ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі көпжақты дипломатия Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және халықаралық қатынастардың
жаңа жүйесінің қалыптасу үрдісі. “В.Вильсонның 14 тармағы” және ашық
дипломатия жүйесінің жариялануы. Вильсон дипломатиясының мәні. Құпия
дипломатиядан бас тарту. Версаль бейбіт конференциясы және жаңа
дүниежүзілік тәртіптің орнауы. Еуропалық және теңізжағалауындағы аумақтарды
қайта бөлісу. Еуропада жаңа шекаралардың бекітілуі және даулы аумақтық
мәселелерді келіссөздер шеңберінде шешу. Соғыс шығындарына қатысты
төлемақы мәселесі. Әлемдік сипаттағы алғашқы халықаралық ұйымның - Ұлттар
Лигасының құрылуы. Ұйымды құру құжаттарының дайындалуы, оның
мақсаттары мен міндеттері. Құрылықта тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау үшін
ортақ еуропалық әскери күштерді құру идеясы. Халықаралық қақтығыстарды
реттеудегі Ұлттар Лигасының қызметі. Ұлттар Лигасының таралуының себептері.
Вашингтон конференциясы және әскери-теңіздік қарулануды шектеу
мәселесін шешу.
Көпжақты дипломатия және кеңестік Ресейді мойындау үрдісі.
Соғысаралық кезеңіндегі Еуропадағы халықаралық конференциялар.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы көпжақты дипломатияның
тәжірибесі. Коалиция шеңберінде шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру
жолдары. Тегеран, Ялта, Потсдам конференциялары және соғыстан кейінгі бейбіт
реттеу мәселелері.