ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы көпжақты дипломатияның ЕҚЫК тәжірибесінде жүзеге асуы Еуропада ұжымдық келісім негізіндегі қауіпсіздік жүйесін құру мәселесі.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесін (ЕҚЫК) құрудың
алғышарттары. Болашақ Кеңесті құрудың үш кезеңі. Кеңесті құруға қатысты
мүдделі елдердің ұстанымы. Социалистік жүйедегі елдер мен капиталистік
елдердің ұстанымына салыстырмалы сараптама. ЕҚЫК-ты құрудың І кезеңіндегі
өзара келіссөздер нәтижелері. ІІ кезеңдегі атқарылған негізгі қызметтер.
Келіссөздердің қорытынды ІІІ кезеңінің мәні. Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі кеңестің Қорытынды актісі (ЕҚЫК). Қатысушы
мемлекеттер. Қорытынды Актіде қарастырылған мәселелерді 3 “қоржынға” бөліп
қарастыру. Қорытынды Актіде белгіленген Еуропалық 10 қағиданың мәні.
Хельсинки Қорытынды Актісінің ерекшелігі. Қатысушы мемлекеттердің
құқықтары. Құрылымы және институттары. Шешімдерді қабылдау және жүзеге
асыру жолдары.
1977-1978 жылғы Белград кездесуінің мәні. 1980-1983 жылдары Мадрид
кездесуі. 1984-1986 жылдары Стокгольм кездесуі. ЕҚЫК-тің мүше мемлекеттер
өкілдерінің Венадағы кездесуі (1989 ж.). Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясы
қабылданған 1990жылғы Париж саммиті. Қарулануды шектеу мәселесі. Адам
өлшемі жөніндегі Конференцияның 1991 жылғы Мәскеудегі соңғы үшінші
отырысы. 1994 жылы жоғары деңгейдегі Будапешт кездесуі. 1995 жылдың 1
қаңтарынан бастап Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Кеңесін
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына өзгерту шешімінің
қабылдануы. 1999 жылғы Ыстамбул кездесуі. Еуропалық қауіпсіздік
Хартиясының қабылдануы. 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Астана саммитінің
мәні мен маңыздылығы.