Программа дисциплины (Syllabus) Органикалық химия Оқу пәнінің атауы / Наименование учебной дисциплины 6В05304


Физикалық және химиялық қасиеттері



бет22/31
Дата06.02.2022
өлшемі7,81 Mb.
#78626
түріПрограмма дисциплины
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Физикалық және химиялық қасиеттері
Қарапайым аминдер - метиламин, диметиламин, триметиламин газдар, суда жақсы ериді, аммиак сияқты иісі бар. Басқа төменгі аминдер - аммиак иісті сұйықтар. Күрделі аминдер ұнамсыз (жағымсыз) балық иісті сұйықтар.
Жоғарғы аминдер қатты, суда ерімейтін, иіссіз заттар.
Химиялық қасиеттері аммиакқа ұқсас.
1. Аминдердің сулы ерітінділері негіздік орта көрсетеді: 
RNН2 + НОН « [RNН3]+ + OН-
2. Аминдер минералды қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді:
RNН2 + НСl → RNН3+Сl- – алкилге ауысқан
Аминдердің негіздік қасиеті аммиактан жоғары.
3. Біріншілік және екіншілік аминдер сонымен бірге әлсіз қышқылдық қасиеттер көрсетеді, олар сілтілік металдармен тұздар − алкил- не диалкиламидтер түзеді:
2R2NН + 2Nа → 2R2NNа + Н2
4. Аминдер алкилденеді: біріншілік, екіншілік аминдер амин тобындағы сутегіні алкилдерге ауыстырады, бұл реакция арқылы екіншілік, үшіншілік аминдерді алады:
RNН2 + СН3І → RNНСН3 + НІ, не тұзы түзіледі RNНСН3 . НІ
RNНСН+ СН3І → RN(СН3). НІ
5. Аминдерді ацилдеуге болады, яғни сірке ангидридімен не хлорлы ацетилмен әрекеттестіріп:
С2Н5+ (СН3СО)2О → С2Н5NНСОСН3 + СН3СООН
этилацетамид не ацетилэтиламин
6. Азотты қышқылмен біріншілік амин азот және спирттер, алкендер, эфирлер түзеді, екіншілік аминдер-нитрозаминдер түзеді:
RNН2 + НОNО → RОН + N2 + Н2О,
R2NН + НОNО → R2NNО + Н2О
7. Біріншілік аминдерге изонитрильді реакция тән: күйдіргіш калий (КОН) қатысында біріншілік аминдер хлороформмен изоцианидтер түзеді, иістері өте жаман:
RNН2 + СНСl3 + 3КОН → RNС + 3КСl + 3Н2О
Екіншілік және үшіншілік аминдер бұл реакцияларды бермейді, сондықтан біріншілік аминдерді ашуға қолданылады.
Негізгі әдебиеттер: 1-5
Қосымша әдебиеттер:1-9




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет