Программа дисциплин по специальности 6D061400- генетика



Pdf көрінісі
бет2/45
Дата04.05.2024
өлшемі428,68 Kb.
#201738
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Генетика докторантура

 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
 
«
Тұқымқуалаушылықтың және өзгергіштіктің молекулалық-генетикалық 
механизмдері»
 
курсының бағдарламасы
 
кредиттік технология негізінде 
«6D061400-
Генетика» мамандығы бойынша докторанттарға дайындық 
курсын жүргізетін университеттерге арналған.
 
Осы курста про- және эукариоттардағы тұқымқуалаушылық пен 
өзгергіштіктің жүзеге асу механизмдерінің құрылымдық-функциональдық 
сипаттамалары толықтай зерттеледі. 
Заманауи 
және 
классикалық 
генетиканың 
орталық 
бөлімі 
тұқымқуалаушылық және өзгергіштік сияқты факторлардың өзара қатынасы 
болып табылады. Бұл факторлар молекулалық биологияны және генетиканы 
зерттеудегі әр түрлі прокариоттық және эукариоттық ағзаларға 
қолданылатын арнайы объектілер және кілтті элементтер болып табылады. 
Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік белгілеріне ие ағзалар өкілдеріне 
микроорганизмдер (вирустар, бактериялар, протисталар, ашытқылар, 
микробалдырлар және т.б.), өсімдіктер, жануарлар, сонымен қатар, 
мамандандырылған клеткалар культуралары мен ұлпалар жатады.
Жалпы және молекулалық генетика тірі жүйелерде жүріп жатқан 
үрдістерге негізделген, яғни нәтижесінде тұқымқуалаушылық бекітіліп, 
клетка ұлпалары, жеке мүшелер және бүтін жүйелер деңгейінде тірі 
ағзаларда белгілі бір вариабельділік деңгейі қамтамасыз етіледі. Бұл курста 
прокариот және эукариоттардың арасында молекулалық деңгейде 



өзгергіштіктің қолайлы деңгейін ұстап тұру және тұқымқуалаудың 
механизмдері сипатталып көрсетілген. 
Бұл курс арқылы заманауи молекулалық генетиканың бөлімдері және 
гендердің экспрессиясының механизмдері, гендердің кластерлері, 
хромосомалар мен геномдарды оқу қарастырылады. Репарация, 
рекомбинация, геномдарды редакциялау, ядродан тыс тұқымқуалауды жүзеге 
асыру тәрізді механизмдерге ерекше назар аударылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет