Типтендірілген файлдар. Типизировалық файл деп – олардың элементтерiнiң типi көрсетiлетiн файлды айтамыз. Барлық компоненттер жалпы атқа ие, ал әрқайсысының өз номерi бар.
Алғашқы элемент 0-ге тен.
Типтендірілген файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар:
SEEK(<файлдық айнымалының аты>, N) – процедурасы N-шi элементке ағымдық нұсқағыш орнатады. Мысалы: нұсқағышты F1 файлының 3-шi элементiне орнату керек. SEEK(F1,3).
FILE POS(<файлдық айнымалы аты>) – функциясы ағымдық нұсқаушы көрсетiп тұрған элемент номерiн анықтайды. Мысалы: келесi әрекет орындалатын элемент номерiн табу. N:=FILE POS(F1). Мұндағы N – бүтiн айнымалы элемент номерiне тең болады.
FILE SIZE(<файлдық айнымалының аты>) – функциясы файлдағы элементтер санын аныктайды.
TRANCATE(F) – ағымдық компоненттен бастап файлдың бөлiгiн жою.
WRITE(F,<тiзiм>) – нұсқалған типтегi компоненттердi файлға жазу.
READ(F,<тiзiм>) – нұсқалған типтегi компоненттердi файлдан оқу.
Типсiз файлдар. Типi берiлмейтiн файлды типсiз файл деп атайды. Типсiз файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар:
FILE POS(<файлдық айнымалы аты>) – функциясы ағымдық нұсқаушы көрсетiп тұрған элемент номерiн аныктайды.
FILE SIZE(<файлдық айнымалы аты>) – функциясы файлдағы элементтер санын аныктайды.
TRANCATE(F) – ағымдық компоненттен бастап файлдың бөлiгiн жою.
BLOCKWRITE(F, BUF, N[ , RESULT] ) – көрсетiлген типтегi файл компонентiне жазу.
BLOCKREAD(F, BUF, N[ , RESULT] ) – файл компонентiнен оқу.