Программа работы с молодыми специалистами



бет7/7
Дата22.08.2020
өлшемі0,64 Mb.
#76461
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жас маман

2. Мониторинг жасау.

3. Тәжірибе жинақтау жұмыстарын жүйелендіру, қорытындылау.


мамыр

Мектеп мүшелері

 

 Тәлімгер ұстаздар



 

 

Жетекшісі: Н.Т.Утегенова



«Жас жалын» жас мамандар мектебімен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары



Өткізілетін іс шара  мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Жас  мамандарға тәлімгер ұстаздар тағайындау. Оқу бағдарламасы бойынша  кеңес  беру.

Қыркүйек

Н.Т.Утегенова

2

Жас мамандар мектебінің жұмыс жоспарын құру, отырыс жоспарларын бекіттіру.

Қыркүйек

Н.Т.Утегенова

3

Бірлестік жұмысына жас маманды тарту, сабақ  жоспарларын жасау үлгілері жөнінде  нұсқау беру.

Қыркүйек

Н.Т.Утегенова

4

Мектепішілік еңбек  тәртібі ережелерімен таныстыру.

Қыркүйек

Н.Т.Утегенова

5

Жас мамандарды тәлімгер ұстаздардың сабақтарына  қатыстыру.

Жыл бойы

Н.Т.Утегенова

6

Семинар: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту»

Қазан

Н.Т.Утегенова

7

Ғаламтор ресурстарын қолдану бойынша көмек көрсету.

Жыл бойы

Н.Т.Утегенова

8

Шеберлік сыныбы: «Білім беру  технологиялары мен әдіс- тәсілдерін қолдану жолдары.»

Қараша

Тәлімгер ұстаздар


9

Жас мамандарға нақты көмек ұйымдастыруда диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Желтоқсан

Тәлімгер ұстаздар

10

Семинар-тренинг:

«Мамандығым мақтанышым!»

Қаңтар

Тәлімгер ұстаздар

11

«Жас маман-201 Сайыс.

Ақпан

Н.Т.Утегенова

Тәлімгер ұстаздар

12

Шеберлік сыныбы: «Оқытудың техникалық құралдарын және көрнекі құралдарын пайдалануды үйрену.»

Наурыз

Тәлімгер ұстаздар


13

Жас мамандар апталығы.

Сәуір

Н.Т.Утегенова

Тәлімгер ұстаздар

14

Дөңгелек үстел:

 «Мен маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім»



Сәуір

Тәлімгер ұстаздар

Жас мамандар



15

Жас маманның жыл бойы жасаған жұмыстары бойынша есебі

Мамыр

Жас мамандар

16

Атқарылған жұмыс туралы тәлімгерлердің есебі

Мамыр


Тәлімгер ұстаздар

Жетекшісі: Н.Т.Утегенова



Казталовка орта жалпы білім беретін мектебі



Дайындаған: жетекшісі

Өтегенова Набия Төлегенқызы

2015-2016 оқу жылы



2014-2015 оқу жылында «Жас маман» жас мамандар мектебімен жүргізілген жұмысына талдама
2014-2015 оқу жылының басында жас мамандар мектебінің жұмыс жоспары құрылып, соған сай отырыстар оздырылды. Жыл басында тәлімгерлері сайланып, жоспарлары бекітілді.

Оқу жылының басындағы алғашқы отырыста танысу мақсатында түрлі тренинг жаттығулар өткізіліп, журнал толтыру, сабақ жоспарын дайындату, сабаққа қатысу дәптерлерін жүргізу туралы нұсқаулықтармен таныстырылып, сабақ жоспарының үлгісі ұсынылды.

Одан кейінгі отырыста «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбында семинар-кеңес оздырылып, сабақта қолдануға болатын технологиялар көрсетілді.

Келесі отырысымыз көрнекі құралдар қолдану жөнінде, білім берудің озық технологиялары сөз болып, таныстырылды. Шығармашылық топ өкілдері арнайы семинар өткізіп, жас мамандарға көмек берілді.

Тағы бір отырысымыз портфолио жинақтау жұмысына арналып, қолдарына портфолио жинақтаудың жаднамасы ұсынылды. Және үлгі ретінде озат тәжірибелі ұстаздарымыздың портфолиолары қаралды.

Аудандық өткен «Мамандығым мақтанышым!» жас мамандар сайысына мектебіміздің информатика пәнінің жас ұстазы Алибекова Айжан қатысып, қатысушы сертификатына иеленді.

Жас мамандар апталығы оздырылып, тәлімгерлері және басқа да ұстаздарымыз сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек көрсетілді.

Мектепішілік жас мамандардың «Жас маман-2015» байқауы оздырылып, ашық сабақтары, тәрбие сағаттары, ата-аналармен жұмысы, тәрбие папкалары қаралып, бағаланды. Жас мамандарымыздың педагогикалық жағдаяттардан шығу шеберліктері де байқалып, олар өздері де өнерден құралақан еместігін көрсете білді.

Жыл соңында «Мен маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім» тақырыбы талқыланып, жас мамандарымыз ойларын ортаға салды.

Мамыр айында жас мамандар мен тәлімгерлерінің есебі тыңдалып, атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті.

Алдағы оқу жылының мақсат-міндеттері қабылданып, жаңа жоспар талқыланды.


2015-2016 оқу жылында «Жас жалын» жас мамандар мектебімен жүргізілген жұмысына талдама

2015-2016 оқу жылының басында жас мамандар мектебінің жұмыс жоспары құрылып, соған сай отырыстар оздырылды. Жыл басында тәлімгерлері сайланып, жоспарлары бекітілді.

«Жас жалын» мектебіміздің қатары биыл да 3 жас маманмен толықты. Олар: бастауыш сынып мұғалімі Шерниязова А, география пәнінің мұғалімі Қабошев А және саз пәнінің мұғалімі Жумин Н. Бұл жас ұстаздарымызға да тәлімгерлері тағайындалып, жұмыс жоспарлары бекітілді.

І тоқсанда Шерниязова А, Қабошев Б, Өтегенов А, Ибатов М, Кенжебаев М, Ерденова Д сынды жас мұғалімдердің сабақтарына қатысып, сабақтарын талдадым. Сабақ талдау барысында ұсыныстарым мен ақыл-кеңестерімді бердім.

Және «Жас келсе, іске!», «Жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігін арттыру» тақырыптарында басқосуларымыз өтіп, онда түрлі тренинг-жаттығулар өткізіліп, журнал толтыру, сабақ жоспарын дайындату, сабаққа қатысу дәптерлерін жүргізу туралы нұсқаулықтармен таныстырылып, сабақ жоспарының үлгісі ұсынылды.

Сонымен қатар «Ойлау мен жазуды сыни тұрғыдан дамыту» тақырыбында семинар-кеңес оздырылып, сабақты түрлендіріп өткізуде қолдануға болатын тиімді СТО технологиялары көрсетілді.



Жас ұстаздар білмегендерін сұрап, өздерін толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде ойларын ортағы салды.

«Жас жалын» жас мамандар мектебінің жетекшісі: Н.Т.Өтегенова.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет