Файлдыоқу. Файлды оқу - дегенiмiз машинаның оперативтi жадысына мәндердi дискiде сақталып тұрған сыртқы файлдан енгiзу. Файлды оқу үшiн программада мынадай амалдарды орындау қажет:
Оқуға арналған файлды ашу (Reset); Файл туралы мәлiметтердi программаға енгiзу(read операторы); Оқуға арналған файлды жабу(Close операторы);
Мәндерi оқылатын сыртқы файлды кiру файлы деп атайды. Reset(1-атау);
...........................
Read(1-атау, параметр );
..........................
Close(1-атау);
Көп нүктемен программада қандай да бiр операторлар орындалуы берiлген. Файл анықталған элементтер саны арқылы берiлмейтiндiктен Паскаль тiлiнде файлдың соңы белгiсi енгiзiлген. EOF(файл атауы) стандартты функциясы файлдың соңына жеткен-жетпегенiн аныктау үшiн қолданылады. Файл соңына жетпеген жағдайда ол ақиқат мән қабылдайды, керi жағдайда жалған мән қабылдайды. EOF функциясын логикалық өрнекте қолдануға болады, атап айт-қанда циклдiк операторда.
Мысалы:
While not EOF(f1) do
Begin
......................................
End.
f1файлының соңына жеткенше Begin end операторлық жақшасына алынған циклдiк бөлiк қайталана бередi. Файлда элементтер жол бойынша сақталады. Файл жолының соңын анықтау цикл операторы: Мысалы:
While not EOLN(1-f) do
Ал файлдың жаңа жолға көшу үшiн Readln (1-атау) операторы қолданылады.
Файлды сақтау. Файлды сақтау дегенiмiз – программаның орындалу нәтижесiн ЭВМ-нiң оперативтi жадынан дискiге шығару, сыртқы құрылғыда жаңа файл құру.Файлды сақтау үшiн программада төмендегiдей операторларды орындау керек:
Сақтау үшiн файл ашу(rewrite операторы).
Мәндердi шығару(write операторы).
Сақтау үшiн ашылған файлды жабу(close операторы).
Программадағы мәндер сақталатын сыртқы файл шығу файлы деп аталады. Файлды сақтаудың жалпы формасы:
Rewrite(1-атау);
……………….
Write(1-атау, параметр);
……………….
Close(1-атау);
Мәндердi файлға жазуға арналған шығару операторы Write(параметрлер) болса, онда мәндер экранға шығарылады, ал Write(1-атау, параметрлер) болса, онда мәндер дискiде сақталатын файлға жазылады.