Талаптарды түрге келтіру және талдау
ДҚ-н жобалау осы қорға енгізілетін деректерді анықтайтын объектілерді табу және олардың атрибуттары мен типтерін беруден басталады. Сосын атрибуттар бір кестеге жинақталады – оны бастапқы берілгендер кестесі дейді.
Мысалы: ЖОО-ң оқытушылары туралы ДҚ-на бастапқы берілгендер кестесін жасауды қарастырайық. Алдымен, тапсырыс берушіден оқытушылар туралы деректерді анықтап сұрап, сосын қандай қызмет көрсетілуін қалайтынын біліп алу керек. Сосын алғашқы деректерді жинақтаймыз:
ОҚЫТУШЫЛАР - аты-жөні, қызметі, жалақы, стаж, стажға қосымша, кафедра, пәні, топ, сабақ түрі атрибуттарымен анықталсын (1.4.-сурет).
Аты-жөні
|
қызметі
|
жалақы
|
стаж
|
Стаж-қ
|
каф
|
Пән
|
топ
|
Сабақ түрі
|
Иванова Д.А.
|
оқытушы
|
500
|
5
|
100
|
25
|
Логика
|
256
|
практика
|
Иванова Д.А.
|
оқытушы
|
500
|
5
|
100
|
25
|
Моделир
|
123
|
практ
|
Петрова И.С.
|
Аға оқытушы
|
800
|
7
|
100
|
25
|
СУБД
|
256
|
Практ
|
Петрова И.С.
|
Аға оқытушы
|
800
|
7
|
100
|
25
|
Проект
|
256
|
Лекция
|
Сидорова Т.П.
|
оқытушы
|
500
|
10
|
150
|
25
|
Логика
|
123
|
Лекция
|
Сидорова Т.П.
|
оқытушы
|
500
|
10
|
150
|
25
|
Проектир
|
256
|
Практика
|
Егоров А.Т.
|
оқытушы
|
500
|
5
|
100
|
24
|
Дельфи
|
244
|
лекция
|
1.4.-сурет. Оқытушылар қатынасы
Шамадан тыс қайталанудың 2 түрі бар:
Айқын қайталану
Айқын емес қайталану
Егер бір объектіге қатысты деректер анық түрде шамадан тыс қайталанатын болса, мысалы: бір оқытушының аты-жөні жүргізетін пәнінің саны нешеу болса, сонша рет қайталанады: Иванова Д.А. 2 рет қайталанып тұр, 2 пән жүргізеді, егер ол аға оқытушыға өтсе, оның қызметі 2 жолда да жаңартылуы керек, әйтпесе Иванова туралы қайшылықтуындайды, міне мұны жөндеудің аномалиясы және айқын шамадан тыс қайталану дейді.
Айқын емес шамадан тыс қайталану оқытушылардың жалақысында, стажы бірдей оқытушыларға қосымша ақы төлеу кезінде көрінеді, стаждары бірдейлер үшін 500 доллар жалақы 510 долларға көтерілсе, қордағы Сидорованың жалақысы өзгермей қалады да қайшылық туындатады. Бұл айқын емес шамадан тыс қайталану болады.
Шамадан тыс қайталанудан құтылу үшін қатынастарды қалыптандыру керек.
Қалыпты формалар әдісі
Бұл классикалық әдіске жатады. Мұнда қатынастар атрибуттарының арасындағы тәуелділіктер қарастырылады.
Атрибуттар арасындағы тәуелділіктер.
Атрибуттар арасындағы тәуелділіктер 3 түрлі:
Функционалды тәуелділік (ФТ)
Транзитивті тәуелділік (ТТ)
Көпмәнді (КТ)
ФТ – негізгі тәуелділік болып табылады.
Б атрибуты А атрибутынан ФТ болады, егер А-ң әрбір мәніне Б-нан дәл сондай мән табылса А - Б деп белгіленеді. (А және Б атрибуттары күрделі болуы мүмкін, яғни бірнеше атрибуттардан тұрады).
Өзара ФТ. Егер А – Б және Б – А түріндегі ФТ болса, онда өзара ФТ болады. Мысалы: оқытушылардың аты-жөні (ФИО) және жеке куәлігінің нөмірі (№) атрибуттары өзара ФТ болады: ФИО - №. Себебі № атрибуты әрқашан ФИО атрибутымен 1:1 сәйкестікте болады, егер оқытушылардың аты-жөні толық сәйкестікпен қайталанбауы мүмкін жағдайды қарастырсақ.
Егер қатынас 1-ші қалыпты формада болса, онда барлық кілттік емес атрибуттар кілттік атрибуттардан әртүрлі дәрежеде ФТ болады.
Бөлікті ФТ. Кілттік емес атрибут құрмалас кілттің бөлшегінен тәуелді болса, оны бөлікті ФТ дейді. Мысалы: оқытушының аты-жөні ФИО – (құрмалас кілттің бөлшегі) мен қызметі (кілттік емес атрибут) арасында бөлікті ФТ бар.
Толық ФТ. Кілттік емес атрибут құрмалас кілттен толық тәуелділікте болса, оны толық ФТ дейді. Мысалы: Сабақ түрі атрибуты (кілттік емес) – барлық кілттік өрістерден тәуелді.
Транзитивті ФТ. А,Б,С атрибуттары арасында А – Б, Б – С ФТ болса, және кері ФТ болмаса, онда транзитивті ФТ табылады. ФИО – қызметі – жалақы атрибуттары арасында транзитивті ФТ бар.
Көпмәнді ФТ. Б атрибуты А атрибынан көпмәнді ФТ болады, егер А атрибутының әрбір мәніне Б атрибутынан көп мән сәйкес келсе . Көпмәнді ФТ-ң мынадай түрлері болады: «1: Көп», «Көп:1», «Көп:Көп». Мысалы: ФИО – Пән арасында көпмәнді ФТ бар, Иванова 2 түрлі пәннен (логика, моделир) сабақ берсе, Логика немесе Проектирование пәнін 2 мұғалім (Иванова, Сидорова) жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |