Тақырыбы: Файлдар. Файлдармен орындалатын операциялар. Мақсаты: Файлдармен танысу, оларды құру, ашу, текстік файл дарға қолданылатын процедуралармен танысу. Файлдарды қолданып программа құрып үйрену. Паскаль тіліндегі файл дегеніміз - бір типтегі (жай немесе күрделі) элементтер тізбегі. Массивтен өзгешелігі файлдың ұзындығы берілмейді, яғни элементтер саны берілмейді. Әрбір элементтің алатын орны индекс арқылы көрсетіледі және әрбір элемент оның алдындағы элементтен кейін ғана іске қосылады. Мұндай файлдар тізбектелген деп аталады. Паскаль тілінде файлдың 3 категориясы бар:
1) Текстік(типы Text); 2) Типтендірілген (File of <типы>); 3) Типтендірілмеген файл(File); Файлдық типтегі айнымалылар программада Var жєне Type бөліктерінде сипатталады.