнім және қызметке келесі стандарт түрлерін жасайды:
  • а) жалпы техникалық шарттар стандарттары – біртекті өнім
  • (қызмет) топтарына талаптардан тұрады. (мысалы, ҚР СТ 1061
  • 2002 «Сүтқышқылды өнімдер. Жалпы техникалық шарттар», ҚР СТ
  • 1040-2001 «Жолаушы тасымалы бойынша транспорттық
  • қызметтер. Жалпы техникалық шаттар»);
  • б) техникалық шарттар стандарттары – нақты өнімге (қызметке)
  • талаптардан тұрады. (мысалы, ҚР СТ 982-95 «Айран. Техникалық
  • шарттар»). Аталған стандарттар, мысалы өнімге әдетте келесі
  • бөлімдерден тұрады: жіктелуі; негізгі параметрлері және
  • өлшемдері; техникалық талаптар; қабылдау ержелері; таңбалау;
  • транспорттау; сақтау;
  • в) жалпы техникалық талаптар стандарттары – жалпы техникалық шарттар стандарттарының бір бөлімінен ғана тұратын тар мағынадығы стандарттар (мысалы, ҚР СТ 37-98 «Машиналы және қолды тігулер. Жалпы техникалық талаптар»);
  • г) техникалық талаптар стандарттары – техникалық шарттар стандарттарының бір бөлімінен ғана тұратын тар мағынадағы стандарттар (мысалы, МЕМСТ 20902-95 «Тамақтану столдары. Функционалдық өлшемдері».

Бақылау әдістерінің стандарттары

  • Бақылау әдістерінің стандарттары - өнімді (қызметті)
  • жасау, сертификаттау және қолдану кезінде сынау, өлшеу,
  • талдау әдістерін жүргізуді орнатады (мысалы, ҚР СТ 1049-2001
  • «Премикстар. Талдау әдістері»).
  • Стандарттарда орнатылатын бақылау әдістері объективті және нақты
  • болуы қажет. Әрбір әдіске оны өткізу ерекшелігіне байланысты
  • орнатылады:
  • - сынау құралдары, қосымша тетіктер, реактивтер, материалдар;
  • - сынауды жүргізуге дауындау тәртібі;
  • - сынауды жүргізу тәртібі;
  • - сынау нәтижелерін өңдеу тәртібі;
  • - сынау нәтижелерін дайындау тәртібі;
  • - сынаудың мүмкін қателіктері.

Үрдіс стандарттары

  • Үрдіс стандарттары – өнімнің өмірдік циклының (жасауда,
  • дайындауда, сақтауда, тасымалдауда, пайдалануда, жөндеуде
  • және жоюда) жеке кезеңдерінде әртүрлі жұмыстарды орындау
  • әдістеріне талаптар орнатады. Мысалы, МЕМСТ 26907-86
  • «Қант. Ұзақ сақтау шарттары», МЕМСТ 7595-79 «Ет. Сиыр етін
  • бөлшек сауда үшін бөлу».
  • Үрдіс стандарттары технологиялық операцияларды жүргізу
  • кезінде қоршаған ортаны қорғау және адам өмірі мен
  • денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарынан тұрады.
  • Қазіргі кезде сапа менеджменті жүйесінің шеңберіндегі басқару үрдісінің стандарттары үлкен мәнге ие.

Каталог: images -> news -> slider -> 2016 -> portfolio 2
portfolio 2 -> Тақырыбы: Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту
portfolio 2 -> Мақсаты: Мақсаты: Көркем туындыдағы идеяға көз жүгірту
portfolio 2 -> Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы Тақырыбы: Әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері
portfolio 2 -> «Қазақ тілім өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім»
portfolio 2 -> Мал өсіру әдістері Оқытушы: Кумусбеков Е. Х. Сабақ жоспары
portfolio 2 -> Презентацияға ұсынылатын пән Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерлік есеп 8 конфигурациясының практикалық қолданылуы
portfolio 2 -> Презентацияға ұсынылатын пән Ақпараттық жүйелер негіздері
portfolio 2 -> Жоспар: Бірлестіктер мен жүйелердің экологиясы(синэкология)
portfolio 2 -> Оқу жылының сәуір айына экономика факультетінің әдістемелік инновация айлығы іс –шарасының жоспары
portfolio 2 -> Тіл біліміндегі когнитивтік бағыт Орындаған: доцент Досова А. Т


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу