Жиындарға екі процедура қолданылады:
INCLUDE (S,I) - S жиынына жаңа I элементін қосады, ол элемент S жиынының базалық типіне жатауы керек.
EXCLUDE (S,I) – S жиынынан I элементін алып тастайды.
Екі жиынға қолданылатын (+) және (–) операцияларынан бұл процедуралардың айырмашылығы тек бір элементке ғана орындалады. Сондықтан жоғары жылдадығымен ерекшелінеді.
Жиын ұғымы өте қолайлы, біртипті мәндерді таңдауда талдау жасауға қолданған тиімді. Жиынның әрбір элементіне бір екілік разряд (бір бит) сәйкес келеді.
Бақылау сұрақтары
Жиын дегеніміз не?
Сипаттауына мысал келтіріңіз.
Жиынға қолданылатын операцияларды атаңыз.
Қандай процедуралар жиынмен жұмыста қолданылады?
Жиынның массивтерден ерекшелігі неде?
Тапсырмалар
А жиынының барлық элементтерінің типі Х, олар аралық типпен берілген. Элементтер санын анықтайтын функцияны жазу керек.
Екі жиын берілген. Оларды бірітіріңіз.
Екі жиын берілген. Олардың айырмасын көрсетіңіз.
Екі жиын берілген. Олардың қиылысу нәтижесін көрсетіңіз.
Бүтін сандар жиыны берілген. Олардың 2-ге бөлінетінін анықтаңыз.
Берілген жиынның N-ші элементтен кейінгі элементтерін экранға шығару.
Берілген жиынның N-ші элементтен дейінгі элементтерін экранға шығару.
Берілген жиынға N элементінің тиістілігін анықтау керек.
Бүтін сандар жиыны берілген. Олардың 2-ге бөлінетінін анықтаңыз.
Орыс алфавитінің әріптері берілген. Осылардың ішінен дауысты дыбыстардан жиын құрау.
Достарыңызбен бөлісу: |