Программа по специальности «5В020200 международные отношения»


Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ



Pdf көрінісі
бет102/426
Дата14.12.2021
өлшемі1,95 Mb.
#126524
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   426
Байланысты:
Международные отношения bak

 
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ 
БҰҰ-ның  құрылуы.  Сан-Францискода  өткен  конференция  және  БҰҰ 
Жарғысы.  БҰҰ  мақсаттары  мен  ұстанымдары.  БҰҰ  құрылымы.  Бас  Ассамблея: 
құрылымы,  қызметі,  өкілеттігі.  Қауіпсіздік  Кеңесі:  құрылымы,  қызметі,  шешім 
қабылдау принциптері.  
БҰҰ  арнаулы  ұйымдары.  БҰҰ  білім,  ғылым  және  мәдениет  мәселелері 
бойынша  (ЮНЕСКО).  Халықаралық  Еңбек  Ұйымының  (ХЕҰ),  Әлемдік 
Денсаулық сақтау Ұйымының (ӘДҰ) және т.б. қызметі. МАГАТЭ─ның құрылуы.  
БҰҰ  қызметінің  негізгі  бағыттары.  Адам  құқықтары  мен  демократия 
саласындағы  БҰҰ  қызметі  және  оның  негізін  қалайтын  құжаттар.    Жалпыға 
бірдей  Адам  Құқығы  Декларациясының  қабылдануы  (1948)  және  оның  негізгі 
принциптері.  БҰҰ  және  экономикалық  және  әлеуметтік  даму  мәселелері. 
Қарусыздандыру  мәселелері  және  БҰҰ  рөлі.  Ядролық  қару  және  ұлы 
державалардың  стратегиясы.  Антарктидадағы  алғашқы  демилитаризацияланған 
аймақтың пайда болуы.  
1960-жылдардағы  БҰҰ  қызметі.  Халықаралық  ынтымақтастық  пен  өзара 
түсінушілікті нығайтудағы БҰҰ рөлі. Отарлауға қарсы БҰҰ рөлі. БҰҰ мүшелері 
санының көбеюі. 1970-1980 жж. халықаралық ұйымдардағы БҰҰ рөлі. Аймақтық 
шиеленістерді  реттеудегі  БҰҰ  рөлі.  Герман  мәселесін  шешудегі  БҰҰ  рөлі.  БҰҰ 
және экология мәселелері. Қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ Бағдарламасы.  


 
 
61 
Халықаралық  жағдайдың  түзелуі  және  БҰҰ  жағдайы.  Халықаралық 
ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтудағы БҰҰ рөлі. 
Еуропадағы  бәсеңдік.  Жалпыеуропалық  (Хельсинкі)  үдеріс.  70-ші 
жылдардағы  халықаралық  шиеленістің  бәсеңдетілуі  бейбіт  қатар  өмір  сүрудің 
маңызды  түрлерінің  бірі  ретінде.  КСРО-ның  батысеуропалық  елдермен 
перифериялық  ынтымақтастық  саясаты.  Кеңес-француз  қатынастары.  Кеңес-
британ қатынастары. 
Еуропадағы  қатынастардың  реттелуі.  В.  Брандт  және  «жаңа  шығыстық 
саясаттың» басталуы. 70-ші  жылдардағы герман мәселесі. ГФР және КСРО,  ГФР 
және ГДР арасындағы келісімдер. Хальштейн доктринасынан бас тарту. Соғыстан 
кейінгі  Еуропа  шекараларының  батысеуропалық  елдер  тарапынан  мойындалуы  
және  Шығыс  Еуропадағы  саяси  бәсеңдеушілік.  Батыс  Берлинге  қатысты 
төртжақты келісім. 
Варшава  келісім-шарты  ұйымының    барлық  еуропалық  елдерге  жалпы 
еуропалық  кеңес  шақыру  туралы  үндеуі.  Финляндияның  рөлі.      Еуропадағы 
ынтымақтастық  пен  қауіпсіздік  туралы  Кеңеске  дайындық  және  оның  өткізілуі. 
Халықаралық өмірдегі жаңа ұғымның – Жалпыеуропалық үдерістің пайда болуы. 
Еуропадағы қауіпсіздік жіне ынтымақтастық жөніндегі Кеңес. 
ЕЫҚК–нің Қорытынды Актісі, оның негізгі принциптері. ЕЫҚК қызметінің  
«үш қоржыны».  
Бейбіт  өмір  сүрудің  жалпыдемократиялық  принциптері.  Хельсинки 
форумының  халықаралық  маңызы.  ЕЫҚК  шеңберіндегі  кездесулер  мен 
келіссөздер.  ЕЫҚК  мүше-мемлекеттері  өкілдерінің  Вена  және  Париж  қаласында 
өткен кездесулері.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   426




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет