Салыстыру амалдары, олар: =, <>, >, >=, <, <= белгілерімен белгіленеді. Сөз тіркестерін салыстыру олардың символдарының кодтарын солдан оңға қарай біртіндеп бір-бірімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса, онда қай жолдың символы көп болатын болса, сол үлкен деп есептеледі. Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса, ең алдымен біріктіру амалы, содан соң салыстыру амалы орындалады. Сөз тіркестерін салыстыру амалының нәтижесі логикалық шама (TRUE немесе FALSE) болады.
Мәтін ұзындығын анықтау операциясы. Бұл операция алгоритмдік тілде ұзын (длина — length) түйінді сөзі арқылы орындалады. Мәтін ұзындығы оны құрайтын символдар санымен анықталады. Мысалы: алгоритмдік тілде ұзын («информатика») = 11, ал Паскаль тіліндегі ұзындығы LENGTH (‘информатика’) = 11.
Бір де бір символы жоқ мәтін бос мәтін болып саналады. Оның ұзындығы 0-ге тең: Ұзын («») = 0, яғни мұндай мәтін алгоритмдер мен программаларда 0 рөлін атқарады.
Көп жағдайларда өрнек құрамына тіркестік тұрақтылар, айнымалылар, тіпті символдар да енуі мүмкін.
Мысалы:
PROGRAM BK1;
VAR L :CHAR;
S : STRING[5]; R :STRING [25];
BEGIN
WRITELN(‘L,S мәндерін енгізіңдер:’);
READLN (L,S);
R:=L+S + "біздікі”;
WRITELN (R)
END.
7-ДӘРІС. Көмекші программалар.
Көмекші программа-процедуралар.
Идентификаторлардың көріну аймағы.
Формальды және нақты параметрлер.
Параметрлер мәндер, параметрлер-айнымалылар және типтік емес параметрлер.
Көмекші программа-функциялар.
Достарыңызбен бөлісу: |