Программа по специальности «5В020200 международные отношения»


ZhKHK 2204 – ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет66/426
Дата14.12.2021
өлшемі1,95 Mb.
#126524
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   426
Байланысты:
Международные отношения bak
Антикалық саяси ойлар, Международные отношения bak, практическое задание5
ZhKHK 2204 – ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  
ҚАТЫНАСТАР ТАРИХЫ 
 
Көлемі 3 кредит 
 
Авторлар: 
Байзақова Қ.Е.
 – тарих ғылымдарының докторы, профессор 
Идрышева Ж.Қ.
 – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
Пікір жазғандар: 
Сұлтанов Б.Қ.
 – тарих ғылымдарының докторы, Қазақ-Неміс университеті 
халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты зерттеу институтының директоры 
Макашева К.Н.
 – тарих ғылымдарының докторы,  әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің профессоры 
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Жаңа  кезендегі  халықаралық  қатынастар  тарихы»  пәні  «5В020200  – 
халықаралық  қатынастар»  мамандығының  типтік  оқу  жоспарының  Мемлекеттік 
білім беру стандартына сәйкес дайындалды.  
«Жаңа 
кезеніндегі 
халықаралық 
қатынастар 
тарихы» 
курсының 
тақырыптары  ХVІІ  ғасырдан  бастап  1918  ж.  дейінгі  кезеңдегі  халықаралық 
қатынастар тарихының маңызды мәселелерін қамтиды. 
Халықаралық қатынастар тарихын және сыртқы саясатты тұтастай меңгеру 
үшін  пән  мазмұны  ірі  аймақтардың,  әлемнің  жетекші  мемлекеттерінің  сыртқы 
саяси  тарихындағы  негізгі  оқиғаларға  ерекше  мән  беріп,  осы  көпғасырлық 
үрдістің даму заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін қамтиды. Материалды беруде 
жүйелік,  хронологиялық,  жағрапиялық  және  маңызды  мәселелік  қағидалар 
пайдаланылған. 
Бұл пәнді меңгеру аясында студент тиіс:  
халықаралық  қатынастардың  тарихы,  әлемдік  саясат  және  оның  даму 
перспективасының негізгі тенденциялары туралы 
түсінігі болуы.  
оқытылып  отырған  пәннің  негізгі  түсініктері  мен  терминдерін; 
салыстырмалы дипломатия тұрғысынан жаңа заманның негізгі оқиғаларын; құпия 
дипломатияның принциптерін  және жетекші еуропалық державалардың саясатын 
білуі
;  
халықаралық  қатынастар  саласында  болып  жатқан  үрдістерді  талдау; 
алынған  білімнің  тұтас  жүйесінің  өзара  байланыстылығын  талдау;  халықаралық 
қатынастар саласындағы алынған білімді халықаралық ынтымақтастық жөніндегі 
құрылымдар жұмысын ұйымдастыруда қолдану 
біліктілігінің болуы. 
жаңа  заман  кезеңіндегі  әлем  аймақтарының  тарихи-саяси  картасын 
қолданудың;  халықаралық  саяси,  жалпы  әлемдік  демографиялық,  миграциялық, 


 
 
38 
экономикалық, 
экологиялық 
үрдістерді, 
халықаралық 
қауіпсіздік 
пен 
халықаралық қатынастарды  қолданбалы талдау және болжау 
дағдысының болуы
.  
халықаралық қатынастардың даму логикасы, мемлекетаралық қатынастарға 
әсер  ететін  халықаралық  қатынастар  дамуының  факторларын  анықтауда,  тарихи 
даму үрдісіндегі халықаралық дипломатияның рөлі мен орнын түсіну мәселесінде 
құзыретті болуы
.  
Курста  берілген  білім  мен  біліктілік  жиынтығы  тарихи  даму  үрдісіндегі 
халықаралық дипломатияның рөлі мен орнын түсінуге негіз болады. Оқиғаларды 
салыстырмалы және сыни талдау арқылы студенттерде халықаралық қатынастар 
тарихы мәселесіндегі білім мен біліктің қажетті кешені қалыптасады. 
Пререквизиттері:
 «Жаңа кезеңдегі Еуропа және Америка елдерінің тарихы 
және  дипломатиясы»,  «Еуропа  және  Америка  елдерінің  қазіргі  заманғы  тарихы 
және  дипломатиясы»,  «Шығыс  елдерінің  тарихы  және  дипломатиясы», 
«Дипломатиялық және консулдық қызмет»  
Постреквизиттері: 
«Қазіргі  заманғы  халықаралық  қатынастар  тарихы», 
«Халықаралық  қатынастардың  қазіргі  жүйесі»,  «Қазақстан  Республикасының 
сыртқы саясаты», «Көпжақты дипломатия».  
«Жаңа  заман  кезеңіндегі  халықаралық  қатынастар  тарихы»  пәнінің 
бағдарламасы  1992  ж.  басталған  оқу  үрдісі  барысында  шындалған  осы 
бағдарламаның бірнеше басылымдарына негізделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   426




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет