Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет43/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

2. Атау — идентификатор (identification — объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификаторлар тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрін, функцияларды, программаларды, процедураларды, файл­дарды т.б. программа объектілерін белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор міндетті турде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Бірақ оларды өте қысқартпай, мағынасына сәйкес атау беру қалыптасқан. Мысалы: X, XI, СУММА, P23PS6, DT54AS, ALFA, baga2, SALMAK, OMEGA2 т.б.
Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзіміз берген атау) болып бөлінеді. Бейстандартты атауды тұтынушы (компьютерді пайдаланушы адам) өзі тағайындайды.
Тілді алғаш жасаушылар стандартты атауларды кейбір тіл элементтері типтерінің, шамалардың (тұрақты, айнымалы), стандартты функциялардың, процедуралардың атауларын алдын ала баршаға түсінікті етіп белгілеу үшін енгізген, оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек. Мысалы, REAL (нақты сан), INTEGER (бүтін сан), VAR (айнымалы), CONST (тұрақты), SIN, COS (тригонометриялық функциялар), EXP, LOG (математикалық функциялар), FALSE, TRUE (логикалық мәндер) т.б. ағылшын тілінің қысқартылған сөздері. Паскаль тілінде программа жазуда қолданылатын басқа да түйінді сөздер жай атаулар ретінде қолданылмайтын стандартты идентификаторлар болып есептеледі. Олар: AND, ARRAY, BEGIN, END, CASE, CONST, VAR, PROGRAM, IF т.б.
Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз стандартты идентификаторлардан өзгеше болуы тиіс, мысалы: L12, BAGA, SYT, F105, МАТА. Біз мысал келтіріп, қарастырып отырған тіл — Тurbo Pascal деп аталатын дербес компьютерге арналған Паскаль программалау тілінің бір нұсқасы, мұнда идентификаторлар тек латын алфавитінің үлкен не кіші әріптері және цифрларды ғана пайдалануға рұқсат етілген.
Тұтынушылар қойған бейстандарт атауларға әркім өз қалауынша тағайындаған шама атаулары, яғни стандартқа кірмейтін иден­тификатор жатады. Олар төмендегі талаптарға сай құрылуы қажет:

  • Атау тек латын әріптерінен (астын сызу «_» белгісі де әріп болып саналады) басталуы тиіс. Тек белгілер (label) атауы ғана цифрдан да, әріптен де бастала береді;

  • Атаудың алғашқыдан кейінгі символдары әріптерден, цифрлардан немесе астын сызу белгісінен тұруы мүмкін;

  • Қатар орналасқан екі атау арасында кем дегенде бір бос орын белгісі болуы қажет;

  • Атаудағы символдар саны 127-ден аспауы қажет;

  • Атауда бас әріптер мен кіші әріптерді қатар пайдалануға рұқсат етілген, олардың ішкі кодтары әр түрлі болғанымен транс­лятор үшін ешбір айырмасы жоқ болып саналады. Бірақ мұны да ұтымды пайдаланған жөн, мысалы, ZatNomеri, BujmBagasу т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет