Turbo Pascal тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Мәтін әр түрлі символдардан тұратын жолдар тізбегінен тұрады. Әдетте, мәтіндермен жұмыс істегенде, тек символдық шамаларды пайдалану тиімсіз, өйткені көбінесе жеке символдарды емес, олардың тізбегін— сөз тіркестерінен тұратын мәтін жолдарын өңдеу қажет болады.
Turbo Pascal тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркесттік айнымалылар кең қолданылады, олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы, одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілген string түйінді сөзі пайдаланылады.
Тіркестік айнымалының типі программаның типтерді сипаттау бөлімінде немесе тікелей айнымалыны сипаттау бөлімінде де орналаса береді. Оның айнымалы бөлімінде сипатталуы:
VAR
<айнымалы атауы>: string [жолдың ұзындығы];
Мысалы: VAR
TEX1 : string [29];
ATJ : string [40];
АТАҮ : string [275];
A : string;
Мұндағы соңғы АТАҮ-дағы символдар ұзындығы дұрыс көрсетілмеген, себебі 275>255, сондықтан мұнда компьютер «өте» деген хабарлама береді. Егер жолдың ұзындығы (символ саны) сипаттау кезінде көрсетілмесе (А айнымалысы), онда оның ұзындығы 256 символ деп кабылданады. Сөз тіркесіндегі (мәтін жолының) символдардың нөмірі 1- ден бастап оның ең үлкен мәніне дейін өзгереді.
Апостроф ішінде орналасқан тіркестік айнымалылар мәндерінің мағынасының болуы немесе болмауы шарт емес. Мысалы, К =’’, А := ‘Алматы’, В =’Т?АВ’, B1 =’1999АВ’, т.б., мұнда сөз тіркестерінің ұзындығы символдар санына сәйкес: 0, 6,4, 6 байтқа тең болып есептеледі.
Сонымен, жолдың компьютер жадында орналасу схемасы төмендегідей түрде көрсетуге болады, мұнда Ү — бірінші байт:
Ү —жолдың ағымдағы К ұзындығы сақталады;
Ү+1-де жолдың 1-символы,
Ү+2-де жолдың 2-символы,
...
Ү+А-да ағымдағы жолдың соңғы символы,
Ү+А+1 — бос ұяшық,
Ү+М — осы сөз тіркесіне берілген ұзындықтың ең үлкен мәні.
Мұндағы Ү — жад ұяшығының алғашқы байты, К—ағымдағы сөз тіркесінің ұзындығы, М — осы сөз тіркесі үшін қабылданған ең үлкен ұзындық, яғни оның ең үлкен мәнінің ұзындығы.
Достарыңызбен бөлісу: |