Программа по специальности «5В020200 международные отношения»


Биполярлық  жүйе  кезеңінде  халықаралық  қатынастар  жүйесіндегі



Pdf көрінісі
бет104/426
Дата14.12.2021
өлшемі1,95 Mb.
#126524
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   426
Байланысты:
Международные отношения bak

Биполярлық  жүйе  кезеңінде  халықаралық  қатынастар  жүйесіндегі  
Таяу және Орта Шығыс елдері 
Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  аяқталуы  және  Таяу  және  Орта  Шығыстың 
әскери-стратегиялық,  экономикалық  және  саяси  маңызының  өсуі.  Аймақтағы 
КСРО, АҚШ және Ұлыбритания бәсекелестігі. Түркия, Иран, Ирак,  ОАР, Сирия 
және Ливандағы демократиялық  қозғалыстар.  
"Трумэн доктринасы" және аймақтағы АҚШ-тың саясаты. 
Мандаттық  жүйенің  құлдырауы.  БҰҰ-ның  Палестинаға  қатысты 
резолюциясы.  Израиль  мемлекетінің  құрылуы.  1948-1949  жж.    Палестинадағы 
әскери  әс-қимылдар.  Таяушығыстық  дағдарыс  пен  оның  алғышарттары. 
Таяушығыстық  жанжалдың  басты  кезеңдері.  Суэц  дағдарысы  және  аймақтағы 
халықаралық  қарама-қайшылықтардың  өткірленуі.  Таяушығыстық  дағдарысты 
реттеудегі БҰҰ-ның рөлі. «Эйзенхауэр  доктринасының» жариялануы және оның 
мәні. Араб мемлекеттеріне қарсы 1967 ж. Израиль агрессиясы. Таяу Шығыстағы 
КСРО-ның  сыртқы  саясаты  және  оның  ерекшеліктері.  Таяушығыстық  
дағдарыстағы  Египеттің  ұстанымы.  80-ші  жж.  Таяушығыстық  дағдарыс. 
Таяушығыстық дағдарысты шешудің жолдары мен әдістері.  
Әскери-саяси одақтар жүйесінің құрылуы. «Бағдад пактісі». ОШАКҰ –ның 
құрылуы.  Әскери  одақтар  жүйесіндегі  Иран.  1979  Иран  революциясы  және 
Иранның  сыртқы  саясатының  ерекшеліктері.  Араб  түбегінің  шығыс 
жағалауындағы  жаңа  тәуелсіз  Бахрейн,  Біріккен  Араб  Эмираттары  (БАЭ),  Катар 
мемлекеттерінің пайда болуы. 
Ирак  республикасының  сыртқы  саясаты.  Иран-ирак  соғысы  және  оның 
нәтижесі.  Исламдық  экономикалық  және  саяси  интеграция.  ОПЕК-тің  құрылуы 
және оның қызметі. Халықаралық қатынастар және Түркия.  
Ауғанстан    маңайындағы  сыртқысаяси  жағдай.  Халықаралық  қоғамдастық 
және  ауған  мәселесін  реттеу.  Халықаралық  қатынастардың  биполярлық 
жүйесіндегі  Үндістан  мен  Пәкістанның  рөлі.  Экономикалық  Ынтымақтастық 
Ұйым(ЭЫҰ) және оның қызметі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   426




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет