40
ХVІІ ғасыр қарсаңындағы халықаралық және саяси жағдай. Ұлы
жағрафиялық ашулар мен алғашқы отарлық басып алулардың халықаралық
қатынастар жүйесінің қалыптасуына ықпалы. Ұлттық мемлекеттер жүйесі. Орыс
мемлекетінің, Осман империясының, Англияның, Францияның, Испанияның,
Португалияның, Данияның, Швецияның, Құрама провинциялар республикасының
халықаралық рөлі.
Ресейдің халықаралық жағдайының нығаюы. Осман империясының Шығыс
және Орталық Еуропадағы, Кавказ бен Ирандағы жаулап алушылық соғыстары.
Жетекші еуропалық әулеттердің бақталастығы. Еуропадағы француз үстемдігінің
күшеюі. «Мемлекеттік мүдде», «табиғи шекара», «саяси тепе-теңдік» қағидалары.
Француз дипломатиясының үстемдігі. Отыз жылдық соғыс. 1648 ж. Вестфаль
бейбіт бітімі және оның мәні. Буржуазиялық революция жылдарындағы
Англияның сыртқы саясаты. О.Кромвельдің дипломатиясы. Ирландияны басып
алуы. Шотландия мен Ирландияның Англияға қосылуы. Ағылшын-голланд
бәсекелестігі. Күштердің жаңа тепе-теңдігінің қалыптасуы. Испания, Франция,
Англия және Голландияның сауда және отарлық мүдделерінің қақтығысы.
Халықаралық қатынастардың Вестфальдік жүйесі, оның ерекшеліктері.
Қазақ хандығының құрылуы. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығының сыртқы саяси
және сауда байланыстары. Қазақ хандығын біріктіру әрекеттері.
Достарыңызбен бөлісу: