Программа по специальности «5В020200 международные отношения»


Еуропадағы  соғыс  қарсаңындағы  саяси  дағдарыс  және  екінші



Pdf көрінісі
бет96/426
Дата14.12.2021
өлшемі1,95 Mb.
#126524
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   426
Байланысты:
Международные отношения bak

Еуропадағы  соғыс  қарсаңындағы  саяси  дағдарыс  және  екінші 
дүниежүзілік соғыс жылдарындағы державалардың дипломатиялық күресі 
Агрессорды тыныштандыру саясаты. Чехословакияны басып алу және бөлу 
(1939  ж.).    Словакия  мемлекетінің  құрылуы.  Отарлар  туралы  батыс  елдерінің 
Германиямен  келіссөздері.  Германияның  Польша  мен  Литваға  талаптары. 
Германия  агрессиясының  қауіптілігі  және  ағылшын-француз  одағы.  Кепілдік 
саясаты және ағылшын-француз кепілдіктері. 1939 жылғы Мәскеудегі ағылшын-
француз-кеңес келіссөздері, мемлекеттер ұстанымдары. Шабуыл жасамау туралы 
кеңес-герман  пактісі.  Келісімнің  құпия  баптары.    КСРО  мен  Германияның 
Польшаны бөлісуі. Шекара сызығы.  
 Екінші дүниежүзілік соғыс алдындағы халықаралық күштердің орналасуы. 
Германияның  Польшаға  әскери  шабуылы.  Соғыстың  басталуы.  Екінші 
дүниежүзілік  соғыстың  себептері  мен  сипаты.  Соғысушы  мемлекеттердің 
мақсаттары. Ұлы державалардың дипломатиясы.  
 1939 жылғы кеңес-герман сауда келісімі. Германия мен КСРО арасындағы 
"Достық және шекара туралы" келісім-шарты, оның салдарлары. КСРО-ға Батыс 
Украина, Батыс Белорссия және Балтық жағалауы республикаларының қосылуы.   
1939  жылғы  фин  компаниясы.  1940  жылғы  кеңес-фин  келісім-шарты.  КСРО-ғы 
Бессарабияның қосылуы. 
1940  жылғы  Үштік  пакт.  Батыс  Европадағы  «Оғаш  соғыс»  және  Франция 
капитуляциясы.  «Еркін  Франция»  қозғалысы.  Германия-Италия-Жапония  әскери 
одағы. Американ дипломатиясының ұстанымы. 
Соғыстағы  одақтастар  үшін  дипломатиялық  күрес.  Ағылшын-американ 
жақындасуы.  КСРО-ның  соғысқа  кіруі.  1941  жылғы  Атлантикалық  хартия. 


 
 
57 
Антигитлерлік  коалицияның  құрыла  бастауы.  Ағылшын-кеңес  келісімі.Тынық 
мұхиты  бассейніндегі  американ-жапон  және  ағылшын-жапон  қатынастарының 
шиеленісуі. Жапонияның Пёрл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа араласуы. 
Одақаралық қатынастар.  
Берлин  пактісіне  Болгария,  Венгриия  Румыния,  Словакия  және 
Хорватияның  қосылуы.    Германиия,  Италия  және  Жапония  арасындағы  өзара 
көмек туралы келісім-шарт. 
Ағылшын-кеңес  келісім-шарты  және  КСРО  мен  АҚШ  арасындағы  келісім 
(1942 
ж.).  Екінші  майданды  ашу  мәселесі.  Антигитлерлік  коалиция 
мемлекеттерінің  ынтымақтастығы  және  олардың  келіспеушіліктері.  Тегеран 
конференциясы  және  оның  шешімдері.  Екінші  майданды  ашу.  Каирдағы  және 
Думбартон-Окстағы  конференциялар.  Антигитлерлік  коалицияның  соғыстан 
кейінгі Германияны құру жоспарлары. Қырым (Ялта) конференциясы және оның 
шешімдері.  Германияның  капитуляциясы.  БҰҰ-ның    құрылуы.  Ұлы  державалар 
басшыларының  Потсдам  конференциясы  және  оның  шешімдері.  КСРО  мен 
Жапония  арасындағы  соғыс.  Жапония  капитуляциясы.  Екінші  дүние  жүзілік 
соғыстан кейінгі әлемнің саяси картасы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   426




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет