Программа дисциплин Форма для студентов фсо пгу


тақырып. Кейбір психикалық аурулардың клиникалық-психологиялық сипаттамасы



бет10/15
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150849
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
6 тақырып. Кейбір психикалық аурулардың клиникалық-психологиялық сипаттамасы.
Психикалық ауруларды диагностикалау және емдеудің қазіргі әдістері.Көңіл-күйдің бұзылуының негізгі клиникалық формалары, эмоционалды сферасының бұзылуы. Жабырқаудың, мазасыздықтың, қорқыныштың феноменологиясы. Паникалық бұзылулар. Фобиялар. Посттравматикалық стресстік бұзылулар. Депрессия, түрлері. ұлғаның эмоционалды сферасындағы бұзылуарды түсінуге психологиялық бағыттар. Олармен психокоррекциялық жұмыстардың негізгі бағыттары. Шизофрения, эпилепсия (қояншық ауру), дірілдеме (судорожный припадок), түрлері, жалпы клиникалық ерекшеліктері. Эксперименталды-психологиялық диагностика.
7 тақырып. Невроздар. Невротикалық бұзылулар туралы қазіргі кездегі теориялар.
Невроздар. Невротикалық бұзылулар туралы қазіргі кездегі теориялар. Нев ротикалық бұзылулар: 1) обсессивтік-комплексті бұзылулар, олардың әлеуметтік жағдайлармен байланысы, психологиялық механизмдері, психотерапевтік және психокоррекциялық жұмыстарды өткізу; 2) соматоформдық бұзылу, конверсиондық (истерия), соматогендік, ипохондрия, психокоррекциясы; 3) диссоциативтік бұзылулар: психогендік деперсонализация; 4) «МЕН» бейненің бұзылуымен байланысты дисморфоманиялар, дисморфобиялар, нервтік анорексия. Олардың психотерапиясы мен психокоррекциясы.
8 тақырып. Сананың, қабылдаудың, естің, эмоцияның бұзылулары. Критерийлері, синдромдары.
Сананың бұзылуының критерийлері,синдромдары: кома, стопор, онейроид, қарауытқан ... бұзылулары (сумеречное состояние), есеңгіреу (оглушенность), делирия, құнды идеялар, олардың құрылуы мен психологиялық механизмі. Физиологиялық және патологиялық аффект. Эмоционалды бұзылулардың диагностика мен коррекциясы. Ерік және оның бұзылуы. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер, олардың дифференциалды-диагностикалық мағыналылығы.
9 тақырып. Жеке тұлға аномалиялары және олардың жалпы психология үшін зерттеудің мәні.
Мағына қалыптастыру процесі және оның бұзылулары. Патологиялық қажеттіліктердің құрылу анализі. Өзін-өзі реттеудің бұзылуы. Невроздардағы тұлғаның бұзылуы. Тұлғаны зерттеудегі патопсихологиялық әдістер. Жалпы психология үшін тұлғалық аномалияларды зерттеудің мәні. Тұлғаның аномалия кезіндегі психологиялық коррекция. Ауытқыған жүріс-тұрыстың түрлері. Олардың диагностикасы және коррекциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет