Жас маман тәлімгерлерінің іс-әректтер ережесі:
1. Жұмыстың міндеттері және мазмұны:
Жас маманның тәлімгері міндетті:
· Жас маманды мектеп педагогика ұжымның жұмыстарымен таныстыру;
· Оқу бағдарламасын және түсінік хаттарын талдауына көмектесу;
· Тақырыптық жоспарын құруға, жиі қайталауға және тәжірибелік, зертханалық жұмыстарға, тақырыптық топсеруенге арналған материалдарды таңдауға көмектесу;
· Сабақтарға дайындалуда әдістемелік және дидактикалық материалдарын, көрнекілік құралдарын, бақылау жұмыстарын таңдауға көмек көрсету;
· Жас маманның сабақтарына қатысу, ұқыптылықпен талдау; ӘБ бойынша әріптестердің және үздік мұғалімдердің сабақтарына қатысуын ұйымдастыру, бірге талқылау,талдау
· Өз білімін жетілдіру үшін әдістемелік әдебиетті таңдауға жәрдем ету.
· Өз білімін жетілдіру бойынша жас маманның жұмысын бақылау және бағыт беру.
Достарыңызбен бөлісу: |