Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет139/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

Файлды оқу.
Файлды оқу - дегенiмiз машинаның оперативтi жадысына мәндердi дискiде сақталып тұрған сыртқы файлдан енгiзу. Файлды оқу үшiн программада мынадай амалдарды орындау қажет:
Оқуға арналған файлды ашу (Reset); Файл туралы мәлiметтердi программаға енгiзу(read операторы); Оқуға арналған файлды жабу(Close операторы);
Мәндерi оқылатын сыртқы файлды кiру файлы деп атайды. Reset(1-атау);
...........................
Read(1-атау, параметр );
..........................
Close(1-атау);
Көп нүктемен программада қандай да бiр операторлар орындалуы берiлген. Файл анықталған элементтер саны арқылы берiлмейтiндiктен Паскаль тiлiнде файлдың соңы белгiсi енгiзiлген. EOF(файл атауы) стандартты функциясы файлдың соңына жеткен-жетпегенiн аныктау үшiн қолданылады. Файл соңына жетпеген жағдайда ол ақиқат мән қабылдайды, керi жағдайда жалған мән қабылдайды. EOF функциясын логикалық өрнекте қолдануға болады, атап айт-қанда циклдiк операторда.
Мысалы:
While not EOF(f1) do
Begin
......................................
End.
f1файлының соңына жеткенше Begin end операторлық жақшасына алынған циклдiк бөлiк қайталана бередi. Файлда элементтер жол бойынша сақталады. Файл жолының соңын анықтау цикл операторы:
Мысалы:
While not EOLN(1-f) do
Ал файлдың жаңа жолға көшу үшiн Readln (1-атау) операторы қолданылады.
Файлды сақтау.
Файлды сақтау дегенiмiз – программаның орындалу нәтижесiн ЭВМ-нiң оперативтi жадынан дискiге шығару, сыртқы құрылғыда жаңа файл құру.Файлды сақтау үшiн программада төмендегiдей операторларды орындау керек:
Сақтау үшiн файл ашу(rewrite операторы).
Мәндердi шығару(write операторы).
Сақтау үшiн ашылған файлды жабу(close операторы).
Программадағы мәндер сақталатын сыртқы файл шығу файлы деп аталады. Файлды сақтаудың жалпы формасы:
Rewrite(1-атау);
……………….
Write(1-атау, параметр);
……………….
Close(1-атау);
Мәндердi файлға жазуға арналған шығару операторы Write(параметрлер) болса, онда мәндер экранға шығарылады, ал Write(1-атау, параметрлер) болса, онда мәндер дискiде сақталатын файлға жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет