XVІІІ ғ.аяғы - XІX ғ.басындағы халықаралық қатынастар Еуропалық мемлекеттердің дворяндық-династиялық дипломатиясының
түрлері мен әдістерінің өзгеруі. Еуропалық мемлекеттердің сыртқы саясатындағы
жаңа принцип – «араласпау принципі».
XVІІІ ғ.аяғындағы француз буржуазиялық революциясының халықаралық
қатынастарға ықпалы. Францияның дипломатиялық қызметін ұйымдастыру
жүйесіндегі өзгерістер. Пильниц декларациясы және бірінші антифранцуздық
коалицияның құрылуы. Францияның революциялық соғыстары. Антифранцуздық
коалицияны кеңейтудегі Англияның рөлі. Польшаның екінші бөлінуі. 1794-1799
жж. Термидориандық реакция және директория жылдарындағы еуропалық
дипломатия. Польшаның үшінші бөлінуі. Польша мемлекетінің жойылуы.
1796-1799 жж. Францияның сыртқы саясаты және соғыстары. Францияның
басқыншылық соғыстарының басталуы. Еуропада француздық басымдықтың
орнығуы. „Еншілес республикалардың“ құрылуы. Наполеон соғыстарының
сипаты. Еуропа және Таяу Шығыстағы француз экспансиясы және екінші
антифранцуздық коалицияның құрылуы.
Наполеон Бонапарттың дипломатиясы. Әлемдік үстемдік үшін ағылшын-
француз күресі. Наполеондық Франциямен соғыстардағы Ресейдің рөлі. Үшінші
коалициямен соғыс. Еуропадағы француз үстемдігінің орнауы. Наполеон
Бонапарттың әскери және дипломатиялық жетістіктерінің себептері.
1807 ж. Тильзит бітімі және Франция мен Ресей арасында Еуропадағы
ықпал ету аймағын бөлісуі. Бесінші коалициямен соғыс. Наполеонның Ресейге
басып кіруі. 1812 жылғы Отан соғысы. Алтыншы және жетінші антинаполеондық
коалициялар. Наполеондық әскердің талқандалуы. Наполеондық империяның
құлдырауы.