Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет147/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

Зертханалық жұмыс №13


Тақырыбы: Жазулар
Мақсаты: Жазулар ұғымымен таныстыру. Программада қолдануды үйрету.

Жазулар – алдын-ала тұрақтандырылған компоненттер санынан тұратын мәліметтер құрылымы. Массивтен өзгешелігі жазулар өрістерінің типтері әр түрлі болады. Сипатталуы:


<тип атауы> = record <өрістер тізімі> end
<өрістер тізімі> - жазулар бөліктерінің тізбегі, олар бір-бірінен нүктелі үтірмен ажыратылады. Атаулардан кейін қос нүкте қойылып өріс типтері сипатталады. Мысалы:
Type
Data = record
X,Y : integer;
Z : char
end;
Var
D1,D2 : Data;
Begin

D1.X := 10;
D2.Z := ‘n’;

End.
Жазу өрісін шақыру үшін жазу-айнымалының идентификаторын және нүктеден кейін өріс атын көрсету керек
Var бөлімінде де жазуларды сипаттауға болады.
Жазу типті айнымалылар біртипті болса меншіктеу операциясын қолдануға болады: D1 := D2;
Жазу өрісі кез келген типтті қабылдай алады:
Var
D : record
X : integer;
R : record
RX : integer;
RZ : char
end
end;
Begin

D.R.RX := 2;

End.
Жазу өрістерімен жұмысты жеңілдету үшін WITH біріктіру операторын қодануға болады. со следующим форматом:
with <жазу-айнымалының аты> do <оператор>


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет