Программа дисциплины (Syllabus)


Дәріс сабақтарының мазмұны



бет2/4
Дата20.02.2020
өлшемі106,53 Kb.
#58507
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4
Байланысты:
Өсімдіктер экологиясы сил

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


Тақырып 1. Өсімдіктер экологиясының даму тарихы

Дәріс тезистері.



ХХ ғасырға дейінгі өсімдіктер экологиясының даму тарихы. Өсімдіктердің белгілі тіршілік ортасына, ортаға деген қатынасы жайлы білімдер адамзатта ертерек практика жүзінде: жабайы өсімдіктерді жинап, оларды өсіре бастаған кезден қалыптаса бастаған. Қазіргі кездегі кейбір халықтардың тілдерінде өсімдіктер топтарының атауларын кездестіруге болады, ол атаулар тек бақылау түрінде емес, бірақ экологиялық классификацияның бастауының дәлелі болып табылады (ылғалды жер өсімдіктері, құрғақ жер өсімдіктері, таулы және жазықты өсімдіктер және т.б.)

ХХ ғасырға дейінгі өсімдіктер экологиясының даму тарихы. Өсімдіктердің экологиялық жағдайлары жайлы хабарламалар өте ертеден белгілі болған. Ботаниканың әкесі атанған және оның жеке ғылым екендігінің негізін қалаушы Аристотельдің оқушысы Теофраст (немесе Феофраст, б.э.д. 371-286), өз еңбектерінде өсімдіктердің практикалық қолданудағы маңызы мен қатар олардың құрылысы, физиологиясы, географиялық таралуына аса мән берген. Ол Александр Македонский мен саяхатқа шыға отыра, әртүрлі елдердегі өсімдіктерге топырақ пен климаттың әсерін сипаттап және салыстыруға мүмкіншілігі болды. Теофрастың бізге жеткен екі үлкен еңбектерінде – Өсімдіктердің табиғи тарихы (10 том) және Өсімдіктердің себептері жайлы (8 том) - өсімдіктердің сыртқы түрлерінің өзгерістері және өсу түрлерінің жағдайларға байланысты болатындығы жайлы көптеген бақылаулары көрсетілген.

Экология ғылымының даму тарихы өте күрделі. Бұл күрделілік адамзат дамуының алғашқы қадамынан бастап, табиғатпен тығыз байланысынан көрінеді. Адам қоғамы әрқашан өсімдіктер мен жануарлар әлемімен және олардың қорларымен тығыз тәуелділікте және аңдар, құстар мен балықтардың тіршілігі мен таралу ерекшеліктерімен күнделікті есептесуге мәжбүр болды.


Қазіргі ғалымдардың дүниетанымына ежелгі грек ғалымдарының ықпалы зор. Мысалы, Аристотель (б.э.д. 348-322ж.) жануарлар тарихы еңбегінде су және құрлық жануарларын, жүзетін, ұшатын, жорғалаушыларды айырып жазды. Бұл ерекшеліктер тірі ағзаларды қоршаған ортаның жағдайларына бейімделу нәтижесінде туатынын сипаттайды.

Сол сияқты, ағзалардың құрылысы мен тіршілігі туралы сұрақтар анти философтары мен ойшылдары Теофраст (б.э.д. 371-280ж.) пен үлкен Плиней еңбектерінде қарастырылған. Ғалымдар өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылыстарын суреттеп қана қоймай, олардың өсу жағдайларына тәуелділігі туралы жазды. Жануарларды зерттеу олардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, тіршілік орыны сияқты хабарлармен толықтырылды.

Белгілі ағылшын химигі Роберт Бойль (1627-1691) ең бірінші экологиялық эксперимент жасады. Ол әртүрлі жануарларға төменгі атмосфералық қысымның әсерін бақылап, нәтижесін жариялады.

Швед ғалымы К. Линней (1707-1778) мен француз табиғат зерттеушісі Ж. Бюффон (1707-1778) еңбектерінде климаттық факторға ерекше мән беріледі. К. Линнейдің Табиғат экономиясы және Табиғаттың қоғамдық құрылысы еңбектері бар. Табиғат экономиясында К. Линней барлық табиғи денелердің қарым-қатынасын түсіндіріп, белгілі заңдармен өмір сүретін табиғатты адам қоғамымен салыстырады.



Тақырып 2. Экологиялық факторлар классификациясы

Дәріс тезистері.

Шығу тегі және әсер ету сипатына байланысты барлық экологиялық факторларды абиотикалық (ортаның бейорганикалық немесе тірі емес факторлары) және биотикалық (тірлік иелерінің әсерімен болатын) деп бөледі. Экологиялық факторлар табиғатта азды-көпті күрделі кешендерге біріктіріледі. Олардың біреуінің өзгерісі басқаларының да өзгерісіне әкеліп соғады.
І. Абиотикалық экологиялық факторларды келесідей топтарға бөледі:
а) Климаттық факторлар: ауа, оның қозғалысы, жарық, жылу, жауын-шашын, ауа және топырақ ылғалдылығы, электрлік құбылыстар.
ә) Эдафикалық немесе топырақ-грунттарының факторлары: механикалық құрамы, физикалық қасиеті, грунт пен топырақтың микробиологиясы және химизмі.
б) Топографиялық (немесе орографиялық) факторлар: рельеф, айнала қоршаған орта.

Кейбір авторлар жеке химиялық факторлар тобына бөледі, мысалы, су ағзалары үшін судың тұздылығы және т.б.. Бірақ бұндай жағдайда осы топқа эдафикалық факторлардың бөліктерін де енгізу керек болады (топырақтың тұздылығы, олардағы қоректік элементтердің болуы), яғни тек қана топырақ ортасының әртүрлі қасиеттерінің өсімдіктерге әсерін бөлу дәлелді емес.


Аталған абиотикалық факторлардың классификациясы негізінен жер үсті өсімдіктеріне қолданылады. Су өсімдіктеріне басқадай факторлар кешені әсер етеді, тіршілік ортасы су болғандықтан судың қасиеттерімен анықталады. Мысалы, олар үшін гидрофизикалық және гидрохимиялық факторлар маңызды болып табылады.

ІІ. Биотикалық факторлар:

а) фитогенді - өсімдіктердің бірге тіршілік ететіндердің тура (механикалық контакт, симбиоз, паразитизм, эпифиттердің қоныстануы) және жанама (тіршілік ортасының өсімдіктер үшін фитогенді өзгерістері);
ә) зоогенді – жануарлардың әсері (қоректенуі, таптауы, басқа да механикалық әсерлері, тозаңдану, ұрықтарды таратуы, сонымен бірге ортаға жанама әсерлері).
Биотикалық факторлар тобына микроағзалардың (микробогенді факторлар) өсімдіктерге әсерлері де енеді. Соңғы кездерде саңырауқұлақтарды жеке тірі табиғи патшалық деп бөліп қарастырылуына байланысты, өсімдіктерге микогенді факторлар әсерлерін қарастырып, олар жайлы да жеке айтуға болады.

Тақырып 3-4. Жарық және оның экологиялық маңызы

Дәріс тезистері.

Жарықтың экологиялық фактор ретіндегі және оның өсімдік тіршілігіндегі маңызына тоқталсақ, жарық - өсімдік тіршілігіне ең қажетті абиотикалық фактордың бірі. Оның рөлі өсімдіктердің биосферада автотрофты, яғни бейорганикалық заттардан органикалық зат түзуіне күн сәулесінің тікелей қатысын (текке фотосинтез үрдісі деп аталмағанын көруге болады). К.А.Тимирязев жасыл өсімдіктердің тіршіліктерінің күн сәулесінсіз мүмкін емес екендігін бейнелей келе, оларды Күн баласы (Дети солнца) деп атаған. Жарық өсімдікке маңызды түр түзуге әсер етеді, көптеген жағдайларда мынандай құрылыстарының ерекшеліктері, өсу түрі, жапырақ ұлпасының ішкі құрылысы, жасушадағы хлоропластардың көлемі және олардың орналасуы және т.б. сияқты ерекшеліктерді анықтайды. Өсімдіктердің географиялық таралуы жарық ырғақтарының (режимінің) ерекшеліктері мен тығыз байланысты.

Тақырып 5-6. Жылу экологиялық фактор ретінде

Дәріс тезистері.

Жылу өсімдіктер тіршілігіндегі қажетті жағдайлардың бірі болып табылатыны белгілі. Жалпы да жылу тірі ағзалар тіршілік етуінің ең қажетті жағдайларының бірі. Себебі сол ағзалардың денесінің жылуы өзі қоршаған ортаның температурасына байланысты. Белгілі бір шекке дейін сыртқы ортаның температурасы өсімдіктердің өсуіне және дамуына, кейбір жағдайда морфологиялық белгілеріне, таралуына әсерін тигізеді.

Эволюция үрдістеріне байланысты өсімдіктердің де барлық тірі ағзаларға тән сыртқы ортаның қолайсыз құбылыстарынан қорғану үшін әртүрлі морфологиялық-физиологиялық бейімдеушілік қасиеттері пайда болады. Өсімдіктердің әртүрлі өсу сатысына байланысты жылу сүйгіштігі де әртүрлі. Мысалы, қоңыржай аймақта тұқымның өнуіне өте төменгі температура керек болса, ал гүлдеуі үшін өте жоғары ыстық температура қажет.



Тақырып 7-8. Өсімдік өміріндегі судың маңызы

Дәріс тезистері.

Су – барлық жер бетіндегі тіршіліктің ең басты экологиялық факторлары болып табылады. Зат алмасу үрдістерінің қоршаған ортамен байланысының негізіне су еріткіш және метоболит ретінде қажет. Су өсімдіктерде фотосинтез реакцияларында түзіледі, ал минерал тұздар өсімдікке топырақтан су ерітіндісі түрінде өтеді.

Су - өсімдік денесінің негізгі құрамдас бөлігі (30-дан 40, 95% дейін). Анабиоз (тұқымның ұзақ тыныштығы) кезінде де өсімдікте су болады. Жер бетіндегі өсімдік үшін судың булануы фотосинтез өтетін кеңістіктің үлкендігіне байланысты. Су, тургорлық қысым арқылы тірегі жоқ өсімдіктердің жер үстінде ұсталып тұруын қамтамасыз етеді. Суда тіршілік ететін аздаған өсімдік түрлеріне су - өмір сүру ортасы болып табылады.



Тақырып 9-10. Ауа экологиялық фактор ретінде

Дәріс тезистері.

Жасыл өсімдіктің ауамен қоректенуі – фотосинтез ауа газдарының бірі СО2-ні қолданылуымен жүреді. Ауаның келесі компоненті О2 өсімдіктерге тыныс алу үшін қажет. Сондықтан ауаның қажетті компоненттерінен тұратын газды орта өсімдіктер үшін бірінші дәрежелі маңызы бар тікелей әсерлі экологиялық фактор болып табылады.

Алайда ауа - сондай-ақ жер беті өсімдіктерінің денесін қоршап тұрған материалды орта; сондықтан өсімдіктерге оның механикалық әсері де мәнсіз емес



Тақырып 11-12. Топырақ факторлары және олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы

Дәріс тезистері.

Топырақтың өсімдік тіршілігіндегі алатын маңызды орны біріншіден, көптеген жер бетіндегі және су өсімдіктерінің бекіну субстраты болып табылуы, екіншіден, фотосинтез қорлары мен қатар топырақтан өсімдіктер әртүрлі минерал заттары мен суды өз денесінің құрылымын жасауда қолдануға алады.
Өсімдік өзінің дамуы кезінде қоректік заттар, су, ауа және жылуды қажет етеді. Мәдени өсімдіктің осы мұқтаждарын қанағаттандыруға қабілеті бар топырақ кұнарлы топырақ болады.

Тақырып 13-14. Биотикалық факторлар

Дәріс тезистері.

Тек өте сирек, табиғи жағдайларда өсімдіктер оқшауланған дарақтар түрінде және абиогенді факторлардың комплекстерінің әсерлерінде өседі. Қалыпты жағдайда өсімдіктер бірлестік немесе қауымдастық құратыны белгілі. Ол басқа да құрамдастармен – жануарлармен, микроағзалармен, топырақпен және т.б. – барлық мүшелері алуантүрлі өзара әсерлерімен байланысқан, күрделі немесе әлдеқайда күрделі экожүйенің (экосистема) құрамына кіреді. Өсімдіктердің, жануарлар мен микроағзалардың - әсерлерін ерекше топқа биотикалық факторлар деп бөледі. Биотикалық факторларға микроағзалар (өсімдіктер және жануарлар әлемінің өкілдері), жәндіктер, құрттар, сүтқоректі жануарлар, төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер жататыны белгілі. Олардың өсімдіктерге әсерлері тура (жануарлардың жеуі, жәндіктермен тозаңдануы, бір өсімдіктің екінші бір өсімдікте паразит болуы), және жанама әсер (ортаның абиогенді факторларының өзгеруі). Биотикалық факторлардың ортаның бейорганикалық факторларының әсерлерінен кем емес екені анық. Оның өзі өсімдіктердің құрылысындағы және тіршілік етуіндегі ерекшеліктерін, ал экожүйе деңгейінде – бағыты, энергия және зат айналымының интенсивтілігі мен сипатын анықтайды. Топырақта тіршілік ететін көптеген мөлшердегі микроағзалардың қалыпты жағдайларда олардың тіршілік етуін қамтамасыз ететінін көз алдына елестету қиын. Топырақтағы төменгі сатыдағы ағзалар микроағзалар деген жалпы атқа біріктіріліп, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар, актиномицеттер, қыналар, жануарлар әлемінің қарапайымдылар өкілдерімен беріледі. Әралуан микроағзалардың ішінен маңызды өкілдері болып өсімдіктер әлемі, әсіресе, бактериялар мен саңырауқұлақтар табылатыны мәлім.

Тақырып 15. Антропогендік факторлар

Дәріс тезистері.

Адам экожүйенің гетеротрофты бірлігі ретінде ерте уақыттан бері өсімдіктер жамылғысына әсерін тигізген. Терімшілік заманында өсімдіктерге адамның әсер етуі жануарлардың әсерінен айырмашылық жасамағаны белгілі болған. Тек адамның еңбек ету әрекеті дамыған уақыттан бастап, өсімдіктер мен олардың өмір сүру ортасына адамның әсері күшейді, жаңарды және әр түрлілік сипатқа ие болды.

А.Шенниковтың пікірінше, адамның өсімдіктерге әсер етуінің екі типі бар: біріншісі - тікелей (соның ішінде еңбек іс-әрекетімен байланысты): өсімдіктерді жинау, басу, ору т.б.; ал екіншісі - жанама әсер етуге өсімдіктердің табиғи өмір сүру орталарын өзгертуі мысал бола алады. Адамның іс-әрекеті қоршаған ортаға шартты түрде оң және теріс әсерлерін тигізуі мүмкін. Адамның өсімдіктерге және өсімдіктер жабынына әсерінің негізгі формалары туралы түсінік (1973 жыл, А.Г.Воронин бойынша) берілген



7. Практикалық (семинарлық) сабақтар

Практикалық сабақтар қарастырылмаған





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет