Үкіметтік емес секторды дамыту. Азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты нығайту бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.
Әділет министрлігіне қарасты жергілікті органдарының мәліметтері бойынша облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың саны 624, оның ішінде 200-і белсенді жұмыс жүргізуде.
2014 жылы облыстық деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс желілері бойынша 33 үкіметтік емес бірлестік (ҮЕБ) жалпы сомасы 59,2 млн.теңгеге әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асырады (2011 жыл – 58 ҮЕБ, 2012 жыл – 48 ҮЕБ, 2013 жыл – 35 ҮЕБ). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көпсалалық ҮЕҰ Ресурстық орталығы және конструктивтік түрде облыстық Азаматтық Альянс өз қызметтерін атқаруда.