Лист утверждения Форма
к программе дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/11
для студентов
БЕКІТЕМІН
Филология, журналистика және өнер факультетінің деканы
________________ Ж.Т. Сарбалаев
«___»_____________2009 ж.
Құрастырушы: профессор Булекбаева С.Е.
Психология және педагогика кафедрасы
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
«Патопсихология негіздері» пәні бойынша
050503 – психология бакалавры мамандығының студеттеріне арналған
Студенттерге арналған бағдарлама Мемлекеттіќ стандарт және типтік оқу жоспар негізінде әзірленді ҚР МЖМБС 3.08.307-2006 және ПМУ ғылыми кенесінің мәжілісінде бекітілді.
«_____»__________ 2009ж №____ хаттама
Кафедра мәжілісінде ұсынылды “_____ ” _______________2009ж.
Хаттама №
Кафедра меңгерушісі _____________ Бурдина Е.И.
Филология , журналистика жєне өнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды
“____ ” ____________2009ж. Хаттама № _____
ОӘК Төрайымы ____________ Е.Н. Жуманкулова.
КЕЛІСІЛДІ
Кафедра меңгерушісі _____________ Бурдина Е.И.
«_____»__________ 2009ж
1 Пән туралы мәлімет
1.1 Кіріспе
Патопсихология психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын психикалық процестердің нормада қалыптасу және жүзеге асу заңдылықтарымен салыстыра отырып зерттейді, психикалық сараптама жүргізу мақсатымен эксперименталды-психикалық зерттеу әдістерін үйретеді. Патопсихология пәні бойынша дәріс курсында жүйелі түрде пәннің теориялық және әдістемелік негіздері ашылуы керек, соның ішінде нейропсихологияның негіздері, бала дизонтогенезі мәселелері, әлеуметтік патология, соматикалық медицинаның психологиялық мәселелері, тұлғаның құбылыс жағдайының, мамандық деонтологиясының психологиялық аспектілері және т.б. Бұл курсқа қазіргі отандық клиникада қолданылмаған патопсихологияның мүмкіншіліктерінің ішінде психикалық, денсаулық мәселелерін талқылау, норма және патология мәселелерінің кросс-мәдениеттік аспектілерін, ғылым жүйесіндегі патопсихологияның орны,оның әлеуметтанумен, философиямен, әлеуметтік саясаттанумен және т.б. әлеуметтік тәжірибе салаларымен өзара байланыстары енуі керек. Осы курста отанымыздың патопсихология теориясы мен тәжірибесі дамуы, қарым-қатынас жемістілігі, сол сияқты, денсаулық сақтаудың тәжірибелік сұрақтардың шешілуіне қолданбалы мәнділігі көрсетілу керек. Патопсихология сараптамаларының нәтижелері бойынша диагноз қойылады, әскерге жарайтындығын не, жарамайтындығын, сот алдында кінәлі ме, әлде кінәлі емес екендігі шешіледі. Сондықтан бұл курста студенттердің ауру адамдарды экспериментті-психологиялық зерттеудің негізгі әдістері және тәсілдерімен, сонымен қоса, психокоррекциялық жұмыс жүргізудің тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінеді.
1.2 Пәннің мақсаты - студенттерде психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын меңгеруді психикалық процестердің нормада қалыптасу және жүзеге асу заңдылықтарымен салыстыра қалыптастыру.
1.3 Курстың міндеттері:
- адамның психикалық жағдайларын зерттеу үшін студенттерде толық бағдарлық негізді қалыптастыру;
- психологиялық білімді қолданудың спецификасын психологтың іс-әрекетінің құрылымында түсіну;
- психиатриялық сараптаманың негізінде жатқан психологиялық себептерді талдау дағдыларын қалыптастыру;
Курсты оқу нәтижесінде студенттер білуі керек:
- психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын;
- патопсихологиялық зерттеудің барлық әдістемелерін;
- психологиялық білімді психологтың іс-әрекетінің құрылымында қолданудың спецификасын;
- физикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларына байланысты бейімделудің және өзін-өзі көрсетудің қиыншылықтары бар тұлғаларды анықтау әдістері.
Студенттер істей білуі керек:
эксперименталды-психологиялық зерттеулерді жүргізе білу;
психиатриялық сараптама (еңбек, әскери) жүргізу кезінде психиканың бұзылу деңгейі мен құрылымын психикалық талдауды және бағалауды жүргізе білу;
психикалық аурулары бар балалар мен жастардың мүгедектікке ұласуының алдын алу мақсатымен, еңбекке және оқуға ұсынуды таңдау және негіздеу үшін олардың интеллектуалдық сферасының ерекшеліктерін психологиялық талдауды жүргізе білу;
әртүрлі жағымсыз нәрселердің, уланудың, күйзелістердің әсерлерінен пайда болатын аурулар кезіндегі психикалық іс-әрекеттер құрылымына психологиялық талдау жүргізе білу.
2 Пререквизиты: жалпы психология, практикалық психология, медициналық психология, жас ерекшелік психологиясы, психофизтология, психогенетика.
Сабаз өткізу түрлері – коллективті, топпен, жеке даралық.
Студенттердің білімді меңгеру деңгейін бақылау үшін курстың соңында емтихан қарастырылған.
Ұстаз туралы мәлімет
Булекбаева Слухия Елеуовна – психология және педагогика кафедрасының доценты
Ауд. 146
СҰӨЖ қабылдау күндері – сәрсенбі күні, 146 ауд.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Ілешева Р.Г. Медициналық спихология. Алматы, 1994.
2. Ілешева Р.Г. Психиатрия. Алматы, 1995.
3. Құдиярова Г.А. Психиатрия. Алматы, 1994.
4. Абрамова Г.С., Юдчиц Ю.А. Психология в медицине. М., 1998.
5. Братусь Б.С. «Аномалии личности». М., 1990.
6. Зейгарник Б.В. Патопсихология. МГУ, 1987
7. Лебединский М.С. Нарушения психического развития у детей, М.,1985.
8. Лурия А.Р. Основы нейропсихологии. М.,1973.
9. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. М.,1986.
10.Николаева В.В. Влияние хронической болезни на психику. МГУ, 1987.
11.Сапарова И.А. Психология переживания болезни. Алматы, 1997.
12.Рубинштейн С.Я. Экспериментальные методики патопсихологии. М., 1970.
13.Хрестоматия по медицинской психологии. (составитель Сапарова И.А. Алматы, 2004
14. Хомская Е.Д. Нейропсихология . М., 1990.
15. Клиническая психология в социальной работе. (под ред. Б.А.Маршинина, 2002.
16. Менделевич В.Д. Патология девиантного поведения. М., 2001.
17. Максимова Н.Ю., Милютина Е.Л. Курс лекций по детской патопсихологии. Ростов на Дону,: Феникс, 2000.
18. Клиническая психология: учебник /Под ред. Б.Д.Карвасарского – СПб: Питер, 2002.
Қосымша:
Захаров А.И. Неврозы у детей и подростков. Л., 1989.
Лэнг Р. Расколотое Я. М., 1996.
Коркина М.В., Цивилько М.А., Марилов В.В. Нервная анорексия. – М.: Медицина, 1986.
Карвасарский Б.Д. Неврозы. – М.: Медицина, 1990.
Маринчева Г.С., Гаврилов В.И. Умственная отсталость при наследственных болезнях. – М.: Медицина, 1988.
Пәннің тематикалық жоспары
СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны
3.1. Пәннің тематикалық жоспары
№ п/п
|
Наименование тем
|
|
Сағат саны
|
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
СӨЖ
|
|
1
|
Патопсихологияның пәні, міндеттері, даму тарихы.
|
1
|
1
|
4
|
|
2
|
Патопсихологиялық зерттеу әдістері
|
1
|
1
|
4
|
|
3
|
Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері. Аномальды дамудың психологиясы.
|
1
|
1
|
4
|
|
4
|
Қабылдаудың бұзылуы. Иллюзиялар және галлю- цинациялар.
|
1
|
1
|
4
|
|
5
|
Естің бұзылуы. Амнезия- лар. Естің бұзылуын зерт- теу әдістері. Интеллектің бұзылу түрлері.
|
1
|
1
|
4
|
|
6
|
Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі. Эмоциялардың психофизи-ологиялық механизмдері.
|
1
|
1
|
4
|
|
7
|
Невроздар. Негізгі невротикалық синдромдар.
|
1
|
1
|
4
|
|
8
|
Сананың бұзылуы, крите- рийлері,синдромдары: кома, стопор, онейроид, есеңгіреу, делирия, құнды идеялар, паранойя.
|
1
|
1
|
4
|
|
9
|
Сөйлеудің ауытқулары. Зейіннің бұзылулары. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер.
|
1
|
1
|
4
|
|
10
|
Ойлаудың бұзылуының патопсихологиялық зерт- теулері. Ойлаудың бұзыл- уын зерттейтін әдістер.
|
1
|
1
|
4
|
|
11
|
Жеке тұлғаның патологиялық өзгерістері және тұлғаның мақсат қоюдағы мотивациялық сферасы- ның бұзылуы.
|
1
|
1
|
4
|
|
12
|
Психиканың органикалық бұзылуы, оның түрлері, диагностикасы.
|
1
|
1
|
4
|
|
13
|
Кешіккен психикалық даму, этиологиясы, түр- лері, дифференциалды
диагностика, психология- лық коррекция мәселелері.
|
1
|
1
|
4
|
|
14
|
Дисгармониялық психи- калық даму. Психопатия. .
|
1
|
1
|
4
|
|
15
|
Бұрмаланған психикалық даму. Ерте балалық аутизм.
|
1
|
1
|
4
|
|
Барлығы
|
15
|
15
|
60
|
|
.2 Теориялық курстың мазмұны
1 тақырып. Патопсихологияның пәні, міндеттері, даму тарихы.
Патопсихология, пайда болу тарихы және дамуы. Психоневрологиялық мектептердегі патопсихологтардың негізгі функциялары. Жалпы патопсихологиялық пәннің анықтамасы, эксперименталды-психологиялық әдістерді клиника-нозологиялық диагностика мақсаттарына пайдалану принципі.
2 тақырып. Патопсихологиялық зерттеу әдістері. Патопсихологиялық зерттеудің әдістері, оның кезеңдері: ауру анамнезін талдау, зерттеудің нақты міндеттерін анықтау. Тексерудің негізгі маңыздылық категориялары: адекватты, эготропты, нозотропты мотивациялар. Сараптама, оның типтері, негізгі міндеттері.
3 тақырып. Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері. Аномальды дамудың психологиясы. Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері. Аномальды дамудың психологиясы. Психикалық дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара қатынас мәселесі. Дизонтогенез түсінігі, психикалық дизонтогенездің негізгі түрлері. Әртүрлі аномальды даму барысындағы балалардың психологиялық сипаттамалары.
4 тақырып. Қабылдаудың бұзылуы. Сағымдар: физикалық, физиологиялық, зейінсіздік, аффективті, вербальді, парэйдолиялық. Елестеушіліктер: интерпретативті, әмірлі немесе бұйрықты (императивті), функционалды, жанасу, иіс сезу, дәм сезу, іштегі (висцеральды), психогендік, қарапайым, күрделі, жалған елестеушіліктер.
5 тақырып. Естің бұзылуы. Амнезиялар. Естің бұзылуын зерттеу әдістері. Интеллектің бұзылу түрлері. Естің физиологиялық негіздері, оның түрлері: механикалық, сөздік-логикалық, музыкалық, гипомнезия, гипермнезия, феноменальды. Амнезия, оның түрлері: антероградтық, ретроградтық, парамнезия, конфабуляция, псевдореминисценция, крептомнезия. Балалар есінің бұзылу ерекшеліктері. Интеллект түсінігі, түрлері: туа біткен ақыл-ой жетіспеушілігі – олигофрения: идиотия, имбецильность, дебильность. Жүре пайда болған ақылдың жетіспеушілігі – деменция: органикалық, апатикалық (шизофреникалық), эпилептикалық.
6 тақырып. Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі. Эмоциялардың психофизи-ологиялық механизмдері. Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі. Эмоциялар ... стресс. Эмоциялардың психофизиологиялық механизмдері. Эндогенді және шектік (пограничные) күйлердегі эмоционалды бұзылулар. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуындағы аффективті бұзылу. Физиологиялық және патологиялық аффект. Эмоционалды бұзылулардың диагностика мен коррекциясы.
7 тақырып. Невроздар. Негізгі невротикалық синдромдар.
Невротикалық бұзылулар: 1) обсессивтік-комплексті бұзылулар, олардың әлеуметтік жағдайлармен байланысы, психологиялық механизмдері, психотерапевтік және психокоррекциялық жұмыстарды өткізу; 2) соматоформдық бұзылу, конверсиондық (истерия), соматогендік, ипохондрия, психокоррекциясы; 3) диссоциативтік бұзылулар: психогендік деперсонализация; 4) «МЕН» бейненің бұзылуымен байланысты дисморфоманиялар, дисморфобиялар, нервтік анорексия. Невроздар кезіндегі соматикалық және басқа бұзылулар.
8 тақырып. Сананың бұзылуы, критерийлері. Сананың бұзылулары. Сананың бұзылуының критерийлері,синдромдары: кома, сткпор, онейроид, қарауытқан ... бұзылулары (сумеречное состояние), есеңгіреу (оглушенность), делирия, құнды идеялар, олардың құрылуы мен психологиялық механизмі. Паранойя.
9 тақырып. Сөйлеудің ауытқулары. Зейіннің бұзылулары. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер. Сөйлеудің бұзылуы - алалия, афазия: моторлық, сенсорлық, амнестикалық, брадифазия, вербигерация, дизартрия, заикание, косноязычие, олигофазия, шизофазия, символическая речь, криптолалия, неологизмы, мутизм. Зейіннің бұзылулары. Зейіннің және қабылдаудың мотивациялық компонентінің бұзылуы. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер.
10 тақырып. Ойлаудың бұзылуының патопсихологиялық зерттеулері. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер.
Ойлаудың бұзылуы, оның түрлері: сандырақ ойлар, ипохондриялық ойлар, нақұрыс және ұлылық сандырағы, жүйеленген сандырақ, жабысқақ ойлар. Ассоциативті процестің бұзылуы: ойлардың секіруі, үзілуі, қисынсыздығы, персерверациясы, толықтылығы. Балалар ойлауының бұзылуы, оның ерекшеліктері. Жүйкелік-психологиялық аурулардың әртүрлі формаларындағы ойлаудың бұзылуы. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер, олардың дифференциалды-диагностикалық мағыналылығы.
11 тақырып. Жеке тұлғаның патологиялық өзгерістері және тұлғаның мақсат қоюдағы мотивациялық сферасының бұзылуы. Жеке тұлғаның патологиялық өзгерістері және тұлғаның мақсат қоюдағы мотивациялық сферасының бұзылуы, могтив иерархиясы, жанамалалаудың бұзылуы. Мағына қалыптастыру процесі және оның бұзылулары. Патологиялық қажеттіліктердің құрылу анализі. Өзін-өзі реттеудің бұзылуы. Невроздардағы тұлғаның бұзылуы. Тұлғаны зерттеудегі патопсихологиялық әдістер. Жалпы психология үшін тұлғалық аномалияларды зерттеудің мәні.
12 тақырып. Психиканың органикалық бұзылуы. Зақымданған психикалық дамудың түрлері: мидың минимальды дисфункциясы, мидың екі жартышарының арасындағы өзара іс-әрекеттің бұзылуы, бас миының локальды зақымдануы (мысалы, ми қыртысының сөйлеуге қатысты орталығы), эпилепсия, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы.
13 тақырып. Кешіккен психикалық даму, этиологияся, диагностикасы, коррекция мәселелері. Кешіккен психикалық дамудың себептері, диагностикасы, түрлері: психикалық, психофизикалық инфантилизм салдарынан және ұзаққа созылған астеникалық және цереброастеникалық жағдайларға байланысты болған психикалық дамудың кешігуі;
Кешіккен психикалық дамудың себептеріне байланысты варианттары: конституциональдық, соматогендік, психогендік, церебральды-органикалық. Коррекциялық көмек.
14 тақырып. Дисгармониялық психикалық даму. Психопатия. Дисгармониялық психикалық дамудың себептері, әлеуметтік дезадаптация түсінігі. Психопатия жеке тұлғаның дисгармониялық дамуының түрі ретінде. Психопатияның классификациясы, түрлері: шизоидтік, эпилептоидтік, циклоидтік, психоастеникалық, истероидтік, психопатиялар. Жеке тұлғаның патологиялық қалыптасуы.
15 тақырып. Бұрмаланған психикалық даму. Ерте балалық аутизм. Ерте балалық аутизмнің клинико-психологиялық құрылымы, оны сипаттайтын белгілері. Диагностикасы. Психологиялық ерекшеліктеріне байланысты аутикалық балаларға қолданылатын коррекциялық жұмыстардың арнайы бағдарламасы, оның негізгі кезеңдері: психологиялық коррекция, педагогикалық корреция, дәрі-дәрмекпен коррекция, отбасымен жүргізілетін жұмыс.
3.3 СӨЖ мазмұны
№
|
СӨЖ түрлері
|
Есеп беру түрлері
|
Бақылау түрлері
|
Сағат саны (күндізгі бөлім)
|
1
|
Дәрісті пысықтау
|
|
Сабақ кезіндегі белсенділік
|
3
|
2
|
Курстың қосымша тақырыптарын оқып білу
|
Есеп беру
|
Баяндама
|
10
|
3
|
Тәжірибелік сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын орындау
|
Жұмыс дәптері, конспект
|
Сабақ кезіндегі белсенділік
|
22
|
4
|
Тақырып бойынша әдебиеттерді талдау, салыстырмалы кестелерді құрастыру
|
Конспект
Қажетті кестелерді дайындау
|
Баяндама, қорғау
|
9
|
5
|
Ғылыми баяндама жасауға дайындалу, рефераттарды орындау
|
Реферат, баяндама
|
Қорғау
|
6
|
6
|
Глоссарий құрастыру
|
Глоссарий
|
|
8
|
7
|
Бақылау жұмыстарын орындау (сырттай оқу бөлімі)
|
Бақылау жұмысы
|
|
-
|
8
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
РК 1, РК 2, тестілеу
|
2
|
|
Барлығы
|
|
|
60
|
Достарыңызбен бөлісу: |