Программа по специальности «5В020200 международные отношения»


XX ғ. 20-шы жылдарындағы халықаралық қатынастар



Pdf көрінісі
бет93/426
Дата14.12.2021
өлшемі1,95 Mb.
#126524
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   426
Байланысты:
Международные отношения bak

XX ғ. 20-шы жылдарындағы халықаралық қатынастар 
Версаль  халықаралық  қатынастар  жүйесін  нығайту  мәселесі.  Таяу  және 
Орта  Шығыстағы  ұлы  державалар  арасында  қақтығыстардың  шиеленісуі.  Қара 
теңіздік  бұғаздар  режимі  туралы  жобалар  мен  конвенциялар.  Капитуляция 


 
 
54 
режимінің  алынуы.  Мосул  қақтығысы.  Лозанна  бейбіт  келісім-шарты. 
Халықаралық  қатынастардың  таяушығыстық  ішкі  жүйесінің  қалыптасуы. 
Соғыстан кейінгі көпполярлылықтың ерекшеліктері.  
Халықаралық қатынастар мен соғысаралық кезең дипломатиясындағы орыс 
мәселесі.  Кеңес-поляк  соғысы.  Кеңестік  Ресейдің  дипломатиялық  танылуы. 
Ресейдің  Шығыс  елдерімен  жасаған  келісімдері.  Еуропаның  экономикалық 
жағынан  қалыпқа  келу  мәселесі.  1922  жылғы  Канн  конференциясы,  Генуя 
конференциясы, оның мақсаты, қатысушылары. Кеңес-герман жақындасуы. Гаага 
қаржы-экономикалық конференциясы. 
Халықаралық  қатынастар  мен  соғысаралық  кезең  дипломатиясындағы 
герман  мәселесі.  Германияны  қарусыздандыру  және  репарация  туралы  мәселе. 
Германияның репарация  төлеуден бас тартуы  және  Рур  қақтығысы.  1924  жылғы 
Лондон  конференциясы  және  Дауэс  жоспарының  қабылдануы.  Ұлттар  Лигасы 
және  1924  жылғы  халықаралық  дауларды  бейбіт  түрде  тұрақтандыру  жөніндегі 
Женева хаттамасы. Ұлттар Лигасындағы қарусыздандыру мәселесі. 
Орта  Азия  мен  Орта  Шығыстағы  халықаралық  қатынастардың  ішкі 
жүйесінің  қалыптасуы.  Аймақтық  қатынастардағы  Иранның  жағдайы.  Бірінші 
дүниежүзілік  соғыстан  кейін  аймақтық  қатынастар  жүйесіндегі  Ауғаныстан. 
Ортаазиялық 
мемлекеттері 
жағдайының 
халықаралық 
қатынастардағы 
ерекшеліктері. Түркістан аумағындағы кеңестік биліктің орнауы.  
Еуропадағы халықаралық қатынастардың тұрақтануы. Ұлттар Лигасы және  
1924  жылғы  халықаралық  дауларды  бейбіт  түрде  реттеу  жөніндегі  Женева 
хаттамасы. ХХ ғ. 20-шы жылдарының екінші жартысындағы еуропалық тәртіптің 
басты ерекшеліктері. Араб Шығысындағы ағылшын дипломатиясы. Марокко мен 
Сириядағы  соғыстың  дипломатиялық  салдары.  Рейн  пактісі  бойынша  герман 
меморандумы.  1925  жылғы  Локарно  конференциясы.  Рейн  кепілдік  пактісінің 
мазмұны  мен  мақсаты.  Бірқатар  төрелік  келісімдердің  қабылдануы.  Локарнодан 
кейінгі Германияның ұстанымы.  
Локарнодан  кейін  ағылшын-итальян  жақындасуы.  Итальян  фашизімінің 
басты  мақсаты  мен  орынсыз  әрекеттері.  Жерорта  теңізі  мәселесі.  Еуропадағы 
қауіпсіздік  жөніндегі  аймақтық  пактілерді  құрудағы  Ұлыбритания  мен 
Францияның  бастамалары.  «Жаңа  Локарно»  құру  жобалары:  Балтықтық, 
Балқандық, Солтүстік, Шығыс, Орталық Еуропалық. КСРО мен Локарно үдерісі. 
Кіші Антанта. Ұлттар Лигасы және Кіші Антанта мемлекеттері. «Пан-Европаны» 
құру  жобалары.  Франко
-
германдық  экономикалық  жақындасуы.  Ұлттар  Лигасы, 
оның  қызметі.  Ұлттар  Лигасындағы  қарусыздандыру  мәселесі.  Бриан-Келлог 
пактісіне қол қойылуы.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   426




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет