SQL операторлары.
SQL (Structured Query Language - Құрылымдалған Сұраныстар Тілі) ОПЕРАТОРЛАРДАН - НҰСҚАУЛАРДАН - ЕСЕПТЕЛІНЕТІН ФУНКЦИЯЛАРДАН құралған жиынтық.
SQL операторлары ортақ келісілген программа жазу стилі бойынша бас әріптермен жазылады.
Оларды мынадай топтарға бөлуге болады:
- Деректерді анықтайтын операторлар
. CREATE объектіні жасайды
. ALTER объектіні өзгертеді
. DROP объектіні жояды
- Деректермен әртүрлі әрекеттер жасайтын операторлар
. SELECT берілген шарт бойынша деректерді оқиды
. INSERT жаңа деректерді қорға қосады
. UPDATE қордағы деректерді өзгертеді
. DELETE деректерді жояды
- Деректерге рұқсат берумен айналысатын операторлар
. GRANT пайдаланушыларға объектімен белгілі бір операциялар төңірегінде рұқсатты айқындайды
. REVOKE бұрын берілген рұқсаттарды қайтарып алады
. DENY берілген рұқсаттың басымдылығын айқындап, оны жоққа шығарады
- Транзакцияларды басқаратын операторлар
. COMMIT транзакцияны қолданады
. ROLLBACK транзакцияға ұшыраған өзгерістерді бұрынғы қалпына келтіреді
. SAVEPOINT транзакцияны кішкене бөлшектерге бөледі
Құрметті оқырман, SQL операторларымен таныс болдыңыздар.Олай болса келесі қадамға көшейік, яғни енді осы операторларды қалай пайдалануды үйренейік.
Естеріңізде болса, сол Денвер пакетін жүктеу сабағымда мен жаңа деректер қорын жасаған болатынмын - оны "mylessons" деп атағанмын.Естеріңізде болмаса, сол сабақтың аяқ жағын тағы бір қайталап оқып шығыңыз.
Сонымен, StartDenwer ді түртіп жібердім,екі қара окно жүгіріп өтті.Сосын браузерді аштым да localhost/tools/phpmyadmin деп жазамын.Сосын ENTERді басамын.
Енді mylessons ды үстінен түртіп жіберіп, келесі окноға түсеміз.Бұл жерде дерек қорды құрайтын кестелерді жасауға көшеміз.
Мысалға 3 кесте - тауар сатып алушыларға арналған "buyers", тауарлар тізімі үшін "product", тапсырыстарға арнап "orders" кестелерін жасайық.Алдымен,"buyers"- ол мысалға әзірше 5 өрістен тұрады делік, керек кезде өрістерді кестелерге еш залалсыз көбейтіп не болмаса азайтып отыруға әбден болады.Сонымен "buyers" кестесін жасау үшін "Имя" жанындағы өріске "buyers" деп, ал "Количество столбцов" дегеннің жанындағы өріске "5" санын жазамыз.Сосын ОК ді басамыз:
OK ді түрткен соң бос өрістер көрсетілген жаңа бет пайда болады.Өрістерді толтыру үшін мына келесі кестедегі алдыңғы 4 бағандағы мәндерді пайдаланамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |