Айнымалы параметрді бөлiп көрсету үшiн формальды параметрі алдана var сөзi жазылады.
Procedure s1(a,b,c:real; var x,y:real);
var z:real;
begin
z:=a+b+c;
x:=sqr(z);
y:=sqrt(z)
end;
Процедураны шақыру s1(25.4,44.6,30,x1,y1)
A=25.4, B=44.6, C=30 Осы қабылданған мәндер бойынша процедура орындалады.
Процедураның орындалу нәтижесiнде X,Y өз кезегiнде өз мәндерiн X1,Y1 фактылы параметрлерге бередi. Процедураның орындалу нәтижесiнде негiзгi программада X1=10000, Y1=10 деген мәндi аламыз.
Функциялар
Iшкi программаның екiншi бір түрi-функциялар программа iшiнде процедура сияқты бері леді. Функцияның ерекшелiгi ол орындалуы барысында бір ғана нәтиже шығады, бiрақ кiру параметрлерi бiрнешеу болуы мүмкiн. Нәтиже функция атауымен белгiленiп негiзгi программаға беріледі.
Функция құрылымы:
Function атауы( формальды параметрлер ): тип;
<сипаттау бөлiгi>
begin
<операторлар бөлiгi>
end;
Функция iс жүзiндегi параметрлерi көрсетiлiп өзiнiң атауымен шақырылады. Функцияны шақыру кезiнде типi көрсетiлмейдi.
Атаудың жұмыс iстеу аймағы негiзгi программаның сипаттау бөлiгiнде хабарланған атаулар, негiзгi программаның операторлар бөлiгiнде және кез келген iшкi программада жұмыс iстейдi. Бұл атаулар глобальды деп аталады. Iшкi программада хабарланған атаулар тек қана осы iшкi программада және осында хабарланған процедура мен функцияда жұмыс iстейдi. Бұл атаулар локальдық деп аталады. Бұларды негiзгi программаның операторлары басқара алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |