ПРОЦЕДУРАЛАР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
Қарастырылатын сұрақтар:
Ішкі программа ұғымы;
Процедураның сипатталуы;
Функциялардың сипатталуы;
Парметрлер.
Барлық күрделі есептерді оның шешімін жеңілдету үшін қарапайым ішкі есептерге бөлген тиімді. Егер есеп қандай-да бір кешенді есепті шешуге арналған болса, онда программаны қандай-да бір құрылымдық бірліктерге бөлу тәсілі болуы қажет. Программаның құрылымдық бірлігі – ішкі программалар.
Көбінесе, программаларда белгілі операторлар тізбегін бірнеше рет орындауға (циклдық емес) тура келеді. Әрине программаның сәйкес бөлігін қажетті жеріне көшіруге болады, дегенмен бұл жағдайда программа мәтіні үлкен көлемді және түсінуге қиын болып шығады. Сондықтан программа мәтінін қарапайымдату үшін және көшіру қажеттілігінен босату үшін ішкі программалар концепциясы қарастырылған.
Жеке атауы және жергілікті атауларға ие программаның функционалды өзбетінше бөлігі ішкі программа деп аталады. Ішкі программаны программаның кез-келген нүктесінен және бірнеше рет шақыртуға болады.
Программа мәтінін қысқартып, көшіруден босатудан басқа, ішкі программалар – бұл программаны құрылымдау құралы болып табылады. Оның мақсаты программа көп көлемді операторлардан тұрмай, әрбіреуінің жеке ролі бар салыстырмалы түрде өзбетінше бөліктерден тұруы қажет. Және де ішкі программалар басқа да ішкі программаларды қамти алады, яғни бірінің ішіне бірі салынған ішкі программалар жасалынады.
Ішкі программаны программада шақырту үшін ол программаның сипаттау бөлімінде сипатталуы қажет. Ішкі программаны жариялау – оның тақырыбын көрсетіп (онда қолданылатын формальды параметрлерімен), жергілікті айнымалыларды сипаттау және денесін көрсету.
Turbo Pascal тілінде ішкі программалардың екі түрі қарастырылған: функциялар мен процедуралар.
Достарыңызбен бөлісу: |