«Шығыс мәселесі» және еуропалық дипломатия «Шығыс мәселесінің» мәні. Осман империясының дағдарысы. XVIII ғ.аяғы
- XIX ғ.басындағы орыс-түрік соғыстарыРесейдің қаратеңіздік державаға
айналуы. 1806-1812 жж. орыс-түрік соғысы.
Балкандағы ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы. «Грек мәселесінің» пайда
болуы. Грек мәселесі төңірегіндегі дипломатиялық күрес және жетекші
еуропалық мемлекеттердің ұстанымы. 1828-1829 жж. орыс-түрік соғысы және
тәуелсіз грек мемлекетінің құрылуы.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы «шығыс мәселесіндегі» халықаралық
қайшылықтар. Түрік-египет қайшылықтары және египеттік дағдарыс. Еуропалық
мемлекеттердің ұстанымы. 1841 ж.бұғаздар жөніндегі Лондон конвенциясы.
1848-1849 жылдардағы революцияның балкан халықтарының халықаралық
жағдайына әсері. 50-ші жылдардың басындағы «шығыс мәселесі». Ресей мен
еуропалық мемлекеттер арасындағы қайшылықтың «шығыс мәселесіндегі»
шиеленісуі. 1853-1856 жж. Қырым соғысы, оның сипаты. 1856 ж. Париж конгресі
және оның шешімдері. Қырым соғысының халықаралық салдары. Орыс сыртқы
саясатының жаңа бағытының басталуы. Құрлықтағы күштер тепе-теңдігінің
өзгеруі. Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің күйрей бастауы.