Программа Форма ф со пгу


–тақырып Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны



бет12/50
Дата07.02.2022
өлшемі481,5 Kb.
#85047
түріРабочая программа
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
9 –тақырып Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны.
Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны және олардың өзара байланысы. Тұлғаның жан–жақты мазмұнды сипатта дамуы адамзаттық мәдениетті меңгеруімен байланысты.
Интегралды тұлғалық сана, әлем мәдениетімен шығармашылық байланыста болу қабілетін сипаттайтің, ақыл–ой мәдениетә, еңбекке дайындығы, тұлғаның политехникалық мәдениеті, адамгершілікке тәрбиелілігі, экологиялық, эстетикалық, дене тәрбиесі. Дүниетаным әлемге, адамдарға, өзіне деген қөзқарастардың жүйесі ретінде мәдениеттің дамуы және меңгерілуінің белсенді шарттары. Тәрбиенің түрлері:
А) жеке тұлғаның ақыл–ой мәдениеті, оның мәні. Жалпыадамзаттық мәдениет әлеміне ену процесіндегі базалық білімнің ролі. Ақыл–ой қүші және қабілеті. Сөз мәдениеті және ойлау мәдениетінің тәрбиесі. .ылыми дүниетаным жеке тұлғаның ақыл–ой компоненті ретінде. Танымдық қызығушылықтың ақыл –ой мәдениетіндегі алатын орны. Оқушылардың өзіндік білім алуға дайындығын қалыптастыру;
Ә) жеке тұлғаның адамгершілік –тұтастығын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінің мәні. Жалпыадамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның адамгершілік тұтастығын қалыптастырудың негізгі ретінде. Адамгершілік тәрбиесінің ерекшелігінің оқушылардың кез келген іс әрекетіне қатысы. Жеке тұлғаның моральдық нормалар мен талаптарды меңгеру логикасы және механизмнің ерекшеліктері.
Адамгершілік тәрбиесінің жағымды эмоционалдық фонын жасау арқылы өзін өзі тәрбиелеуге ынтасын қалыптастыру;
Б) мамандықты саналы таңдау арқылы еңбекке дайындығын қалыптастыру, қоғамның өтпелі кезенде нарықтық қатынасқа көшуіндегі әлеуметтік –экономикалық тенденциялар және оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің міндеттері. Балалардың потенциалдық мүмкіндіктері кейінгі өмірлік жолдарын таңдауға септігін тигізеді.
В) қазіргі қоғамның жаңа идеологиялық жағдайына байланысты жеке тұлғаның саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларда саяси мәдениетті қалыптастырудың міндеттері мен мазмұны. Қазіргі кезендегі мұғалім жұмысының күрделілігі және қарама–қайшылығы. Құқықтық мәдениеттін мазмұны, міндеттері мен мәні.
Г) оқушыларды эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбиенің мазмұны, міндеттері және мәні. Эстетикалық санасын, идеалын, сезімін, көркемдік шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
Д) оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Экологиялық тәрбиенің мазмұны, міндеттері, мәні.
Е) жеке тұлғаның дене тәрбиесі. Салауатты өмір салты. Оқушылардың дене тәрбиесінің мазмұны мен міндеттері. Адам мәдениетін меңгерудегі оқушылардың негізгі іс әрекетінің түрлері.
Негізігі ұғымдар: педагогикалық процесс, мақсат, міндеті, жеке тұлға, мәдениет, тұлғаның интегралдық санасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет