Программа денесі(операторлар тізбегі)


Файлдарды әр элементтері бойынша өңдеу



бет81/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

Файлдарды әр элементтері бойынша өңдеу
Айталық, қандай-да бір файлдың әр элементін қалай-да өңдеу керек. Мысалы, егер файлдың бұл элементтері – сандар болса, онда оларды қандай-да бір коэффициентке көбейту керек, ал егер бұл жолдар болса, әр жолдың соңына символдар қосу керек. Мұндай есептерді шешу үшін файлды ашу керек, содан кейін файл соңы маркеріне жеткенше оның әрбір элементін өңдеу керек. Бірақ файл соңына жеткенімізді қалай анықтау керек (яғни, ағымдағы позиция нұсқауышы соңының белгісінің алдында тұрғанын)? Ол үшін Turbo Pascal-да EoF стандартты функциясы бар.
Егер ағымдағы позиция нұсқауышы соңғы элементтен кейін тұрса немесе файл бос болса, онда EoF функциясы TRUE мәнін қабылдайды. Кері жағдайда функция FALSE мәнін қабылдайды. Бұл функцияның тақырыбы типтендірілген және типтендірілмеген файлдар үшін төмендегідей болады.
Function EoF (var f):Boolean;
Текстік файлдар үшін.
Function EoF (var f: Text):Boolean;
Мұндағы f – файлдық айнымалы (текстік, типтендірілген немесе типтендірілмеген).
7-суреттегі үш бейнеге назар аударайық.

Осы жерде көрсетілген үш жағдайдың алғашқы екеуінде EoF функциясы FALSE мәнін қабылдайды, ал үшінші жағдайда - TRUE мәнін қабылдайды.


EoF функциясы қолданылған программаны төмендегі мысалдан көруге болады.
Program EndOfFile;
Var f:text;
Symb:char;
Begin
Assign(f, ‘C:\autoexec.bat’);
Reset(f);
Repeat
Read(f, symb);
Write(Symb);
Until EoF(f)
End.
Бұл мысалда Text типті f файлдық айнымалы жарияланып, ол С түпкі каталогындағы Autoexec.bat файлымен байланыстырылады. Осыдан кейін файл оқу үшін ашылады (Reset процедурасы арқылы). Содан кейін Repeat цикл операторы арқылы ондағы символдарды циклық оқу орындалады. Цикл денесі болатын құрылымдық оператор өзіне кезекті символды оқу операторын (Read процедурасы) және осы символды экранға шығару операторын (Write) қамтиды. Нәтижесінде Autoexec.bat файлының түгел мазмұны экранға шығарылады.
Autoexec.bat файлының орнына Assign процедурасының параметрі ретінде кез-келген басқа текстік файлды алуға болады. Нәтижесінде бұл файлдың да мазмұны экранға шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет