Ол атмосфера, гидросфераға қарағанда, жылжымалы орта екенін білдіреді.
Климаттық жүйенің компоненттері бір-бірімен күрделі сызықтық емес
әрекеттесу күйінде болады, түзу және кері байланыста болады. Климаттық
жүйеге сыртқы әрекеттесуді және де климаттық жүйенің мүшелері арасында
негізгі
әрекеттесуді
анықтайтын
физикалық
механизмдерді
климат
қалыптастырушы факторлар деп атайды.
Адамзаты бұрыннан климаттың сұрақтарымен қызыққан, өйткені
климатпен адамның өмір сүру жағдайлары байланысты болған. XVI және XVII
ғасырларда барометр мен термометрдің ойлап шығарылуы климатологияның
дамуына әсер етті. XVII және XVIII ғасырларда климаттың алғашқы
сипаттамалары пайда болады. XVIII ғасыр ірі географиялық ашылулар ғасыры
болып саналады және олар климатты зерттеу үшін көп ақпарат берді. Э. Галлей,
Дж. Хэдли Ұлыбританияда және М.В. Ломоносов Ресейде атмосфералық
циркуляцияның климатқа әсер етуі туралы бірінші ой-пікірлерін айтады.
Климатологияның дамуында ең ірі этап болып орталық метеорологиялық
ұйымдардың құрылуы табылады. Соның бірі болып 1849 жылы Петерборда
ашылған Бас физикалық обсерватория әлемдегі ең бірінші орталық
метеорологиялық ұйым болып саналады. Метеорологиялық бақылау
мәліметтері жиналған сайын кейбір жеке климаттық көрсеткіштердің
географилық таралуын сипаттауға тырысқан. Жер шарының ең алғашқы
изотермалар картасын 1817 жылы 57 метеостанциялар мәліметтері негізінде А.
Гумбольдт құрастырған. Климатологияға картографиялық әдістің енгізілуінің
маңызы өте зор, өйткені метеорологиялық элементтердің таралуында негізгі
заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік берді. Климатологияның дамуына үлкен
үлесін экспедициялар да қосты. Аэрологиялық бақылаулардың дамуы еркін
атмосфераның климатын зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл зерттеулер біздің
климат туралы көзқарасымызды өзгертіп, оны кеңістікте зерттеуге үлкен
мүмкіншілік берді.
Югослав
астрономы
М.Миланкович
30-40-жылдары
климаттың
өзгеруінің теориясын шығарды, ол өзгеруді Күннен келетін күн энергиясының
маусымдық қайта таралуымен байланыстырған.
Климат теориясының қалыптасуында совет ғалымы М.И. Будыконың
және АҚШ-та жұмыс істеген жапон ғалымы С.Манабенің жұмыстары негізгі
рөлді атқарды. Заманауи дәуірде климаттың өзгеруінің концепциясы жанған
отын атмосфераны парниктік газдар деп аталатын газдармен (СО
2
, СН
4
, О
3
,
N
2
O, фреондар және т.б.) қоректенуіне болысады деген ойда негізделген.
Бірнеше онжылдықтар бойы М.И. Будыко және С.Манабе климаттың
антропогендік жылыну концепциясының көшбасшылары болды.
Заманауи климатологияның үлкен ұйымдастыру жетістігі болып
климаттың
өзгеруі
бойынша
Үкіметаралық
эксперттер
тобының
(Intergovernmental Panel on Climate Change) құрылуы табылды
Достарыңызбен бөлісу: