НЕГІЗГІ БӨЛІМ XVIII-XIX ғғ. Көпжақты дипломатияның алғашқы тәжірибелері 1648 ж. Вестфаль бейбіт шарты және Еуропадағы Отызжылдық соғыстың
нәтижелері. Жаңа халықаралық қатынастардың бекітілуі. Еуропалық өркендеу
тарихының басталуы. “Мемлекеттік мүдде”, “табиғи шекара”, және “саяси тепе-
теңдік” қағидалары халықаралық қатынастардың ортақ еуропалық қағидалары
ретінде. Негізгі құжат ретінде Весфаль трактатының Еуропа мемлекеттері үшін
және Еуропалық көпжақты дипломатияның алғашқы тәжірибесі үшін маңызы.
Утрехт конгресі және ХҮІІІ ғ. Еуропа тарихындағы оның маңызы. Наполеон
соғыстары барысындағы антифранцуз коалициялары – көпжақты дипломатияның
тәжірибесі ретінде. Шоман трактаты. 1815 ж. Вена конгресі және оның міндеттері.
Франция, Англия, Ресей, Пруссия, Австрияның ұстанымдары. Вена конгресінің
шешіміндегі Польшаның тағдыры. Саксон мәселесі. Кіші мемлекеттер жөніндегі
мәселе. Герман одағының ұйымы. Италия мәселесі және оны шешу жолдары.
Вена конгресінің нәтижесі. Қорытынды акт. Еуропалық картаның аумақтық
бөлісі. “Қасиетті Одақтың” құрылуы – еуропалық халықаралық ұйымның
алғашқы үлгісі. Қарусыздандыру және дүниежүзілік соғысты болдырмау
мәселелеріне арналған ХІХ ғ. соңындағы халықаралық конгрестер.