Программа дисциплины (Syllabus) Органикалық химия Оқу пәнінің атауы / Наименование учебной дисциплины 6В05304


Тақырып 11.Нитро-амино қосылыстар



бет19/31
Дата06.02.2022
өлшемі7,81 Mb.
#78626
түріПрограмма дисциплины
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Тақырып 11.Нитро-амино қосылыстар
Жалпы формуласы. Изомериясы, жіктелуі, аталуы
Қаныққан нитроқосылыстардың жалпы формуласы СnH2n+1NO2 Нитроқосылыстардың изомериясы пропан туындыларынан басталады.
Нитроқосылыстар біріншілік RСН2NO2екіншілік R2СНNOжәне үшіншілік R3СNO2 болады. Оларды нитро- деген сөз қосып көмірсутек бойынша оқиды. Жүйелік номенклатура бойынша нитротоптың орнын цифрмен көрсетеді. 

СН3NO2

CH3CH2NO2

CH3CH2CH2NO2



нитрометан

нитроэтан

нитропропан

2-нитропропан

Алу жолдары
1. Көмірсутектердегі сутегі атомдары нитротопқа алмасады, нитрлеу реакциясы деп аталады (Коновалов М.И. реакциясы). 

(НNO3 + H2SO4 – нитрлеуші агент).
2. Зертханада галогеналкандар мен нитриттер арасындағы реакция арқылы алады:
С6Н5СН2Сl + NaNO2 → C6H5CH2NO2 + NaCl
Физикалық және химиялық қасиеттері
Алкандардың нитроқосылыстары сұйық, әдемі иісті, суда аз ериді, улы, сулы ортасы бейтарап реакция көрсетеді. Нитроқосылыстар – полярлы заттар, сондықтан спирттер мен карбонил қосылыстарына қарағанда жоғарырақ температурада қайнайды.
Негізгі химиялық қасиеттері нитротоптың структурасымен байланысты.
1. Нитроқосылыстар тотықсызданғанда біріншілік аминдер түзеді: 
RNO2 + 6H → RNН+ 2Н2О
2. Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстар сілтілерде еріп тұз түзеді, себебі нитротоп байланысып тұрған көміртегі атомы жанындағы сутегі атомдары нитротоп әсерінен активтеледі, сілтілік ортада нитротоп аци-нитро- түрге айналады (қышқылдық). Сонда нитротоп екі түрде нитро- және аци-нитро- бола алады, яғни таутомерлі заттар. 



Нитро- түрі

Аци-нитро- түрі




3. Нитротоп байланысып тұрған көміртегі атомы жанындағы сутегі атомдарының активтелетіндігін басқа реакциялардан да көруге болады. Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстар азотты қышқылмен әрекеттеседі, ал үшіншілік - әрекеттеспейді:

нитрол қышқылы

псевдонитрол
Нитрол қышқылдарының сілтілік тұздары ерітіндіде қызыл түсті, псевдонитролдар көк түске боялады.
4. Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстар сілті қатысында альдегидтермен әрекеттесіп, нитроспирттер түзеді.

Нитрометан формальдегидпен әрекеттесіп три (оксиметил) нитрометан О2NC(CH2OH)3 түзеді, оны тотықсыздандырсааминоспирт
Н2NC(CH2OH)3 түзіледі, ол жуғыш заттар мен эмульгаторлар өндірісінде қолданылады.
Нитроспирттердің азотқышқылды эфирлері, мысалы, О2NC(CH2ONO2)3 қопарылғыш зат ретінде қолданылады.
5. Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстардың аци- түрдегі тұздарына минералды қышқылдармен әсер етсе, альдегидтер не кетондар түзіледі.

6. Біріншілік нитроқосылыстар 85 %-ды күкірт қышқылымен (қыздырғанда) карбон қышқылына айналады.
CH2NO2+H2SO4+H2O = RCOOH+NH2OH+H2SO4
гидроксиламин
Осы әдіс бойынша өндірісте гидроксиламинді алады. 
Қолданылуы
Альдегидтерді, қышқылдарды, қопарылғыш заттарды алғанда нитропарафиндер техникада еріткіштер ретінде қолданылады, сонымен бірге еріткіштер ретінде резеңке өндірісінде (вулканизаторлар), пластмассалар алуда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет