Текстiк файлдар. Текстiк файлдар жолдарға болiнген символдар жиынынан тұрады. Әрбiр жол соңында жол соңын бiлдiретiн белгi тұрады. Текстiк файлдың ерекшелiгi Read немесе Write процедураларының көмегiмен енгiзiлетiн немесе шығарылатын мәндер параметрлерi тек қана String немесе Char типтерiнде ғана емес, баска да жай типтерде болады: енгiзуде -бүтiн, заттық; шығаруда-бүтiн, заттық, логикалық. Текстiк файлдарға арналған программаны iске қосуда автоматты түрде ашылатын және автоматты түрде жабылатын 2 стандартты файлдық айнымалылар бар: Input және Output.
Текстiк файлдарға арналған процедуралар мен функциялар:
APPEND(F) – ақпатаратты толықтыру үшiн файлды ашу.
FLUSH(F) – шығу файлының буферiн босату. Шығару буферiндегi ақпарат файлға жазылады.
READ(F,<тiзiм>) – файлдан оқу.
READLN(F,<тiзiм>) – файлдағы жолдарды оқу.
SETTEXT BUF(F, BUF[ , SIZE] ) – енгiзу-шығару буферiн тағайындау.
WRITE(F,<тiзiм>) – файлға жазу.
WRITELN(F,<тiзiм>) – файлға жол жазу.
EOLN(F) – файл жолының соңы.
SEEKEOF(F) – файл соңы.
SEEKEOLN(F) – файл жолының соңы, жол соңында пробел және табуляция символдарын жiбередi.