Программа дисциплины (Syllabus) Органикалық химия Оқу пәнінің атауы / Наименование учебной дисциплины 6В05304



бет17/31
Дата06.02.2022
өлшемі7,81 Mb.
#78626
түріПрограмма дисциплины
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Химиялық қасиеттері.
1. қышқыл және орта тұздар
2. күрделі эфирлер түзу
3. амидтерді түзу
4. фтал қышқылы қыздырғанда су бөліп фталимидті түзеді

Фенолоқышқылдар
Фенолоқышқылдар – құрамында фенол және карбоксил топтары бар ароматты қосылыстары.







Салицил қышқылы

м-гидроксибензой қышқылы

п-гидроксибензой қышқылы

Алу жолдары.
1. Сульфобензой қышқылдардың сілтілермен балқыту

2. Кольбе-Шмидтің реакциясы

Химиялық қасиеттері.
Химиялық қасиеттері бойынша бұл бифункционалды қосылыстар. Олар функционалды топтар бойынша реакцияға түседі.

Негізгі әдебиеттер: 1-5
Қосымша әдебиеттер:1-9


Тақырып 10. Көмірсулар: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер
Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O) n яғни көмірсутек, су, аты осыдан шыққан) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. Көмірсулар деп аталу себебі олардың алғашқы зерттелген өкілдері (С6Н12О6) су мен көміртегі атомынан құралған. С(Н2О)- жалпы формуласы.
Көмірсулардың үлесіне өсімдіктердің 80%, ал жануарлардың 20% құрғақ заттары жатады.
Көмірсулардан маталар, қағаз және қопарылғыш заттар алынады. Көмірсулар қарапайым заттардан су мен СО2 күн сәулесінің энергиясын пайдаланып, жасыл пигмент хлорофильдің қатысумен синтезделеді. Бұл процесті фотосинтез дейді. Көмірсулардың классификациясы олар үш класқа бөлінеді:
Моносахаридтер - қарапайым қанттар, олар гидролизденбейді, бұлар – глюкоза, фруктоза, пентаза, гексоза.
Дисахаридтер - әр молекуласы екі моносахаридтерден тұрады (сахароза, лактоза).
Полисахаридтер - өте күрделі, заттар, гидролизденгенде көп молекула моносахаридтер түзеді (крахмал, клетчатка).
Моносахаридтер деп молекуласында бір карбонил (альдегид немесе кетон) және бірнеше гидроксил топтары бар қосылыстарды айтады. Альдегид тобы бар моносахаридтер альдоздар, ал кетон тобы бар моносахаридтер кетоздар деп аталады.
Көмірсулар молекуласындағы көміртегі атомының санына байланысты былай бөлінеді:
3 көміртегі атомы болса – триоза – глицеральдегид және диоксиацетон;
4 көміртегі атомы болса – тетроза – эритроза және эритрулоза;
5 көміртегі атомы болса – пентоза – рибоза және рибулоза;
6 көміртегі атомы болса – гексоза – глюкоза және фруктоза.
Бұлардың ішінде ең көп тарағандары пентозалар мен гексозалар.
Биологиялық маңызы зор гексозаларға: глюкоза (жүзім қанты) – альдоза (альдоспирт), фруктоза (жеміс қанты) – кетоза (кетоспирт) жатады.

Моносахаридтер – қатты заттар, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, реакция ортасы бейтарап. Монозалардың ациклді түрімен қатар циклді түрлері бар. Моносахаридтердің циклді түрлерін жарты ацетальді дейді. Сулы ерітінділерде екі циклді формалар – пираноза және фураноза болады.
Алты мүшелі цикл альдегид тобы ОН тобымен әрекеттескенде түзіледі, егер С5 болса, альдогексоза, Сболса, кетогексоза түзіледі. Осындай циклдер пираноздар деп аталады. Бес мүшелі альдогексоз циклі түзілу үшін С4, ал Сболса, кетогексоздар – фураноздар түзіледі.


Мысалы, глюкоза сулы ерітіндіде 5 таутомерлік форма түрінде болуы мүмкін: ашық, альфа- мен бета- пираноза және альфа- мен бета- фураноза. Таутамерияның осындай түрі цикло-оксо-таутомерия деп аталады.

Циклді формаға ауысатын моносахарид ерітінділері ерекше қасиетке ие: олардың ерітінділері тұрған кезде моносахаридтің бір формасы екінші формаға біртіндеп ауысады. Мұндай жаңадан дайындалған моносахарид ерітіндісінің оптикалық белсенділігінің өзгеру құбылысын мутаротация деп атайды.
Физикалық қасиеттері
Моносахаридтер – түссіз, тәтті, кристалға айналатын заттар. Олар ылғал тартқыш, суда жақсы ериді. Моносахаридтердің судағы ерітіндісі лакмусқа бейтарап, тәтті дәмі бар. Әр түрлі моносахаридтердің тәттілігі түрліше, мысалы фруктоза глюкозадан 1. 5 – 2 есе тәтті.Моносахаридтердің ерітінділері оптикалық пәрменді. Спиртте қиын ериді, ал эфирлерде олар ерімейді.

Каталог: public -> files
files -> Поурочное планирование по программе А. В. Перышкина и Е. М. Гутник «Физика 7 9»
files -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
files -> Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі
files -> Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер
files -> Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»
files -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі
files -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі
files -> Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі
files -> Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет