115
дипломатиялық қызметтің мәнін білу және түсіне алуы, халықаралық
қатынастар саласындағы болашақ мамандардың өз елі, аймағы үшін тиімді
ынтымақтастық стратегиясын таңдай алуы;
дипломатиялық
институттар
қызметінің
іс
жүзіндегі
тетіктерін,
ерекшеліктерін, келіссөздер үдерісін білуі, әртүрлі елдер өкілдерінің арасындағы
пікір алмасу мақсатындағы, өзара мүдделі мәселелерді шешудегі, алауыздықты
реттеудегі, әртүрлі саладағы ынтымақтастықты дамытудағы, халықаралық
келісімдерді дайындау және жасасу барысындағы негізгі байланыстардың бірі
екендіктерін
сараптай алуы тиіс. Пәнді тиімді игеру үшін студенттер келесі
пәндерді теоретикалық және тәжірибелік тұрғыдан жетік меңгерулері тиіс:
Пәннің пререквизиттері:
«Еуропа және Америка елдерінің жаңа және
қазіргі заман тарихы», «Азия және Африка елдерінің тарихы», «Халықаралық
қатынастардың жаңа және қазіргі заман тарихы», Дипломатиялық және
консулдық қызмет», «Дипломатиялық протокол және этикет», «Дипломатиялық
құжаттама».
Пәннің постреквизиттері: «
Халықаралық қатынастардың теориясы»,
«Халықаралық қатынастар жүйесіндегі қақтығыстар», «Дипломатиялық
келіссөздер: теория, түрлері және тәжірибесі».
Достарыңызбен бөлісу: